Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

8-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж. Кенжалиев. Құралай

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қалай бөлесің?

Үш алма сал табаққа,

Біреуін бер Талапқа,

Біреуін бер Таңатқа,

Біреуін бер Қанатқа,

Бірі қалсын табақта.

Ұшқыр болса қиялың,

Орындайсың заматта.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

1-топ

Автор туралы түсінік

2-топ

Мәтін мазмұнымен таныстыру

3-топ

Сұрақтарға жауап беру

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Қосымша

Киік – киелі жануар

Оны Ақбөкен деп те атайды Бала кезімізде, өзен – тоғайлы ауылда тұрғанымызда қыр басынан, суат қасынан бота көзді, қайқы мүйізді, сарғыш түсті киіктерді көктемнен күзге дейін жиі көретінбіз. Маңырап суатқа құлағанында киік отарының қатты тұяқтарынан аспанға шаң көтеріліп, мүлгіген дала төсі ұйқысынан оянғандай қайнаған тіршіліктің ортасына айналатын-ды. Қазақтың қаймағы бұзылмаған сол заманында жаздың ортасы мен күзде ғана кейбір аңсақ кісілер киіктерді аулап, олжалаған киік текелерін ауылға әкеліп, адамдарға бөліп беретін де, ел – жұрт киіктің дәмді етінен пісірілген қуырдаққа бір тоятын. Содан кейін халық өз шаруашылығымен айналысып, түз тағысының мазасын алмайтын еді. Кейін қытай, тибет медицинасында құнды дәрі жасау үшін аса бағалы шикізат – мүйізі мен тұяғы үшін киіктерді автокөлік, вертолетпен аулап, жаппай қыру басталды. Ел азды, жер тозды, қазақ ауылдарының бірінен соң бірі құрып, ата – бабаларымыздың бейіті де айдалада қараусыз қалды...

Киік – қандай аң?

Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады. Әйтпесе, қай аймақта да киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы болады. Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады. Өйткені, мамыр айының алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап болып, балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» - табиғат – ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Киіктер көбінесе егізден, кейде 3 лақтан туады.

Киіктердің саны қанша?

Ресми деректер бойынша 1960 жылдары елімізде киіктердің (ақбөкендердің) саны 1 миллион 300 мыңнан асыпты. Алайда мүйізі мен тұяғы үшін қырып – жоюдың, 1988 жылы Торғай өңірінде 500 мың киіктің қырылып қалуының салдарынан 2003 жылы еліміздегі киіктердің саны күрт азайып, олардың 21 мыңдайы ғана сақталып қалды.

Үйге тапсырма

Мазмұндау Киік туралы материалдар жинақтау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады