Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

1.4 Сенімділік көрсеткіштері

Автомобильдің сенімділігін бағалау үшін сандық көрсеткіштер қолданылады: жеке-дара және кешенді. Сенімділіктің жеке-дара көрсеткіші нысанның тек қана бір қасиетін сипаттайды (мысалы, тоқтаусыз жұмыс жасау), ал кешенді – ол екі немесе одан да көп негізгі құрамдас бөліктері (мысалы, тоқтаусыз жұмыс жасау және жөндеуге жарамдылық).

Сенімділік көрсеткіштері мемлекеттік және салалық стандарттар, сондай-ақ басқару құжаттары негізінде таңдалады және қалыптасады.

Сенімділік көрсеткіштері. Олар пайдаланудың, ТҚ, жөндеудің, сақтаудың және тасымалдаудың регламенттелген шарттары үшін теориялық (дәл) және статистикалық (жуық) теңдеулерімен бағаланады. Өндірістік факторлар мен пайдалану шарттары материалдарының сапасының шарасыз ауытқуы автомобильдің сенімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің түрлі көріністеріне әкеледі. Соның салдарынан тоқтаусыз жұмыс жасау көрсеткіштері жеткілікті ақпаратқа негізделген ықтималдық статистикалық шама ретінде қарастырылады.

Нысанның тоқтаусыз жұмыс жасау көрсеткіштері: тоқтаусыз жұмыс ықтималдығымен, істен шығуға дейінгі орташа атқарыммен, істен шығуға дейінгі гамма-пайыздық атқарыммен, істен шығудың қарқындылығымен, істен шығудың параметрлері бағаланады.

Тоқтаусыз жұмыс ықтималдығында тапсырылған атқарым шегіндегі нысанның істен шығуы болмайды. Сақтау және (немесе) тасымалдау режимдері үшін тоқтаусыз жұмыстың анықталатын көрсеткіштеріне үйлестіре қолдануға болады, мысалы, тоқтаусыз сақтау (тасымалдау) ықтималдығы және т.б.

Тоқтаусыз жұмыстың ықтималдылығының нақты сандық мәні тапсырылған атқарымға сәйкес қойылған, оның ішінде істен шығу болуы мүмкін кезде белгілі мағынаға ие болады. Тоқтаусыз жұмыстың ықтималдылығы тапсырылған атқарым есептелген уақыттан бастап нысан жұмысқа қабілетті болған деген болжамнан шығады.

0 бастап мен 1-ге дейінгі аралықтағы тоқтаусыз жұмыс төмендегідей анықталады:

P(l) = 1 – F(l), (1.2)

мұнда F (l) – істен шығуға дейінгі атқарымның бөлу функциясы.

«Тоқтаусыз жұмыс ықтималдылығы» түсінігінен басқа, бастапқы уақытта жұмысқа қабілетті бола тұра, жұмыстың тапсырылған уақыты ішінде нысан ең құрымағанда бір рет тоқтап қалады деген ықималдық ретінде «істен шығу ықтималдығы» түсінігін енгізуге болады.

0 бастап мен 1-ге дейінгі аралықтағы істен шығу ықтималдығы:

F(l) = 1 – P (l) (1.3)

тең.

Тоқтаусыз жұмыстың ықтималдық аралығы – осы жүріп өту жолындағы берілген аралықта ешбір істен шығу болмайды деген ықтималдық

Pu(l;l+L) = (1.4)

Істен шығуға дейінгі орташа атқарым – нысанның бірінші істен шығуға дейінгі атқарымының математикалық болжамы. Істен шығуға дейінгі орташа атқарымды мына формула бойынша анықтайды

, (1.5)

мұнда f (l) – істен шығуға дейінгі атқарымның бөлу тығыздығы;

F (l) – істен шығуға дейінгі атқарымның бөлу функциясы.

Істен шығуға дейінгі гамма-пайызды атқарымы – бұл нысанның істен шығу ықтималдығы  көрінбейтін, пайыздық мөлшермен суреттелген атқарым. Істен шығуға дейінгі гамма-пайызды атқарымның көрсеткіші төмендегі теңдеуден анықталады

, (1.6)

мұнда l – γ–істен шығуға дейінгі атқарым пайызы.

 = 100 % l болғанда, бекітілген тоқтаусық атқарым, ал  = 50 % - болғанда медиандық атқарым деп аталады.

Істен шығудың орташа атқарымы – осы атқарым ішіндегі істен шығудың күтілетін математикалық санының қалпына келу нысанының атқарымға қатынасы. «Істен шығудың орташа атқарымы» термині, жинақталған атқарым аралығында қарастырылатын бір істен шығуға келетін орташа қалпына келтірілетін нысанның атқарымын немесе пайдаланудың нақты ұзақтығын білдіреді

(1.7)

Істен шығудың қарқындылығы – қалпына келтірілмейтін нысанның істен шығу ықтималдығы болған кездегі шартты тығыздық, осы уақытқа дейін істен шығу болмаған жағдайында қарастырылатын уақыт кезеңі үшін анықталады. Істен шығу қарқындылығы  (I) формула бойынша анықталады:

(1.8)

Істен шығу қарқындылығы кез келген шаманы бөлу кезіндегі тығыздыққа жатпайды, өйткені бөлу тығыздығының қасиеттеріне ие бола алмайды:

(1.9)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]