Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік

техникасын диагностикалауды ұйымдастыру

Диагностикалауды шина қысымын тексеруден бастау қажет. Агрегаттарды тексеру жалпы техникалық жағдайды сипаттайтын параметрлерді анықтаудан басталады. Нормадан ауытқу байқалған жағдайда диагностикалау, ақаулықтар жойылғанға дейін, оқшаулау параметрлері бойынша жалғастырылады.

Агрегаттар, түйіндер мен жүйелер тексерісінің кезегі қолдағы құрал-жабдықтарға, диагноздың тереңдігі талаптарына және ақаудың сипатына байланысты болып табылады.

Диагностика элементтік диагностика бекеттерінде немесе станцияларында, сонымен бірге арнайы мамандырылған диагностикалау станцияларында (тежеуіштерді, фараларды, тұтқалық басқарманы және т.б. ғана үшін) жүзеге асырылады.

Бекеттер жақсы жарықтандырылған, ӨГ жою жүйесімен, көтергіштермен, сигнал жабдығымен, сығылған ауа мен су беру жүйесімен қамсыздандырылған болуы керек.

2.6.1 Диагностикалау түрлері. Автокөліктерді диагностикалау тағайындалуына, мазмұнына және еңбексыйымдылығына қарай өтініштік, өтінімдік жөндеулер мен реттеу жұмыстарына жолдамалық, жолдамалық ТҚК-1және ТО-2 бойынша жоспарлық болып бөлінеді. Жолдамалық ТҚК-1жоспарлы диагностикалау Д1 білдіреді, жолдамалық ТО-2 жоспарлы диагностикалау Д2 білдіреді. ТР бекеттерінде орындалатын диагностикалау операциялары Др білдіреді. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін түйіндер мен механизмдердің жұмысқабілеттілігін бағалауға негізделген, жол жүру жағдайында жылдам диагностикалауға арналған және әкімшілік полициясы мүшелерімен жүргізілетін техникалық тексеруге арналған жедел-диагностикалау түрі бар.

Өтінімдік диагностикалау жолдағы жұмыс барысында жүргізушімен жасалады, ал автокөліктің қайта оралуы кезінде паркте ТББ механигімен немесе лек механигімен жүзеге асырылады. Диагностикалаудың бұл түрі субъективті түрде немесе орнатылған диагностикалау құрылғылары арқылы, сонымен бірге ТББ кешеніне енетін диагностикалық құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Д1 және Д2 жоспарлық диагностикалау бойынша жетілген құралдарды пайдалану арқылы, қажеттілікке қарай өтінімдік диагностикалау жедел түрде анықталады. Ірі автокөліктік кәсіпорындарда (300 автокөліктен астам) ұсақ жөндеумен және реттеулермен біріктірілген өтінімдік диагностикалауды нақтылау үшін жөндеу аймағында арнайы мамандандырылған қосымша бекеттер жасалады. Бұл бекеттер диагностикалау стендтерімен және сәйкес аспаптармен жабдықталады.

Д1 диагностикалауы ТҚК-1операцияларын ақпараттық қамтамасыз етуге, және ең алдымен, автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер мен жүйелерді тексеруге арналған. Д1 тексерісін ТҚК-1алдында немесе қатарынан жүргізеді. Диагностикалаудың бұл түрі диагностикалаудың сыртқы құралдары (тежеуіш стенді, жүріс сипаттамалары мен қозғалмалы аспаптарды тексеру стенді) көмегімен жүзеге асырылады. Д1 тексерісі үрдісі барысында анықталған ақаулар, реттеуіш және жөндеу жұмыстары арқылы, егер олар 10 адам-мин аспаған жағдайда, дәл сол орында жойылады. Кері жағдайда, ТҚК-1тексерісінен кейін автокөлікті ТР аймағына жіберіледі. Өтінімдік диагностикалауды нақтылау үшін бірінші Д1тексерісі қолданылуы мүмкін.

Д2 диагностикалауы ТО-2 операцияларын қамтамасыз етуге, көлемі 30 адам×мин. артық ағымдағы жөндеуді қажет ететін автокөліктерді анықтау және сұрыптау үшін, сонымен бірге, жедел, өтінімдік диагностикалау үшін арналған.

Д2 тексерісі автокөлік ТО-2 тексерісіне жоспар бойынша келгенге дейін 1-2 күн бұрын өткізіледі, себебі жөндеу қажеттілігі анықталған жағдайда өндірісті әзірлеуге қажетті уақыт қорының болуы үшін. Диагностикалаудың бұл түрі өндірістің басқа аймақтарынан оқшауланған бөлімінде орналасқан стендтер мен аспаптар көмегімен жүзеге асырылады. Д2 диагностикалауына дайындық барысында және оны жүргізу барысында кішігірім еңбексыйымдылықты реттеу және жөндеу жұмыстарын орындау рұқсат етіледі. Қосымша бөлшектермен, материалдармен жақсы қамтамасыз ету және орталықтандырылған өндіріс жағдайында Д2 диагностикалауын автокөліктің жолдан қайтып, ТҚ-2 тексерісіне қояр алдында жүргізуге болады. АКК қуаты мен Д1 және Д2 диагностикалық жұмыстарының тағайындалуына қарай олар өзара біріктіріліп, АКК өндірістік тұрқының орталықтандырылған бөлімінде жүргізілуі мүмкін.

Диагностикалау технологиясы операциялар тиімді кезегінен, автомобильдерді ТҚК және АЖ операцияларымен байланысты жүргізу әдістері мен құралдарынан тұрады. Автокөлік механизмдері мен агрегаттарының конструкциясы мен сенімділігіне, сонымен бірге, оларға қызмет көрсету режимдері мен ұйымдастыруына байланысты ол диагностикалаудың осы түрін жүргізу ретін анықтайды.

Өтінімдік диагностикалаудың технологиялық үрдісі автокөліктің техникалық жағдайы туралы жүргізушімен айтылатын ақпаратты алу, анықтау және тіркеуге негізделген. Бұл ақпаратты жүргізуші қуаттың төмендеуі, отын шығынының артуы, түтіндену, тежеулі тиімділігі мен басқарушылықтың төмендеуі, жылу режимдерінің бұзылуы, шудың артуы және т.б. түрінде жолдағы автокөлік жұмысы барысында және орнатылған диагностикалау құралдары арқылы байқалатын ақауларды субъективті анықтау негізінде алады. Өтінімдік диагностикалау сәйкес қызметтік тұлғаларды тарту және ТБК кешеніне енетін диагностикалау техникаларын қолдану арқылы анықтамалық шараларынан өтеді. Алынған мәліметтер «ТБ және жөндеуді тіркеу парағына» енгізіледі. Диагноздың шынайылығы күмән тудырған жағдайда, автокөлік Д1 және Д2 диагностикалау құралдарын қолданумен жүзеге асырылатын, қосымша диагностикалауға жіберіледі. Ірі кәсіпорындарда өтінімдік диагностикалау ағымдағы жөндеу аймағында орналасқан арнайы бақылау бекеттерінде анықталады.

Д1 диагностикалаудың технологиялық үрдісі арнайы құралдармен және нормативтермен қамтамасыз етілетін тексеріс операциялары кешенінен тұрады. ТҚК-1 технологиялық үрдісіне сәйкес Д-1 үрдісі келесі операцияларды қамтиды: сигнал және жарықтандыру құралдарын диагностикалау, өтелген газдардың улылық және түтіндік деңгейі, басқару механизмдері мен тежеуіш жүйелерін тексеру, автокөліктің тежеуіш және жүру сипаттамаларын диагностикалау. Бұл операциялардың орындалуы автокөліктің тежеуіш және жүру сипаттамаларын тексеруге арналған стендтерімен, өтелген газдардың улылық және түтіндік деңгейін тексеру аспаптарымен, автокөліктің жарықтану және сигнал жабдықтарын тексеру аспаптарымен қамтамасыз етіледі. АКК қуатына, жылжымалы құрамның үлгісіне, АКК-да бар диагностикалық құралдар мен өндірістік аудандардың типіне қарай Д1 құралдары тікелей ТҚК-1 орындарында немесе жеке арнайы бөлімшеде орналасуы мүмкін.

Диагностикалық стендтердің тікелей ТҚК-1бекеттерінде орналастыру келесі жағдайларда ұсынылады: кіші немесе орта қуатты АКК немесе АКК филиалдарында; автопоездарды, автобустарды және арнайы ірі өлшемді автокөліктерді диагностикалау барысында; АКК қайта құру кезінде және өндірістік аудандарды диагностикалау бөлімшелері үшін пайдалану мүмкіндіктерінің шектеулілігі кезінде; автокөліктің тарту, тежеу және жүріс сипаттамаларын тексеруге арналған стендтерден тұратын АКК диагностикалық кешеннің бар болуы кезінде.

Диагностикалық құралдарды жеке, арнайы бөлімшеде орнату келесі жағдайларда тиімді: біртипті, кіші өлшемді жылжымалы құрамасы бар (мысалы, таксомоторлы комбинаттарда) ірі немесе орта АКК-да, жаңа құрастырылып жатқан АКК тұрқтарында; АКК қуатынан тәуелсіз, аралас стенд негізінде диагностикалық кешеннің болуы; бірыңғай (бір деңгейлі) ТБ барысында.

Диагностикалау құралдарын орналастыру әдісінен тәуелсіз, жылжымалы құрамның артық орын ауыстыруының алдын алу мақсатында оның технологиялық үрдісі кезекті диагностикалау операциясын дайындауға қажет және қорытынды бақылауды талап ететін операцияларды жүргізгеннен кейін, реттеу жұмыстарынан және ақауларды жою жұмыстарынан тұруы тиіс. Бұл операцияларды орындаудың еңбексыйымдылығы 10 адам×мин. аспауы тиіс.

ТҚ-2 технологиялық үрдісіне және типтік АЖ операцияларына сәйкес Д2 диагностикалауы келесілерден тұрады: жалпы автокөліктің пайдалану қасиеттерін бақылау, сонымен бірге, оның агрегаттары мен жүйелерінің техникалық жағдайларын тереңірек тексеру.

Д2 бөлімшесі ағындық-тартқыш вентиляциямен, жеткілікті жарықтандыру және ӨГ шығаруға арналған құралмен жабдықталған, оқшауланған ғимаратта орналасады. Бекеттер санына байланысты бүйірлі есігі бар тексеру орларымен жабдықталады. Ірі ААК-да терең диагностикалау қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету мақсатында өтінім бойынша арнайы бекеттер орнатылады. Арнайы бекеттерде автокөліктің тежеуіш жүйесінің механизмдері бойынша және оның басқармалық дөңгелектерін орнату механизмдері бойынша диагностикалық және реттеу жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл бекеттер мүмкіндігінше оқшау, ТР аймағына орналастырылады. Қызмет ету және жөндеу бекеттерінде диагностикалық және реттеу операцияларын ДР жөндеу бойынша жұмысшылар жүзеге асырады. Арнайы бекеттердегі диагностикалық жұмыстарды квалификацицияланған жұмысшылар мен оператор-диагнозшылар жүзеге асырады. Д1 және Д2 бекеттері технологиялық картамен қарастырылған диагностикалық құралдармен жабдықталады.

2.6.2 АКК ЖҚ диагностикалауын ұйымдастыру. ААК жылжымалы құрамның диагностикалауын ұйымдастыру технологиялық үрдістердің орындалу, ақпараттық қамтамасыз ету түріндегі құралдар мен жұмысшыларды пайдалану, жөндеу-реттеу жұмыстары, ТҚК және АЖ өндірісті әзірлеу мен жедел жоспарлау ретін анықтайды. Автокөліктерді диагностикалау ТБ және жөндеу жүйесінің элементі болып табылады. Ол әрбір жеке алынған көліктің техникалық жағдайы туралы жеке ақпараттымен бағытталған АКК-да ТБ және жөндеу үрдісін қамтамасыз етеді. 2.33 – суретте орта қуатты АКК технологиялық үрдісін ұйымдастырудың типтік формасы көрсетілген.

Автокөліктер АКК-ға немесе автокөліктер легі тұрағына келгеннен кейін жүргізуші жолдан келген автокөліктерді қабылдайтын механиктерге барлық байқалған ақаулар туралы айтады.

ТББ немесе автолек механиктері субъективті түрде және диагностикалық құралдардың көмегімен автокөліктің техникалық жағдайын анықтайды. ТББ диагностикалау нәтижелері бойынша ТБ және жөндеуді тіркеу парақшасы рәсімделеді. Ары қарай автокөлік диагнозын анықтау мақсатында, МЖБ жұмыстарынан кейін Д1 немесе Д2 бекетіне жібереді.

Ірі АКК-да автокөлік ақауларын арнайы ДР бекеттерінде анықтайды, жоспарлы қызмет көрсетуден өтпеген және оған жатпайтын жарамды автокөліктер сақтау аймағына жіберіледі, ал ТҚК-1 немесе ТО-2-ге жататындарды сәйкесінше Д1 немесе Д2 бекетіне жібереді. Диагностикадан кейін ТО-1, ТО-2 немесе ТР және қызмет көрсету мен жөндеуден кейін сақтау аймағына жібереді.

2.33-сурет – АКК диагностикасымен ТҚ және жөндеудің технологиялық үрдісін ұйымдастыру сұлбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]