Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

16-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ата дәстүрі

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Шілдедей шуақ күні бар,

Бұлбұлдайын үні бар. Көк шалғыны құлпырған, Масатыдай түрі бар. Қызықтырған адамды, Неше түрлі гүлі бар. (Мамыр айы) Бір ұяда жеті жұмыртқа.

(Апта) Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Мезгілімен ашылып және жаппақ. Болғанда бірі қара, екіншісі - Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ. (Күн, түн)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Қосымша тапсырма.

Салт дәстүрлердің мазмұны мен айырмашылықтары:  Байғазы- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.  Көрімдік -жаңа туған балаға, жас келінге, күйеу балаға береді. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, адамның ниетін, адамгершілігін, ашыққолдығын танытады. Айырмашылығы: көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы- жансыз дүниеге қатысты.  Бастаңғы- ата-анасы, үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, бас қосады.  Қызойнақ- әке-шешелері жоқ кезде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын-сауық ұйымдастырады. Оған жасырын түрде жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия және оны жасаушылар тек қыздар болғандықтан осылай аталады. Айырмашылығы: Бастаңғы-ашық, қызойнақ-құпия түрде өтеді.  Ерулік -жаңа көшіп келушілерге көршілері ас пісіріп, табақ тартады. Бұл оларды өз ортасына тартудың, сыйласудың белгісі.  Тәбәрік- ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалықтан кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараңдық, дәстүр сыйламағандық боп саналады.  «Біз шаншар» - Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.  “Ұйқыашар” - Мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз- келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз - жігіттердің бір – біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.  «Селт еткізер» «Ұйқыашар» дайындап, өздеріне құрмет көрсетіп, қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткенге жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады. 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ел аузынан  Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап жүгіріп бара жатады. Қара жолда Төле бимен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:  - Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.  - Баланың бесігі – кең дүниенің есігі! Ата-бабамыздың салты ғой,-депті сонда ақылгөй Төле би. 

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады