Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

17-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Б.Үсенбаев Менің туым

Мақсаты

Білімдік: Өлеңді мәнерлеп оқуға; оқығанын жүйелі баяндай білуге қалыптастыру, өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын түсіндіру арқылы оқушыларды ел рәміздерін құрметтей білуге үйрету. Дамытушылық: Сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы ойын еркін айтуға, қиялын, арманын іске асыруға жетелеу. Тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, ел рәміздеріне құрметке тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа білім беру. Сабақ түрі: Саяхат сабақ Сабақтың өткізудің әдіс - тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Сен білесің бе?» - Тәуелсіздігімізді қашан алдық? - Желтоқсан көтерілісіне қатысқан кімдерді білесіңдер? - М. Шаханов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? - 1986 жылы қандай оқиға болды? - Желтоқсан көтерілісіне арнап М. Шаханов қандай кітап жазды? - Желтоқсан көтерілісі бізге не әкелді? - Рәміздер күні қай күн? Қай жылы қабылданды?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мағынаны тану. а) Ел рәміздерінің, авторларының суреттерін көрсету. 3 - слайд Авторы – (суретші Ш. Ниязбеков) Күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қ - ң барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді. Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі. Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Ту – тік бұрышты, 2х1 ҚР – ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде қала алаңдарында ілінеді. Спорттық жарыстарда, халықаралық іс – шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі. 3. Оқулықпен жұмыс. ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. 4. Жаңа сөздермен жұмыс. в) Шоқтығым, таңдай қаққан, шартарап, сыңармын, тыныштықтың деміндей деген жолдардың мағынасын түсіндіру. «Алматы» Алматы қаласының көріністері. 4 - слайд. 1929 - 1997 жылдар аралығында астана болды. Алматы - мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Медеу спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100 - ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады. 5. Өлеңге талдау жасау г) Өлең сендерді қандай сезімге бөледі? - Қазақстан туын сипаттап бер. - Өлең мазмұнына сай қандай сурет салуға болады? 6. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, теріп оқыту.

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдындағы қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би. Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символы. Астана қаласының символы - Бәйтерек ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. 1 - топ. Өлең жолдарын жалғастыру: ................ күлімдеп, (Күн шықты) ................ әлемге. (Шуағын шашып) ................ гүлденді, (Қазақ елі ) ................ бар елге. (Танылды енді ) 2 - топ. Өлең мазмұнына сай сурет салу. 3 - топ. Отан, ел, жер туралы мақалдар айту

Өлең атауы. Авторы. Не туралы? Ту белгілері қандай? Не үйреніп, не білдік?

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап алыңдар

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады