Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

22-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қ.Толыбаев. Самал

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

1. Жаңа сабақты меңгереді.

2. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Егер «С»-дан бастасаң,

Бір баласы қазақтың.

С-ны алып тастасаң,

Ең тәуірі ол, тамақтың.

(Сайран-айран)

***

«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«К»-дан бастасаң,

Құсқа айнала қалады.

(Жаз-қаз)

***

«К»-дан егер бастасаң

Түндей қара бір түспін.

«Ш»-дан егер бастасаң

Ернеуі кең ыдыспын

(Қара-шара)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

Сөздік жұмысы.

Сөздік жұмысы.

Желдің түрлерін анықтау.

Желдің түрлері

А уызекі тілде самал жел, қоңыр жел, майда жел деген сияқты түрлерін қолданғанымыз болмаса, желдің түрлерін біле бермейміз ғой. Желдің төмендегідей түрлерін біле жүрген артық болмас:

Маусымдық түрлеріне қарай:

Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;

Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;

Қара жел – күзде соғатын суық жел;

Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;

Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;

Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;

Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;

Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;

Үскірік жел – суық жел;

Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;

Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;

Сипатына қарай:

Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Бір ұяда жеті жұмыртқа.

(Апта) Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Мезгілімен ашылып және жаппақ. Болғанда бірі қара, екіншісі - Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ. (Күн, түн)

Алдымен қара тұлпар озық келер, Арғымақ мойнын созып кейін келер, Соңынан боз арғымақ басып озып, Айналып бірін-бірі жүре берер. (Түн, таң, күн) Баяғыда болыпты екі патша,

Бірі қуып бара жатса, бірі қашса, Артында он екіден баласы бар, Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса. (Күн мен ай, он екі ай) Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,

Мұнша үйректі санап алу елдің салты. Күніне бір үйрегім жоғалады, Айтшы сен сол үйректі кім алады? (Күнтізбе)

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады