Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

5-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Сіз», «біз» деген-жылы сөз Ө.Тұрманжанов

Мақсаты

а\Білімділігі:Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқуға,мазмұнын

әңгімелей алуға үйрету,сыйластықтын адам өміріндегі

маңызы туралы айту.

ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,қасындағыларға

жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге

тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту. Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.

Пән аралық байланыс:дүниетану,салауаттану.

Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.

Түрі:аралас сабақ.

Көрнекілігі:Ө.Тұрманжановтың суреті, нақыл сөздер.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1.Өлеңді оқып беру.

2. Іштей оқыту.

3.Сұрақ қою арқылы мазмынын талдау.

а\Өлеңде не туралы айтылған?

ә\Ө.Тұрманжанов жастарға қандай өсиет айтқан?Өлеңнен тауып өқы.

б\Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?

в\Кімдерге жанашырлық сезімдерінді білдіресің?

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Саусақ ойындары «ҚАЙЫҚ»

Екі алақаныңыз қабырғаға қойылған және қосылған «ожау сияқты», үлкен саусақтарым алақанымда қысылған.Кішкентай қайық өзенде жүзіп келеді,қайық балаларды серуенге апарады.

Ой толғаныс

1.Нақыл сөздер

 Аз жақсылық жасағанға да көп рақмет айту – парыз.       (Ж.Баласағұн)

Адамға – адам, сөзге – сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.   

                                                                                             (Ғ. Мүсірепов)

Мағынасын түсіндір.

Үйге тапсырма

Сөйлеу мәдениеті туралы оқу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

6-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Д.Қасенов Өзін-өзі жеңген бала

Мақсаты

1.       Оқушыларға  мәтіннің  талдай отырып, ата-ана  мен бала  қарым- қатынасы жайлы мағлұмат  беру, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2.       Мәтінді  бөлімдер  бойынша  әңгімелету, көркем шығармаларды  оқуға  қызушылығын дамыту.

3.       Мәтін жайлы түсінігін кеңейту  мақсатында  пікір  алмастыру   және   сөйлеу  шеберлігін, ойлау  қабілетін, тіл  байлығын   молайту.

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  СТО, түсіндіру, әңгімелеу, кубизм, эссе.

Көрнекілігі: оқулық, мазмұнды  суреттер.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Үлкенге   де  сіз,

Кішіге   де   сіз.

Сәлем  бердік  сіздерге

Құрметпенен  біз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

-          Сіз, біз  деген  жылы  сөз  демекші сыпайы  сөздерді  айтып  көрейікші (доп лақтыру  арқылы)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс  Мағынаны  ашу

  -Мәтіннің авторымен таныстыру.

  Дәулет Қасенов ( 1937-1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында  туды.1961 жылы  шыққан  жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп  көтерген азамат.

1.       Оқушыларды  топқа бөліп, абзац  бойынша  оқыту.

2.       Түсінгенін  сұрау.

3.       Мәтіннің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.

ІҮ.  Сөздік  жұмыс

  Жабыраңқы - ренішті, көңілсіз

  Мақтаншақ - мақтағанды тәуір көретін, мақтана  беретін бөспе.

         Топпен  жұмыс

1.       Ассоциация  құру  ( Мәтінге  жоспар құру )

2.       Талдау                   ( Арман  қандай  бала )

3.       Дәлелдеу                ( Арман  орынсыз  мақтанғанына   өкінді  ме ?)

4.       Егер   мен ( Арманның орнында  болсам  не істер едім)

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ақша  бұлттар  аспанда ( Қолдарын  жайқалтады)

Жерімді жайнап құлпыртсын ( Жерді көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге, ( Күнді көрсетеді )

 Көкте мәңгі  күн тұрсын.( Күнді   көрсетеді )

Ой толғаныс

« Мен  мақтаныш  етемін» деген  тақырыпқа  эссе  жазамыз.

  Менің  досым  -адал, сенімді, әзілқой, тәртіпті.Мен досымды мақтаныш  етемін.

 Менің ұстазымның сөзі маржан,білімді. Ұстазымның бар болғанын мақтаныш етемін. Бізді әдептілікке,сыпыйылыққа тәрбиелейді.

 Адам бойындағы  жақсы- жаман қасиеттер туралы жазып шығайық..

Ойын. Мақсаты:Оқушының мінезін айтып шығу. Дильназ- салмақты, жай сөйлейді.Тапсырмаларды  тиянақты  орындайды.

 Абайдың  нақыл сөзімен қорытындылау.

      Әдептілік, ар-ұят-

      Адамдықтың  белгісі.

      Тұрпайы  мінез тағы жат-

      Надақтың белгісі.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады