Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать
☆

Емтихандық билет 7

1.Күздік дәнді дақылдарының маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Күздік дәнді дақылдарды тағамдық, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді. Солтүстік Қазақстанда пішенге өсіреді.Морфологиялық ерекшеліктері.Тамыр жүйесі - шашақты, жақсы дамыған 1,5 м тереңдікке дейін бойлайды.Сабағы - қуысты сабан, жалаңаш немесе түкті болады, 5-6 түйін аралығы бар биіктігі 1,5-2 м дейін.Жапырақтары сызық жолды, бидайға қарағанда кең.Гүл шоғыры - масақ, масақшалары қос гүлді өсімдіктері айқас тозаңданады.Жемісі - дән. 1000 дәнінің массасы 18-35 г. Масақ сынып қалмайды, ақ, сары, немесе күңгірт сары, жартылай ашық немесе ашық орналасқан дәннің түсі сары және қоңыр.Биологиялық ерекшеліктері.Күздік қара бидайдың тұқымы 1-20C өне бастайды. Өніп-өсудің ең қолайлы температурасы 20-250C max 300. Астық дақылдардың ішіндегі қысқа ең төзімді өсімдік. Қар мүлде жоқ болғанның өзінде өсімдік -250C дейін аязды көтереді, ал қар қабатының астында (20-30 см) -50-550 дейін шыдайды. Алайда өсімдіктің аязға төзімділігі күзгі шынығуға байланысты. Белсенді температуралар жиынтығы: ерте пісетіндерде 1000-1700, орта мерзімде пісетіндерде 1200-1800, кеш пісетіндерде 1300-1850. Жақсы дамыған тамыр жүйесі мен күзгі және көктем кезіндегі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде құрғақшылыққа төзімді өсімдік қатарына жатады. Түптену кезіндегі ылғалды пайдалану 3есе жоғары. Түптену кезіндегі судың жетіспеушілігі қыстық бидайдың қысқа дейін түптенуге мүмкіндік бермей, өнімділіктің төмендеуне әкеледі. Т.к. – 340-420. «Қиын-қыстау» кезеңі түтіктену-масақтану. Тұқым өнуіне 60% ылғал құрғақ тұқым массасына керек. Дәннің дәнденуі кезіндегі судың жетіспеушілігі бір дәннің жетіліп, екінші дәннің жетілмеуін тудырады. Бидай және басқа дақылдарға қарағанда топыраққа талғамы төмендеу.Әлсіз саздақ пен құмдақ топырақтарда, борпылдақ құмды топырақтар да өсіруге болады. Фосфорды бүкіл вегетация кезеңі бойында бірқалыпты қолданады. Бірақ өсімдік күшті сілтілі топырақтарды нашар көтереді. 1ц дән түзу үшін N-3кг, P-1,5кг, K-2,5кг қажет етеді. Қиын қыстау кезеңі түптену мен түтікке шығу фазаларына сәйкес келеді, күз бен ерте көктемдегі қоректік заттардың 60% қажет етеді. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы 270-350 күн. Негізінен күзде түптенеді. Күзгі өсіп-өнуінің сонында жалпы түптенуі бір өсімдікте 4-6 сабақ құрайды. Масақтануға күздік бидайға қарағанда ерте кіріседі, бірақ 10-15 күн кеш гүлдейді. Гүлденуі 10-15 күнге созылады. Күздік бидайдан 8-10 күн, ал жаздық бидайдан 13-16 күн бұрын піседі. Сорттары: Шолпан, Саратовская 5, Хар-78 қысқа төзімділік, тез піскіштік.

2.Ауыспалы егіс және олардың құрастырушы элементтері

Ауыспалы егіс дегеніміз – ауылшаруашылық дақылдары мен бос танаптарын уақыт және территория бойынша ғылыми негізде кезектестіріп отыру. Ауыспалы егістерді құрастырған кезде өрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек. Ауыспалы егістердін төсімін құрғанда мына қағидаларды ұстану қажет:

1.Ауданның үлкен бөлігін негізгі дақылдарға бөлу керек.

  1. Құнды дақылдарды, сондай-ақ топырақ құнарлығына, арамшөптердін жоқтылығына және тіршілік факторларына, басқа да жағдайларға талабы жоғары дақылдарды ең жақсы дақылдан кейін орналастыру керек. Олар өз кезегімен келесі дақыл үшін жақсы алғы дақыл болғаны жөн.

  2. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек.

  3. Топырақты өте тереңге күшті құрғататын дақылдардың (күнбағыс, қант қызылшасы, судан шөбі қайталана егілуіне, көп жылдық шөптерден кейін қүнбағыстың орналасуына жол бермеу керек.

  4. Дәнді бұршақ дакылдарын қайталап өсіру тиімсіз, өйткені олардан кейін бірінші жылы топырақта жиналған азотты, осы элементке қажеттілігі жоғары дақылдар оны пайдалана алмайды.

6. Сүрі жерге отамалы және дәнді бұршақ дақылдарын орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс артықшылығын басқа дақылдар пайдаланбайды.

7. Нашар алғы егістен кейін танаптарды сүрі жерге қалдыру керек.

8. Суландырылатын және жауын-шашын жеткілікті жерлерде көп жылдық шөптерді бірінші жылы күздік немесе жаздық астық дақылдарының немесе бір жылдық шөптердің жамылғыларының астында өсірген тиіші.

9. Астық (арпа, сұлы, жұмсақ бидай) және жармалық мәдени дақылдадың қайталама егістері болуы мүмкін.

10. Ең жақсы алғы егістердің соңғы әсерін барынша толығымен кажет; мысалы, сүрі жерден кейін жаздық қайталама егістерін егуге болады.

11.Арамшөптерді азайтатын дақылдарды арамшөгптерге сезімтал дақылдармен кезектестіріл орналастырады.

12.Зиянкестері мен аурулары ұқсас және арнаулы арамшөптері бар дақылдардың қайталама егісіне жол беруге болмайды.

13.Далалық және құрғақ далалық аймақтарда эрозия қауіптілігін төмендету үшін мамандырылған ауыспалы егістерде отамалы дақылдарды қайталап егу тиімді емес.

14. Ауыспалы егісте күзде-қыста және жазда болатын жауың-шашынды тиімді пайдалана алатын дақылдардын кезектесуің үйлестіру керек.

15.Өсу-даму кезеңдерінің ұзақтығы әр түрлі дақылдарды кезектестіру керек.