Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

1-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М.Зверев Қысқы балапандар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қысқы балапандар мәтінін оқыту. Ой белсенділігін,сауаттылығын дамыту. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіруге арналған тапсырмаларды орындату.

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

-сен балапандарды жақсы көресің бе?

-Не үшін жақсы көресің?

Сурет бойынша әңгімелесу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы мәтінді оқу.

Түсінгенін сұрау.

Сөздік жұмысы.

Өзеуреу-сабырсыздану.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Зверев Максим Дмитриевич(29.11.1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қ. – 1996, Қазақстан, Алматы) – Қазақстанның халық жазушысы. Томск университетінбітірген (1923). 1923 – 37 жылы Сібір өсімдік қорғау ғылsvb-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған. 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 – 52 жылы Алматы зоопаркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ-де доцент қызметтерін атқарды. 1952 жылдан ғұмырының соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысты. Алғашқы повесі – “Ақ марал” 1920 жылы жарық көрген. Повестер, әңгімелер, ертегілер, очерктер жинақтары: “Індер мен ұяларда” (1937), “Ормандағы кездесулер” (1938), “Алатау қорықтары” (1946), “Ертіс тоғайлары мен далаларында” (1950), “Орман алауы жанында” (1952; Қазақстанның Мемл. сыйл., 1953), “Алтын киік” (1957), “Көкпектінің аңшысы” (1963), “Дала қасқыры” (1975; Германияның “Бестлитсе” сыйл., 1976), “Орманда ауа райын болжау” (1987), “Орман күзетінде” (1987), т.б. атпен жарық көрді. Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатына тікелей байланысты, оқырмандарды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, туған табиғатты қорғап аялаушы ғалымдар, орманшылар, т.б. тұрмысы, мақсат-мүддесі туралы мол мағлұмат береді. Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы”, 2 рет “Құрмет Белгісі” ордендерімен,, бірнеше медальдермен марапатталған.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады