Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

27-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ө Қанахин Туған жер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) білімдік: Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды ашу ә) дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту б) тәрбиелік:Өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу Типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап Пәнаралық байланысы: бейнелеу, дүниетану Көрнекілігі: Қазақстанның, Ақтөбе облысының карталары, Ойыл ауданының, Қараой ауылының бейнелері, интерактивті тақта

Психологиялық ахуал

Бүгінгі сабақ тым қызық. Ойлан, ойлан және ойлан, Сабақтардан сыр не ұқтық?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. “Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай...” Үзінді қай өлеңнен алынған? 2. ІІ тараудағы тақырыбы “Рахмет” сөзінің синонимі болған мәтінді ата 3. Биыл жазда ту ұстап Еттім ғой, - деп, мол еңбек. Дала жатыр тыныстап, Сәл демалып алам деп. Осы өлең жолдарының авторы кім? 4. Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген? 5. “Анна апайдың бақшасы” әңгімесінде Жеңіс неге ұялды?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

ІІІ.Жаңа сабақ.Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосын әңгімелеу. ІҮ.Өтебай Қанахин кім? Ү.»Сөздің сырын ұғайық.....» Киелі – ерекше қасиеті бар Ризық - бұйырған нәсіп, ырыс Маңғаз - кербез, паң, тәкаппар аспанмен таласқан, биік Зеңгір - аспанмен таласқан, биік ҮІ.Бала шығармашылығы –болашақ негізі. І топ - «Туған жер» туралы мақал жазу ІІ топ -«Уа туған жер, топырағыңнан жаралдым» өлеңдер оқу ІІІ топ - «Ата қоныс – туған жер» сурет салу

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

ҮІІ Тестпен жұмыс • 1. Туған жердің нәрі не: • а) гүл ә) көл б) шөп • 2. Туған жердің ризығы не: • а) балық ә) гүл б) топырақ • 3. Туған жердің көркі не: • а) тас ә) аққу б) қала • 4. Туған жермен мәндес сөз: • а) астана ә) атамекен б) тоғай

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

28-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М.Мақатаев Үш бақытым

Мақсаты

Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау. Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен жұмыс, ақынның портреті, буклеттер т. б. Сабақтың ұстанымы: «Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады.»

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

«Қалауым, күтерім, тілегім» тренингі. Бүгін сабақтан не қалаймыз, не күтеміз және бір-бірімізге не тілейміз. Жақсы тілек тілеп, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.  - Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы. Мұғалім: - Қазақстан – біздің Отанымыз. Отанымыздың жері ұланы – байтақ. Біздің Отанымыз күннен-күнге көркейіп келеді. Біз Отанымызбен мақтана аламыз. Олай болса, экранға назар аударып еліміздің көрікті жерлерін тамашалайық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзі: Қазақтың белгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов «Қазақ деген ел- бостандықты, азаттықты, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық» деген екен. Олай болса, біз осындай елде өмір сүруге тиістіміз.

Қызығушылықты ояту

Бүгін, біз осындай Отанын, елін, халқын, тілін жырлаған ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. - Үйге мен қосымша М.Мақатаев туралы оны өмірі, өлеңдері туралы тапсырма берген болатынмын. - М.Мақатаев кім? - Оның қандай өлеңдерін жатқа білеміз.  Сөз шебері  Жыр тұлпары Жыр дүлдүл Дарынды тұлға Ақиық ақын Бүгін біз ақынның «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. - Балалар, сендер бақыт дегенді қалай түсінесіндер? Үнтаспадан «Үш бақытым» өлеңі тыңдалады. Міне, ақын өзінің үш бақытын асқақ сезіммен, мақтанышпен жырлады. Бірінші орынға неге халқын қойды? Екінші орынға тілін, үшінші орынға Отанын қойды? 1. Мәнерлеп оқыту. 2. Тізбектей оқыту. ІІІ. Дәптермен жұмыс. Сендер үшін бақыт нешеу? Ең бірінші бақытым - .... Одан кейінгі бақытым- ..... Бақыттардың бақыты - ....

Мағынаны тану

Сергіту сәті

- Көздеріңді жұмып, менің айтқанымды іштей қайталаңдар.  Мен бақытты боламын.  Жан дүниемде күннің нұры. Жылуым мол бойымда. Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.  - Міне, осындай жылумен сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Ой толғаныс

Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық 1. Авторы: М: Мақатаев. 2. Тақырыбы: «Үш бақытым.» 3. Жаныр түрі: Өлең. 4. Шумақ: 3 5. Тармақ: 12 6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер: 1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен. 2-шумақ: Қасиетті тіл. 3-шумақ: « Отан оттан да ыстық.» Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады. Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.

1. Топтық тапсырма: І топ ІІ топ ІІІ топ 2. Поэзия минуты. Ойын «Жалғасын тап». Қыран құстай ... (самғаймын) Туған жер қамын .... (ойлаймын) Өскеде ер жетіп .... (жетіп) Отанымды .... (қорғаймын)

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады