Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Оқу ісінің меңгерушісі:

9-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:19.01.2016 ж.

Сабақтың атауы

А.Байтұрсынұлы Маймыл мен көзілдірік

Мақсаты

Білімділік мақсаты: А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру, мысал өлеңімен танысу, көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету . Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу Тәрбиелік мақсаты: Мысал өлеңді талдай білуге төселдіру, түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, оқушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке баулу. Түрі: Шығармашылық - ізденіс сабақ Әдісі :ақпараттық-коммуникациялық технология, СТО, шығармашылық, ассоциация Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, бейнелеу өнері. Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, суреттер, интербелсенді тақта

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ахмет Байтұрсынов

«Топтастыру»

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

А хметтің туған жері Әділетсіз өмірдің бала жүрегін жаралауы Бойындағы ерекше қабілеті Білім алған жерлері Атқарған қызметі Әдебиетке қосқан жаңалығы Көрген азабы Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы Әділетсіз өмірдің ұлы зары бала жүрегін 13 - де жаралады. Табиғатынан дарынды, талантты, ойлы, қабілетті, өз бетімен ізденеді Ауыл мектебінен сауат ашады. Торғай қаласындағы орысша - қазақша училищеде оқыды. Орынборда мұғалім даярлайтын мектепте оқыды. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда мұғалім болды. «Қазақ» газетінің бас редакторы болды. 1913ж 2 - ақпанда Қазақ газетін ашады. Абайдың тарихи қызметі жайлы Қазақтың бас ақыны атты мақала жазды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

  • Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

«Мен кіммін?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтаймын. Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып,түсінгенін айту.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады