Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

5-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін естеріне түсіреді. Ой белсенділігін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Жер-қазына,су-алтын» деген мақалдың мағынасын түсіндір.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Семантикалық картаны толтырыдар.

Көлдер

Қай аймақта?

Сен тұрған жерден алыс па? Жақын ба?

Алакөл

Балқаш

Шалқар

Бурабай

Өзің туған жеріңді мақтаныш сезіммен сипаттап,жаз.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

1-топ

Туған жер туралы мақал-мәтелдер жаз

2-топ

Қазақтсанның өзен-көлдері туралы жаз

Үйге тапсырма

Тест тапсырмаларын құрастыру

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

6-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қобыланды батыр

Мақсаты

а) Білімділігі: Батырлар жыры туралы мәлімет беріп, жырдан үзіндіні таныстыру. Жырдағы батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін түсіндіру.

ә) Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін, қиялын жыр кітаптар, суреттер арқылы, тірек кесте толтыру. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсініп, дамыту;

б) Дамытушылығы: Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері, жырлар жинағы, мақал – мәтел

Сабақтың әдісі:  жинақтау.

Сабақтың түрі: Аралас

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің «Батырлар жыры» туралы түсіндірмесі.

  2. «Қобыланды батыр» жырынан үзіндімен таныстыру

  3. Талдау

-          Жыр батырлар туралы екенін қалай білдің?

-          «Арыстан туған Қобыланды» деген жолдан нені аңғардың?

-          Қобыланды не мақсатпен жорыққа аттанды?

-          Дұшпанның елге жасаған қиянатын қай жолдардан байқадың?

Мағынаны тану

Сергіту сәті

  «Күн» жаттыгуы (жүрелеп отырады) «есте сақтауын  дамыту»

Міне, күн де  шықты----тұрады

Жогары - жогары - жогары----қолдарын  жогары  созады

Батып  барады  күн  енді----қолдарын  түсіреді

Төмен – төмен - төмен.(Бір  орында  тұрып  жүреді)

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс

      Қобыланды батырға мінездеме бер.

 Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Батырлардың киімдерінің және қару – жарақтарының аттарын атап жаз.

Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ.

Танымдық тапсырма.

1. Қобыланды Алшағырды жекпе – жекпе не үшін шақырды деп ойлайсың? 

2. «Қарыңа сүңгі іле шық» дегенді қалай түсіндіру?

3. Алшағыр ұрысқа қалай дайындалды?

Бекіту.                       

а) Жырдағы батырлардың ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін суреттейтін тұсты тауып оқы.

ә) Сөздікпен жұмыс. Мағынаны тану.

Б) Мәнерлеп оқу.

Үйге тапсырма

Батырларды ата.  Ерлік туралы мақал – мәтелдер оқы.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады