Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы

2.7.1 Технологиялық үрдістердің ақпараттық қамтамасыз-дандыруының мағынасы. Ұшақ конструкторы А.Н. Туполев атап өткендей: «конструктор тақтасынан алыстаған сайын ақаулықтар анықталатын болса, ол қымбатқа түспек». Зерттеу кезеңінде қателікті жөндеу жобалау кезіндегіге қарағанда 10 есе, эксперименттік нұсқаны дайындағанда 100 есе және топтамалық шығару кезінде 1000 есе артық және одан да көп шығынды талап етеді. Сондықтан өнімнің сапасын қамтамасыз етудің заманауи сапаға жету бойынша негізгі әрекеттерді жасауды қарастырады және 75% осы бастапқы кезеңдерінде. Үлгілісі, өндірістік үрдістерді бақылауға америкалық мамандар 20% күшті және дайын өнімді қабылдауға 5% ғана жұмсайтындықтары; ал Жапонияда өнімді қабылдауға 1% ғана жұмсалады.

Тіпті әлемнің үлкен фирмалары да зертеулердегі қателіктерден және өндірілетін өнімнің мүмкін болатын жасырын ақаулықтарынан кеплідендірілмеген.

FDIV анықтау құрылғысының Pentium чипының қалқып жүретін үтірлі атақты қателігі 1994 жылдың қараша айында Intel фирмасына 500 млн. долларға дерлік түсті. «Ниссан» фирмасы 1989 жылдың қазан айынан 1994 жылдың наурыз айына дейін шығарылған 1,1 млн. өздерінің әр түрлі үлгілі көліктерін, өрт туғызуы мүмкін, ақаулы конденсаторларын ауыстыру үшін кері қайтарды. АП агенсттігі хабарлағандай бұл науқан компания үшін 57 млн. долларға тұрады.

«Toshiba» компаниясы сот айыбы бойынша, олар жеткізетін ДК-блокноттарда, NEC және Intel шығаратын, контроллерлі чиптердің құрылысы ақаулықты болып шыққаны үшін, 2,1 млрд. доллар төлеуге шешім қабылдады. Ақаулық уақыттың кез келген сәтінде ақпараттың бұзылуына алып келетіндігінде болды, тіпті тұтынушы дәл қай файлдың өзгеріске ұшырағандығын біле алмайды.

Технологиялық құрылғылардың техникалық мүмкіндіктері, олардың технологиялық операцияларға сәйкестігі жайлы ақпарат үлкен маңызға ие. Технологиялық құрылғылардың және үрдістердің, машина сапасының ең жақсы өлшемді-геометриялық сипаттамалары мен белгілері қамтамасыз етеді:

сапаның ең жақсы көрсеткіштеріне жету, шикізат, өнімдер, энергия шығындарын азайту, жаңаларын құрастырғанда еңбек өнімділігін арттыру және бар ТҚЕ технологиялық үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің жетілдірілуі;

жаңа техниканы еңгізу кезінде жұмыс жүргізу үшін еңбектік, материалды, энергетикалық ресурстар мен құралдардың шығындарын азайту;

әрекеттегі жүйелер, нысандар, технологиялық үрдістердің обьективті диагностикасы;

бақылау-өлшеу құралдарының және ақпараттық-өлшеу жүйелерінің аттестациялауын;

өлшеу нәтижелерінің статистикалық талдауы мен өңдеуін, көп факторлы дәйектендірілетін графиктердің математикалық үлгісін құрастыру;

машиналар, жүйелер, нысандар, үрдістердің қиын сипаттамаларын зерттеу кезінде туындайтын, ақырғы мәннен әр түрлі жүйелік және айнымалы жүйелік қателіктерді алып тастау арқылы өлшеудің қателіктерін барынша азайту;

ТҚ (АЖЖ, БАЖ) және ТҚЕ автокөліктерінің технологиялық үрдістерін автоматтандырылған жобалау және басқару жүйелерінде оңтайландыру мен математикалық үлгілеу.

Ғылымды қажет ететін бұйымдар (датчиктердің, ЭББ және т.б. кіріктірілген кешенді жүйесі арқылы көлік құралының техникалық жағдайының мониторингі), заманауи (жоғары) технологиялар бұйымның пайдалануының ең жақсы жағдайларын анықтауға, жанды еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді, энергия тасымалдағыштар, шикізаттар ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді. ТҚЕ және автокөлік жөндеудің өндірістік-технологиялық үрдістерінің ақпараттық-техникалық қамтамасыздандыруы мүмкіндік береді:

ТҚЕ мен жөндеу бойынша, жоспарлы көрсеткіштерге әсер ететін, факторлардың жоғары санын ескере отырып жұмыстардың жоспралануын қамтамасыз етуге;

орындалатын жұмыстардың, шығындалатын ДЖ, жөндеу материалдары мен ресурстардың статистикалық есебін жөндеуге;

ТҚЕ және автокөлік жөндеудің өндірістік-технологиялық үрдістеріне қатысты, сұрақтардың кең ауқымы бойынша анықтама жүйесін пайдалы қолдану мен ұйымдастыруға;

көлік құралдарының нақты жағдайын айтарлықтай дәл анықтауға және көліктердің қалдық ресурсын болжауға;

заттай, энергетикалық, кеңістіктік, уақыттық және басқа да физикалық ресурстардың тұтынылуын мүмкін болатын минимумына қысқарту;

ғылымды қажет ететін және көпфункционалды бұйымдарда, заманауи технологияларда үрдістерді негіздеу;

көлік техникаларын, технологиялық құралдарды ауыспалы ортада қолданудың қолайлы режимін табу;

өндірістік-техникалық базаны жоба жұмыстарын ақпараттандыру есебінен жетілдіру;

қоймалық операциялар деңгейін заманауи логистикалық қағидалардың есебінен арттыру.

ТҚЕ мен ТҚ автокөліктердің өндірістік-технологиялық үрдістерінің ақпараттық қамтамасыздандыруы келесідей мақсаттарды талап етеді:

автокөліктердің құрылыстары және жұмыс істейтін бөлшектер, түйіндер, аспаптар, агрегаттардың түйіндесу сипаты жайлы эталонды ақпараттар;

пайдалану үрдісі кезінде әсер етуге ұшырайтын барлық түйіндер бойынша реттегішті мәліметтер;

нысандардың бүтіндей және жөндеу мен алдын алу жұмыстары бойынша жұмысты жоспарлау үшін жеке бөлшектердің түйіндесуінің, және де қалдық ресурстарды болжау үшін нақты техникалық жағдай;

сыртқы жағдайлардың бөлшектердің материалдарының жайына және түйіндесуіне, пайдалану материалдарына әсер етуі;

алдын алу және жөндеу операцияларын өткізу технологиясы жайлы ақпарат;

нысандардың техникалық жағдайының өзгеруі, қабылдамау жиілігінің және ақаулықтарының сипаты, шығындалатын материалдардың және ДЖ көлемі жайлы статистикалық мәліметтерді өңдеу және жинау;

қолданылатын материалдардың алдын алу және жөндеу әсер етулерінің жаңа технологиялары жайлы ақпарат.

Әр түрлі жүйелердің болжау, басқару және жетілдірулерінде айтарлықтай мүмкіндіктерді көп факторлы математикалық үлгілерді қолдану да ашады. Олар ТҚЕ сапасын көтеру мен автокөліктердің жөндеуі үшін, шикізаттарды, энергия тасымалдағыштарды, өндірістік алаңдарды, жұмыс уақытын және фунционалды, оптимизацияланған, мақсаттық жүйелік ресурстарды жасап шығару үшін тұтынуды қысқартуға қолданылуы мүмкін.

Ақпараттық өнімдер көпкритерилі салыстырулар мәселесінің шешімін, өзара салыстырылатын нысандарды саралау мақсатымен, автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әр белгі бойынша салмақтық коэффициенттерді еңгізу, белгілердің маңыздылығын ескеру бойынша ең жақсы нысанды таңдау, сапаның белгілерін өзгертуге шығындарды ескеру бойынша нысанның сапасын арттыруды үлгілеу мүмкін. Әр түрлі техникалық, технологиялық жүйелерді басқару үшін микроүрдісорлар мен микро-ЭЕМ қолдану, осылайша, олардың негізгі жұмыс шарттары көп факторлы математикалық үлгілерді функионалдау белгілерімен байланысты болса, олардың оңтайландыруы мүмкін болады.

Технологиялық үрдістер мен өлшеу құралдарының ақпараттық қамтамасыздандыруларының мүмкіндігі өңдеудің және өлшеудің қателіктерін, олардың кейінгі жөндеуімен, математикалық үлгілеу тәсілімен үлкен. Теориялық және әдіснамалық негіз болып күрделі жүйелерді үлгілеу теориясы, операцияны зерттеу теориясы, жүйелік талдау әдісі, жіктеу және код беру әдісі, ақпараттық жүйелерді құрастыру әдіснамасы, нысанды-бағытталған бағдарламалаулың теориясы табылады.

Физикалық және ақпараттық принциптердің бірегей интегралды жүйеге біріктірілуі ескі мәмелелердің қағида тұрғысында жаңа түрде шешілуіне мүмкіндік береді. Ақпараттық математикалық үлгілеудің, микросұлбаның, және әр түрлі жүйелердің физикалық қасиеттерінің үйлестірілуі олардың жаңа сапасы – зияткерлікті шығарады. Бұл әр түрлі жүйелердің: техникалық, технологиялық, өлшеу және де материалтанымдық қасиеттері, сенімділігі және сапасын түбегейлі өзгерте алады.

Техникалық жүйелерде ұсақ-түйектер жоқ, сондықтан заманауи автокөліктер құрастырылуында, нақты уақыт режимінде бақылауды қамтамасыз ететін ғана емес, ТҚЕ мен автокөлік жөндеуін жүргізгенде түйіндерінің жайы туралы нақты ақпарат беретін, тежегішті бұғаулардың тозуын бақылайтын датчиктерге, қозғалыс датчиктеріне, істен шыққан газдардың қалдық оттегінің, жағармай шығынының және т.б. детонация датчиктерінеие.

Ақпараттық байланыс – бұл ақпараттың тура және кері ағындарымен түзелетін, өндірістік немесе технологиялық мәселелерді шешуге қажетті, ақпаратпен барлық әрекеттерді қамтитын бітеу кескін. Ақпараттық кескінге кіріс болып мәселенің қойылуы табылады, ал шығысы – оның шешімінің нәтижесі. Ақпараттық кескінді шешудің нәтижесін технологиялық мәселенің шарттарымен салыстыру қарастырады.

Өндірістік үрдістерді орындау көптеген өндірістік және технологиялық мәселелерді шешумен байланысты. Олардың кез келгені бірнеше әрекетке бөлінеді, және олардың әр қайсысы өзінің ақпараттық үрдісімен қамтамасыздандырылған болуы тиіс. Мәселенің ақпараттық қамтамасыздандыруы әрқашан оның шешіміне алдында ала болады.

Егер мәселені адам шешетін болса, онда ақпараттық үрдіс көп жағдайда адамнан да, оның әрекетін бақылаушыдан да жасырын болып келеді. Бұл ақпараттық үрдісті адам ой әрекеті нәтижесімен және барлық сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асыратындығымен түсіндіріледі, көптеген әрекеттер санадан тыс, бірақ мақсатқа сай орындалады.

Егер мәселенің орындалуы техникалық құралдарға жүктелетін болса, онда мәселенің мазмұнын ашу да, және оның шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістің тексерілуі де талап етіледі. Техникалық құралдар механикалық қана емес адамның ой әрекетін де орындауы тиіс.

Мысалға, «пневматикалық қысқышы бар ортаға жылжитын үшжұдырықшалы патронға жоңғыш білдекте тығынның дайындамасын орнату» технологиялық мәселені шешу керек. Бұл үшін адам тығынды ыдыстан (мысалы, тартпа түріндегі) алып, оны патронға жақындатып, жұдырықшаларға қатысты тығынды негізгі нүктелерге орнатуы тиіс және патронның пневматикалық жетегін қосуы тиіс. Мәселенің шешімінің дұрыстығын жұмыскер «көзбен» станок сүмбісінің жетегін қосқан соң дайындаманың радиалды соғысы бойынша анықтайды.

Мәселенің техникалық құрылғылармен шешілуі толық ашуды және әрекеттер тізбегін жүзеге асыруды талап етеді:

тығынның дайындамаларына жаймада белгілі бір күйді беру;

дайындамалы жаймаға технологиялық жүйенің координаталар жүйесінде қажетті күйді беру;

робот әрекетін бағдарламалау;

бағдарламалық басқару құрылғысына (ББҚ) роботтың және бағдарламаларды басқаратын (ББ) станоктың енгізілуі;

қармаушы құрылғыға (ҚҚ) бастапқы күй роботын технологиялық жүйенің координаттар жүйесінде;

(ҚҚ) робытының келесі дайындамаға ауысуы;

Дайындаманы роботтың қармауы;

дайындаманың станоктың патронына ауысуы;

дайындамалардың патронның жұдырықшаларына қатысты орналасуы;

дайындаманың патронның жұдырықшаларымен бекітілуі;

ҚҚ роботтың босатуы;

ҚҚ өңдеу аймағынан әкету;

дайындаманың дұрыс орнатылуын тексеру.

Әр ескерілген әрекет жеке технологиялық мәселені көрсетеді. Жеке мәселелерді шешуідің ақпараттық қамтамасыздандыруы әр қалай жүзеге асатын болады. Мысалға, бірінші және екінші әрекеттердің қамтамасыздандыру мәселесі жайманың құрастырылуы кезінде шешіледі, бұл үрдіс кезінде түрі, пішіні, өлшемі және жаймаға бір уақытта орнатылған дайындамалар саны жөнінде; жайма орнатылатын столдың құрылымы жайлы; жаймадағы дайындамларға негіздейтін ұяшықтың пішіні, өлшемі және орны жайлы құрылымдық шешімдерге, жайма тұрқының пішіні мен өлшемдері жайлы және т.б. бастапқы мәліметтер өңделеді. Әрекеттің орындалғандығы жайлы ақпарат беретін құрылғыларды және робот пен станоктың әректетерін басқаратын ақпараттық үрдістерді жасап жығару керек. Қарастырылғаннан кейін келесідей шешімдер қабылдауға болады:

1. Өндірістік немесе технологиялық мәселенің шешімін ақпараттық үрдіс қамтамасыз етеді.

2. Өндірістік немесе технологиялық мәселенің шешіміне қосылатын ақпараттық үрдіс екі бөлікке бөлінеді. Оның біреуі мәселенің шешуін қамтамасыз ететінінің (басқаратын бағдарламалардың, техникалық құралдардың және с.с. технологиялар) құрастыруымен байланысты, ал екіншісі орындалуы барысында мәселенің шешіміне қол жететін үрдістерді басқарумен байланысты.

3. Ақпараттық үрдістің екі бөлігі де оның кезеңдері тәрізді бір-бірімен органикалық байланысқан.

4. Ақпараттық үрдістің мазмұнын ашу үшін өндірістік немесе технологиялық мәселелердің жеке мәселелерге және қарапайым әрекеттерге бөлшектелуі қажет.

5. Кез келген жеке мәселенің шешімі, ақпараттан операцияларды біріктіретін, мәселе шартынан мәселе шешілгендігі жайлы хабарламаға және оныі шешімі дұрыс екендігі жайлы қорытындыға дейінгі кезеңге қажетті, ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді.

Технологиялық үрдісті басқару қандайда бір материалдық үрдістің орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттың үрдісті (2.34-сурет) көрсетеді.

2.34 сурет - Технологиялық үрдістерді басқару жүйесінің ақпараттық құрылымы

Басқарудың технологиялық нысаны (БТН) – бұл технологиялық құрылғы мен сәйкес алгоритмге және реттемеге сай онда жүзеге асқан технологиялық үрдістердің жиынтығы. ТП АБЖ деңгейіне байланысты басқарудың технологиялық нысаны болып автокөліктің толық өзі, оның жеке жүйелері, агрегаттары, аспаптары немесе ұштастырылатын бөлшектердің жұптары, сондай-ақ өздігімен технологиялық үрдісті жүзеге асыратын құрылғылардың, құрал-саймандар мен жабдықтардың кешендері; барлық АКК-тің өндірістік үрдісі, егер оны басқару рационалды таңдауға және телімдер мен өндірістердің жұмыс режимін келсітіруге келтірілетін болса бола алады.

ТП АБЖ жалпы жағдайда, қабылданған белгідерге сай технологиялық нысандарды басқарудың оңтайландыруына қажетті, автоматтандырылған жинақтау мен ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін бітеу жүйені және басқарушы әсерлердің технологиялық нысандарға жүзеге асуын көрсетеді.

Бірге пайдаланудағы басқарудың технологиялық нысаны және оны басқаратын ТП АБЖ ГПЖ құрады. Кез келген жүйеде алдыға қойылған мақсаттарға жету деңгейін басқару белгісі бойынша сипаттау қабылданған. Белгі болып технико-экономикалық көрсеткіш табылуы мүмкін, мысалға, берілген сапада автокөліктің ТҚЕ біреуінің өздік құны, шығатын өнімнің берілген сапасында басқарудың технологиялық нысанының өнімділігі, технологиялық көрсеткіштер, мысалға технологиялық үрдістің параметрлері, шығару өнімдерінің сипаттамалары және с.с.

Басқарылатын технологиялық үрдісте келесідей параметрлер топтарымен сипатталатын ақпараттың негізгі ағындарын бөліп көрсетуге болады.

1.Өлшенетін, бірақ сыртқы әсерлерге (дайындамалар параметрлері, технологиялық және қосымша құрылғының, аспаптарының, жабдықтардың және т.б. сипаттамалары) байланысты, басқарылмайтын параметрлер тиісті болатын Χ = (Χ1,Χ2, . . ., Χn) өлшенетін параметрлер; шығарылатын өнімнің сапасын сипаттайтын шығыс параметрлері; тікелей немесе есептеу әдісімен өндірістік үрдістердің (өнімділігі, үнемділігі және т.б.) немесе оның өту жағдайына салынған шектеулердің тиімділігін анықтайтын шығыс параметрлері.

2. Сәйкесінше орындауыш механизмдермен, ретегіштердің қойылуларымен және с.с. өзгеріп отыра алатын басқарылатын Υ = (Υ1,Υ2, ... , Υn) параметрлері.

3. өлшенбейтін және басқарылмайтын ƒ = (ƒ1,ƒ2, …, ƒn) параметрлері – технологиялық құрылғының, уақыт өтісімен өзгеретін сипаттамалары, шикізаттың сипаттамалары, құралдың тозуы, құрылғының істен шығуы және т.б. Мұндай басқару нысанына әсер ететін кездейсоқ факторлардың бар болуы басқарылатын шамасына айтарлықтай әсер ете алады және қызмет көрсету талаптарының ағынына стохастикалық сипат береді. Басқарушы есептеуіш кешеннің (БЕК) кірісіне датчиктерден ( термопар, индуктивті датчиктер, дайын өнімнің есептеуіші және т.б.), технологиялық үрдістердің бағытын (дайындамалардың күйі мен параметрлері, өңделген бөлшектердің сапасы, олардың саны және т.б.) сипаттайтын, Х параметрлердің ағымдағы мәндері жайлы ақпарат келіп түсіп тұрады.

Басқарушы есептеуіш кешен (БЕК) бұл ақпаратты басқарудың қабылданған заңына (басқару алгоритмі) сай өңдейді, басқарылатын үрдіс тиімді түрмен өтуі үшін, Υ басқару параметрлерін өзгерту үшін орындау механизмдеріне қосу қажетті (u1,u2, …, um) басқарушы әсер етулерін анықтайды.

Көптеген өлшеу датчиктері өзінің сигналын кернеулер, тоқ күші, кедергілер, бұру бұрышы және с.с., т.б. түрінде, үздіксіз (аналогты) сигнал формасында өндіріп шығады. Орындау механизмдеріне келтірілетін басқарушы әсер етулер кернеу түрінде өндіріліп шығуы тиіс те, яғни сонымен қатар аналогты түрде.

БЕК сандық (дискретті) шамаларға сүйенетін болғандықтан, оның кірісіне келіп түсетін Х шамалар алдын ала сандық формаға түрленген, ал басқарушы әсердің өндіріліп шығатын БЕК шамалары сандық формадан аналогтыға, яғни сәйкес кернеулерге, түрленген болуы тиіс. Кейбір кіріс сигналдары (мысалы, соңғы сөндіргіштермен, фотореле және басқа) және кейбір шығыс басқарушы сигналдары (мысалы, қозғалтқыштарды қосу, сигналды транспаранттар және басқа) релелеік сипатқа ие.

Осылайша БЕК-ге үздіксіз шамаларды сандық және керісіншеге түрлендіргіштер кіруі тиіс. Құрылғының көлемін кішірейту мақсатымен үздіксіз шамалардың сандық және керіге түрлендіргіштері әдетте көпканалды жұмыс істейді. Коммутатор көмегімен түрлендіргіш кезекпен әр датчикке қосылады және сәйкесінше аналогты шаманың сандық формаға түрленуін орындайды, одан кейін түрлендіру нәтижесінде алынған сандық код БЕК-тің жадысына енгізіледі.

ТҮ АБЖ маңызды белгілері болып технологиялық үрдістің өту темпінде, яғни уақыттың шынайы масштабында, басқаруды жүзеге асыру табылады. Уақыттың шынайы масштабы ұғымын келесідей түрде анықтауға болады. Егер бастапқы пункттан ЭЕМ-ға ақпаратты беру, және оның өңделуі, басқа мәселені шешумен бос емес машинаның жұмыс істеп тұру сәтінде іске асатын болса және нәтижелердің бастапқы пунктіге қайтарылуы сол каналдар бойынша алдыңғы мәселену шешуде сезінерліктей басымдылықсыз минималды қысқа мерзімде жүргізілетін болса, бұл үрдіс шынайы уақытта өтіп жатыр деп айтылады. Қысқаша айтқанда, сұраныстарға уақыт әдетте еркін, сыртқы шарттармен шектелетін болса, ақпараттың өңделуі шынайы уақытта өтіп жатыр деуге болады. Сыртқы шарттар деп, маңыздылығы мен тезділігі басымдылықтардың сәйкес жүйесімен анықталатын, беруші құрылғылардың және ЭЕМ-дың басқа мәселелереді шешумен бос еместігімен түсіндіріледі.

Шынайы уақыт масштабында қызмет ететін жүйеде, сырттан келетін ақпарат, ЭЕМ жұмыспен жүктелген болмаса немесе мүдделігінің басымдығы ең жоғарғы болмаса, немесе өңдеуге сұрастырылып отырған абонеттің басымдылығына байланысты белгіленіп келіп түсіп отырмаса, ЭЕМ-да оның келіп түсу сәтінде тікелей қабылданып өңделеді. Шынайы уақыт масштабында ақпаратты өңдеу жүйесінде мұндай әр мәселе үшін, сәйкесінше сұраныс міндетті түрде орындалуы тиіс болатын, шынайы қажетті уақыт аралығы белгіленеді. Сұрастырылатын абоненттің деңгейіне байланысты техникалық құралдар құрылымында және сұраныстың өзінің маңыздылығына байланысты абонеттердің екі немесе одан да көп санының бірдей деңгейінде, абоненттер сұранысының басымдылығы орнатылады.

Машиналық уақытты автоматты түрде бөлу ЭЕМ пайдаланудың жаңа жолдарын ашты; абонентке машинамен үздіксіз диалог жүргізуге мүмкіндік береді; бірнеше абоненттерге бір-бірімен ЭЕМ арқылы келістірілуде, жадысында сақталатын, мәліметтердің үлкен қорын және арифметикалық пен логикалық операциялардың орындалуының жоғары деңгейін пайдаланатын «әңгімелесуге» мүмкіндік береді.

Нақты ТҮ АБЖ-де мақсаттарды орындау, айтарлықтай дәрежесінде өзінің құрамы бойынша типтік және сондықтан ТҮ АБЖ-нің типтік қызметтерінің жиынтығына біріктірілетін, оларда операциялар мен есептеу үрдістерінің белгілі бір тізбектілігін орындау арқылы қол жеткізіледі (2.35-сурет).

АБЖ функциялары басқарушы, ақпараттық және қосалқы басқарушы болып бөлінеді. Бұл функциялар, олардың технологиялық басқару нысанына басқарушы әсерлерді іске асыру мен әзірлеудің нәтижесі болып табылады.

ТҮ АБЖ-нің басқару функцияларына жеке технологиялық айнымалылардың реттеуі (қалып келтіруі), операциялар немесе құрылғыларды логикалық басқару, құрылғылар тобын бағдарламалық логикалық басқару, ауыспалы режимдермен немесе үрдістің жеке кезеңдерімен орнатылған тиімді басқару, нысанды толықтай бейімдеп басару, мысалы ЧПУ бар стнаоктар аймағын басқару, бір күндік және ауыспалы жоспарлы тапсырмаларды жедел жөндеу және т.б. жатады.

ТҮ АБЖ-нің ақпараттық қызметтері – бұл мазмұны жинау, өңдеу және ақпаратты келесі өңдеу үшін көрсету болып табылатын жүйелер функциясы. Өкінішке орай ТҮ АБЖ функцияларына орталықтандырылған бақылау мен технологиялық параметрлердің өлшеуін, жанама өлшеуді, үрдістің параметрлерін (технико-экономикалық, ішкі айнымалылар) есептеуді, ТҮ АБЖ-нің жедел қызметкеріне ағымдағы және жалпылама технологиялық және экономикалық көрсеткіштерді беру мен құрастыру, ақпаратты басқарудың шектес жүйелеріне дайындау мен жеткізу және ГПС жағдайы мен оның құрылғысының тексерілуі және жалпылама бағасы жатады.

2.35 сурет - АБЖ технологиялық үрдістермен жалпылама сұлбасы

Қосалқы функциялар бақылау жұмыс істеуінің техникалық және бағдарламалық құралдар жүйесінің жай-күйін қамтамасыз етуден құралады. ТҮ АБЖ өнеркәсіптік кәсіпорынды жалпы басқару жүйесінің құрауыші ретінде технологиялық үрдістерді мақсатты жүргізу үшін және жедел, нақты техникалық-экономикалық ақпараттың аралас және жоғарыда тұрған басқару жүйелерін қамтамасыз етуге арналған. негізгі және көмекші өндіріс нысандылері үшін құрылған ТҮ АБЖ ӨБАЖ төменгі деңгейін ұсынады.

2.7.2 Ақпараттық қамтамасыздандыруға талаптар. ТҮ АБЖ ақпараттық қамтамасыздандыруы келесі санаттардан тұрады:

- датчиктердің сұрастырыуы және ақпараттық біріншілік өңделуі нәтижесінде жүйеге келіп түскен технологиялық үрдістердің ағымдағы мәндері;

- уақыттық белгілі бір кезеңінде орташаландырылған немесе тегістелген айнымалылардың мәні;

- түрлі ауыспалы деңгейлер шегі, басқару алгоритмдерін баптау, нақты нысанға бағдарламалық қамтамасыздандырудың ақпаратын жалғау;

- бағдарламалар мәтіндері мен жүктемелі модульдер.

Анықталған жүйе айналасында ақпарат алмасу үшін желі жергілікті элементтерінің деректер базасы төмендегідей жасалуы керек:

- перифериялық микроүрдісорлық құрылғылар – бақылау кішігірім жүйелері мен бақылаушылар;

- көпфункционалды операторлық станциялар - технологиялық қызметкердің жұмыс орны;

- инженерлік станция.

Технолог-операторлардың түрлі ақпараттың үлкен деңгейімен және

жүйемен сәйкес стереотиптерді енгізу жұмыстарын жасау қолайлылығы үшін жүйенің ақпараттық қамтамасыздандыруы жүйелі түрде және иерархиялық ұйымдасқан болуы қажет (2.36 сурет).

Келесі қалыпты операционды панельдер (бейнесуреттер, кадрлар, терезелер) қаралу керек:

ортақ шолу панелі –барлық ортаны бірдей бақылауға және қажеттілік туындаған жағдайда панельдерге қолжетімді болуға арналған;

мнемосхемалар - операционды панельдердің маңызды типтерінің біріне жатады. Негізгі технологиялық құралдардың, КӨП мен А құралдарының графикалық бейнесін көрсетеді, және де басқару мен сақтау алгоритмдерінің жағдайы мен құрамын бейнелейді;

аспаптар тобы панелі - 8-12 аспаптың сыртқы бетінің жағдайын сипаттайды және ұсынады;

баптау панелі – нақты құрылғының/ аспаптың параметрлерін сипаттайды және оны баптауға мүмкіндік береді;

Дабыл сигналы панелі – хронологиялық ретте үрдістің алдын-ала ескерту және апаттың алдын-алу дабылын сипаттайды;

Үрдіс жүрісін тіркеу панелі (трендтер);

Үрдіс жүрісінің уақытқа байланысты мәліметтерінің графикалық бейнеленуін қамтитын 2 панель түрі болуы қажет: 6-12 трендтен тұратын панель, жалғыз трендті панель.

Технолог-операторға түрлі панельдер үшін деректерді енгізу не шақырудың қарапайым әдістері ұсынылу керек, ол төмендегідей:

функционалды пернетақтадағы батырма;

элементтің экранда көрсетілуі;

мәзірден таңдау;

экрандағы сәйкес аймақ бойынша деректерді енгізу.

2.36 сурет – Автокөліктің ТҮ, ТҚ және АЖ ақпараты дейгейлері

Жүйені ақпараттық қамтамасыздандыру деректердің келесі категорияларынан тұрады:

кірістік аналогты параметрдің кезекті мәндері;

кірістік дискреттік параметрдің кезекті мәндері;

оқиғаларды өңдеудің логикалық бағдарламалары;

дискретті басқарушы параметрлер;

ЖЖБ-мен байланыс пен өзара алмасу параметрлері.

Ақпараттық қамтамасыздандырудың барлық категориялары электрқорегінің апаты жағдайында, жүйе блоктары мен модульдерінің қабылданбауынан жоғалмауы тиіс. Барлық бапталған тұрақтылар, ақпараттық жалғаулар, есептер шешу алгоритмі және бағдарламалардың мәтіндері қайталама тасымалдаушыларда сақталуы керек және жүйеге өзгерістер енгізгенде жаңартылуы керек.

2.7.3 Лингвистикалық қамтамасыз етуге талаптар қою. ТҮ АБЖ функцияларын іске асыруда конфигурациялаудың қазіргі заманғы құралдары мен визуалды бағдарламалауды пайдалану керек, ТҮ АБЖ маман-әзірлеушілеріне бағытталған. Бұл құралдар әзірлеу уақытын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді және ақпарат пен басқаруды өңдеу алгоритмдеріне айрықша көрнекілік береді.

Экран мониторлары мен баспа беттерінде көрсетілген есептерде барлық мағыналық және мәтіндік ақпарат технологиялық және пайдаланушы қызметкер үшін, технологиялық ауыспалыларды суреттеушілер, операторға хабарламалар мен нұсқаулар, диалогтар, мәзірдегі жиектердің атауы сияқты.

Стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар – бөлу жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру үшін нақты уақыттың көпміндетті операциялық жүйе ортасында пайдаланудағы арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілуі тиіс. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаты алдыңғы бөлімдерде көрсетілген функциялардың орындалу талаптарын қанағаттандыруы керек.

Басқарудың шағын жүйелерін, операторлық станциялар мен деректерді мұрағаттау құралдарын бірыңғай жүйеге біріктіруді қамтамасыз ететін желілік бағдарламалық құралдар жүктеу мен басқаруды іске қосуды жүзеге асырып, міндеттер мен деректер базасы арасындағы айырбасты қамтамасыз етіп және сырттағы құрылғыларға қол жетімділікті мүмкіндігін тудыру керек. Басқару жүйесі ТҮ АБЖ функциялау үрдісінде қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуге жедел конфигурациялау мүмкіндігіне ие болу керек. Бағдарламамен жұмыс кезінде пайда болған барлық қате жағдайлар диагностикаланып, хабарламалармен беріліп, жүйе жұмысында ешқандай бұзылулар болмау керек.

Қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. жүйені математикалық қамтамасыз ету осы аталып өткен техникалық міндеттердің (ТМ) функцияларын жүзеге асыруды, сондай-ақ деректер базасы мен құжаттауды конфигурациялау, бағдарламалау, басқару операцияларын қамтамасыз ету керек. ТҮ АБЖ басқару, реттеу мен қорғау, ақпараттық бейнелеу, сигнализация мен деректерді мұрағаттау алгоритмдерінің талаптарын жүзеге асыруда қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету керек. Басқару алгоритмдерінің қайта конфигурациялану мүмкіндігі болу керек, кітапханалық блоктық құрылымдары арқылы жүзеге асырылу керек.

2.7.4 Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. ТҮ АБЖ техникалық құралдар кешені берілген техникалық тапсырмаларда анықталған функцияларды жүзеге асыру үшін және базада келесі арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендерді құру үшін жеткілікті болу керек:

  • БӨҚ мен А құралдары, сонымен қоса қадағалар, орындаушы механизмдер, электронды микроүрдісті реттегіштер мен ағылмалы сапа талдағыштар;

  • перифериялы микроүрдістік құрылғылар-басқарудың шағын жүйелері немесе контроллерлер;

  • көпфункциялы операторлық және инженерлік станциялар;

  • деректерді мұрағаттау құрылғылар;

  • желілік құралдар;

  • жүйенің арнайыландырылған микроүрдісті бақылаушысы;

  • құрал-жабдықтарды метрологиялық бақылау құралдары.

Өлшеу жүйесі шығынның, қысымның, деңгейдің, температураның, қысымның түсіп кетуі, интегралдау есептеуіші, сапа мен құрамның талдағышының электронды қадағалары базасында құрылуы тиіс. Шығындарды, қысымды, деңгейді және қысымның түсіп кетуін өлшейтін құралдардың стандартталған 4-20 мА ауқымды сигналы болу керек.

Ақпаратты жинау мен өңдеуді жүзеге асыру үшін басқарудың шағын жүесінде келесі модульдер қарастырылуы керек:

  • 4-20тА сигналын енгізу;

  • 4-20тА ұшқыннан қорғауға кіріктірме тосқауылды сигнал енгізу;

  • ұшқыннан қорғауға кіріктірме тосқауылды милливольтты сигналдар кіргізу;

  • дискретті сигналдарды енгізу;

  • перифериялық микроүрдісті құрылғылардан RS-422/RS-485 хаттама бойынша енгізу;

  • реттегіш заңдары бойынша есептелген, басқарушы ықпал тұжырымы пневматикалық орындаушы механизмдерге орнатылған электропневмопозицияларға аналогты тоқ сигналдары тұжырымы модулі арқылы жүзеге асу керек.

Дискретті басқару ықпалы мен электроқұрылғыларды басқару үшін блоктау дискретті сигналдарды тұжырымы модулі арқылы орындалады.

2.7.5 Логистикалық үрдістерді ақпараттылықпен қамтамасыз ету. Соңғы жылдар ішінде информатикаға негізделген жаңа логистикалық технологиялар дәуірлеп келеді. Ақпараттық жүйе бұл технологиялардың арасында негізгі орын алады. Кәсіпорын жеткізуші, тұтынушы, экспедиторлар мен көліктік ұйымдармен байланысты материалдық және ақпараттық ағындардың ашық жүйесі болып табылады. Осыған орай кәсіпорындар мен басқа ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің арасында орын алған жіктік орындардан арылуда қиындықтар туады. Жіктер орнында материалдық немесе ақпараттық ағым кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің кұқықтық және жауапкершілік шекаралар немесе өз бетіндік ұйымдардың шекаралары арқылы өтеді.

Логистикалық басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат логистикалық өндіріс факторы болып қалыптасады. Соның нәтижесінде қаптап тастау қысқаруы мүмкін (қорларды басқару, жеткізуші мен тұтынушы әрекетінің келісушілігі, дайын өнімді қаттамай, жартылай фабрикаттар мен шикізатты қаттап тастау). Ақпараттың нәтижесінде тасымалдауды жылдамдатуға (автокөлік тізбегінің брлық буындарымен келісушілік) болады. Уақытында келмеген ақпарат кемшілігі материалдардың жинақталуын тудырады, тұтынушының сенімсіздігі сияқты, жеткізушінің де сенімсіздігі әдетте сақтану ниетін тудырады.

Ақпараттық техника нарықтың сұранысын орындауға айтарлықтай әсер тигізеді. Тиімділіктің нақты өсуін жергілікті және есептеуіш жүйелерде қол жеткізуге болады, сондай-ақ интегралды ақпараттылық пен басқару жүйелерін қолдану нәтижесінде кәсіпорын арасындағы шекаралардан «аттап кету» азаяды.

Логистикалық үрдісті ақпарттық қамтамасыз етуде келесі міндеттерді орындау керек:

  • ақпараттық логистиканың мәселелерін қарастыру,

  • логистикалық ақпараттық жүйе құру, логистикалық ақпараттық

жүйе түрлері,

  • логистикалық ақпараттық жүйенің қалыптасу н ашу,

  • ақпараттық технологияларды зерттеу,

  • дистанционды (алыстан оқыту) беріліс деректері мен ақпараттық

инфраструктураны қалыптастыру.

Бұрын қойма операцияларын ұйымдастыруда негізгі зейін, ережеге сай, физикалық көтеру мен көліктік процеске аударылатын.Бүгінде ақпараттық ағын өзіне көп назар аудартуда, оның көмегімен материалды ағынды жоспарлайды, басқарады және бақылайды. Материалдың әрбір қозғалысы ақпараттық беріліске байланысты. Кейбір хабарламалар жүкті озып кетіп жатыр, оның келуін жеделдетеді. Ақпараттық жеделдету тұтынушының қабылдауға уақытында дайын болуына мүмкіндік тудырады. Басқа мәліметтер жүкті сүйемелдейді, тауардың сапасы мен санын, жіберушінің, алушы мен зат иесінің, тауардың қауіпсіздік қасиеті туралы мәліметтер. Ақпараттың үшінші түрі ол материалдық ағынмен және қарсы бағытта (қабылдап алу туралы, фактурлау, жарнамамен көрсету, қосымша тапсырыстап, сұраныстар және т.б.) көп жүреді. Ақпараттық ағын, материалдыға қарағанда қиын болады, ол кәсіпорындардың материал бірден өтіп кетпейтін бөлімдерін де қамтиды.

Нарық кәсіпорындарға маңызды талаптар қояды. Өнімді жаңғырту, бағалар, шығындарды есептеу, жеке тапсырыстар мен өнімдердің тиімділігін талдау. Қаптап қаттауға ірі сериялы (өндірушінің көзқарасы бойынша, яғни өндірісті іске қосқан бетте нақты тапсырыстар моменті) өнім қатары салаларында даналап өндірілетін жылдам келетін тауарға ауысып кетеді.

Кәсіпорынның нарық талаптарына шұғыл жауап қайтаруы үшін, оған қажет:

  • іс-әрекеттің айқындығы (нарық дамуының жағдай мен тенденциялары туралы өзекті мәліметке ие болу);

  • икемділік (нарықтағы талап етілген өзгерістерді өндіріске жылдам енгізу);

  • тиімділік (нарық талаптары төменгі шекті шығындармен орындалуы керек, себебі кәсіпорын бәсекелестікке қабілетті болу керек).

Ақпараттық үрдістерді біріктіру бұл кез келген ақпаратты бекіту бір-ақ рет әзірленеді және деректер базасына жазылады, оның үстіне ол түрлі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Ақпараттық үрдістер біртұтас деректер базасы арқылы өзара байланысқан және өзара әрекет етеді. Сондықтан барлық деректер базасының мазмұны мен құрылымын кәсіпорынның барлық ақпараттық жүйелерінің талап ету есебімен біріге отырып жобалау керек.

Ақпараттық жүйелер деректерді дайындауды, кіріспені, сақтауды, өңдеуді, бақылауды және берілісін қамтамасыз етеді. Олар иерархиялық құрылымымен ерекшеленеді. Олардың автоматтандырылу деңгейі әдетте біршама жоғары. Ақпараттық жүйелер көлемі әр түрлі өзара байланысқан машиналар және абоненттік пункттер (терминалдар) желісі ретінде жүзеге асырылған болады. Олардың ішкі жүйелері басқарудың түрлі деңгейлерінің функциясын орындайды, ережеге сай, жалпы деректер қорын пайдаланады. Барған сайын жоғары деңгейдегі ақпаратты төмен деңгейлі бөлшектер базасынан деректерді қысу арқылы алады. Бөлшек деректер анағұрлым жоғары деңгейге тек талап етілген немесе күтіліп отырған жағдайдан айтарлықтай ауытқу жағдайларында беріледі.

Логистикалық ақпараттық жүйелер тапсырыс берушілердің күндізгі талаптарынан басталатын (таза стохастикалық шама болып табылатын), жеткізушілерге дейін үлестіру мен өндіру арқылы таратылатын сәйкес ақпараттық желілер болып табылады. Бұл жүйелер әдетте үш топқа бөлінеді:

1. Құрылымдар мен стратегиялар туралы ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдауға арналған ақпараттық жүйелер (басқаша айтқанда жоспарлы жүйелер). Олар ең алдымен логистикалық тізбек буындарын жасау мен оңтайландыру үшін қызмет етеді. Жоспарлы жүйелерге міндеттерді пакеттік өңдеу тән.

2. Орта мерзімді және қысқа мерзімді келешекке арналған шешімдерді қабылдауға арналған ақпараттық жүйелер (басқаша айтқанда диспозитивті немесе диспетчерлік жүйелер). Олар логистикалық жүйелердің кейінге шегерілген жұмысын қамтамасыз етуге арналады. Сөз етіп отырғанымыз, мысалы, зауыт ішіндегі көлікті, дайын өнім қорын басқару (диспозиция), материалдар мен мердігерлік жеткізілімдерді қамтамасыз ету, тапсырыстарды өндіріске енгізу. Кейбір міндеттерді пакеттік режимде өңдеуге болады, ал басқалары өзекті деректерді анағұрлым көбірек қолдану қажеттілігінен интерактивті (on-line) өңдеуді қажет етеді. Диспозитивті жүйе (Құқықты иеленішілерінің толық қолдана алуына ұсыну) шешімдерді қабылдауға арналған барлық бастапқы деректерді дайындайды және жүйенің өзекті күйін деректер базасында белгілейді.

3. Күнделікті жұмыстарды орындауға арналған ақпараттық жүйелер (басқаша айтқанда атқарушы жүйелер). Олар ең алдымен басқарудың әкімшілік және жедел деңгейлерінде қолданылады, алайда кейде олардың құрамында қысқа мерзімді диспозицияның кейбір элементтері болады. Бұл жүйелер үшін өңдеу жылдамдығы мен физикалық күйді кешіктірмей белгілеу (яғни барлық деректердің өзектілігі) ерекше маңызды болып табылады, сондықтан көп жағдайда олар on-line режимде жұмыс істейді. Сөз етіп отырғанымыз, мысалы, қоймаларды басқару мен қорларды есепке алу, жіберуге дайындау, өндірісті жедел басқару, автоматтандырылған жабдықты басқару. Үрдістер мен жабдықты басқару коммерциялық сипаттағы ақпараттық желілер мен автоматиканы басқару жүйелерін біріктіруді қажет етеді.

Ақпараттық жүйелерді жасау жүйелік ойлауды қажет етеді. Логистикалық, ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ететін кәсіпорынның логистикалық жүйесінің құрылымы, материалдық ағыны өзара байланысты және өзара тәуелді. Логистикалық ақпараттық жүйелер логистикалық үрдістердің қажет тиімділігін қамтамасыз етет алу үшін оларды тік те, көлденең да біріктіру керек.

Тік біріктіру – жоспарлы, диспозитивті және атқарушы жүйелердің байланысы. Ал көлдеңен біріктіру дегеніміз диспозитивті және атқарушы жүйелердегі міндеттердің жеке кешендерінің байланысы. Диспозитивті жүйелер логистикалық жүйелердің бүкіл архитектурасында басты рөлін атқарады, олар сәйкес атқарушы жүйелерге қойылатын талаптарды анықтайды.

Есептеуіш техника да күрделі техникалық үрдістерді басқару үшін және оларды бақылау үшін логистикалық тізбектің бөлек буындарында қолданылады. Экономикалық бақылау саласында, керісінше, реттеушінің рөлін (шешімдер қабылдау дәргейін) адам атқарады, ал есептеуіш техника оған қажет ақпараттық барлығын ұсынады. Жедел логистикалық үрдістерді басқару мен оларды бақылау үшін online режимде ЭЕМ-мен диалог маңызды болып табылады, ол реттеушінің реакция уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Экономикалық бақылау үшін көп жағдайда деректерді мерзімді пакеттік өңдеу жеткілікті болады.

Есептеуіш техниканың миниатюралауы мен арзандатуының арқасында оны рөлін, яғни жұмыс орындарына жақындату мүмкін болады. ЭЕМ-ді орталықсыздандыру деректерді тарату көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Логистикалық үрдістер туралы деректердің бірқатарын дәл сол бөлімшеде, мысалы, қоймада автономды түрде өңдеуге болады. Барлық децентрленген бөлімшелер ақпараттық байланыста болғанда сол орында шешімдер қабылдау мүмкіндігі орталықсыздандырылған деректер базасын жасаудың түбегейлі идеясы болып табылады.

Кәсіпорын аумағындағы немесе кәсіпорынның бірнеше жақын орналасқан бөліктері арасындағы (мысалы, бір қаладағы) есептеуіш техника құралдарының өзара байланысы, әдетте, тек сол мақсатқа арналған стационарлық желімен жүзеге асырылады. Ал шалғай орналасқан кәсіпорындар жаһандық коммуникациялық желі (WAN - Wide Area Network) көмегімен біріктіріледі, ол әдетте пошта пайдаланатын ортақ қолданыстағы желіні қолданады.

Соңғы жылдары бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау күрделілігі ЭЕМ-ді қолдануды шектеуші факторға айналып келеді. Сондықтан, бір жағынан, программисттердің еңбек өнімділігін ұтымды ету мен арттыруға, ал екінші жағынан, кеңінен қолданылатын, әр түрлі (әсіресе жеке) ЭЕМ үшін жарамды әрі пайдаланушының нақты шарттарына салыстырмалы түрде жеңіл бейімделетін қолданбалы бағдарламалар пакеттерін жасауға ұмтылады.

Мамандардың бағасы бойынша, логистикалық ақпараттық жүйелерге барлық логистикалық шығындардың 10-20 %-ы сәйкес келеді. Аппараттық жабдықтың бағалары әлемде тез төмендейді; ЭЕМ өнімділігінің олардың бағасына қатынасы өседі.

ЭЕМ негізінде АКК-дағы қоймалық операциялардың логистикалық ақпараттық жүйелерін құру үшін мынадай принциптер маңызды:

  • аппараттық жабдықта да, бағдарламалық қамтамасыз етуде де жүйе

элементтерінің модульдігі;

  • жүйені кезеңмен жасау мүмкіндігі;

  • түйісу жерлерін нақты көрсету;

  • нақты қолданудың спецификалық талаптары тарапынан жүйенің

икемдігін қамтамасыз ету;

  • «адам-машина» диалогының пайдаланушысы үшін жүйенің тиімді

болуы.

Ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде дәстүрлі үрдістерді сақтау қауіптілігі туындайды, ал бұл сәтте ұйымдастыру кезінде түбегейлі өзгертулерге қол жеткізу қажет. Есептеуіш жүйелердің нашар басқарылатын операцияларға арналған әмбебап шипасы болып табылмайтындығын ескеру керек. Сонымен бірге жаңа ақпараттық технологияларды бақылаусыз пайдалану кезінде артық ақпарат жайылады және нәтижесінде кәсіпорын үшін айқын нәтижесіз деректерді өңдеу құны артады. Ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз тиімсіз болуының басқа да себептері болуы мүмкін: мысалы, кәсіпорын бөлімшелері арасындағы ұйымдастыру кедергілері, деректер сапасының («адалдық» және «өзекті» критерийлері бойынша) төмен болуы, кәсіпорын бөлімшелерінің жүйенің енгізілуіне даяр болмауы.

Ақпараттық жүйені стратегиялық жоспарлау келесі қадамдардан тұрады:

  • біріктірілген ақпараттық жүйеге енетін (перспективасын ескерумен

қатар) кәсіпорын бөлімшелерін анықтау;

  • ақпараттық жүйенің функционалдық облыстарының және олардың

арасындағы қатынастардың өрескел жобасы;

  • кәсіпорын жұмысы үшін маңызды нысантерді (тапсырыс берушілер,

материалдарды, тетіктерді жеткізушілер және т.с.с.) анықтау және оларды ақпараттық жүйеде көрсету (бұл стратегиялық жоспарлаудағы алдыңғы қадаммен тығыз байланысты болып табылатын анағұрлым күрделі мәселе);

  • жүйенің функционалдық облыстарын кәсіпорынның әр түрлі

бөлімшелерінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау және күтілетін нәтижені бағалау;

  • өз күшімен жасалатын ішкі жүйелер мен біріктіруші буындар

архитектурасы мен оларды техникалық жүзеге асыруға арналған ережелерді белгілеу;

  • ақпараттық жүйенің функционалдық облыстары арасында деректерді

таратуға арналған ортақ, функцияларға тәуелсіз ережелер мен форматтар белгілеу;

  • есептеуіш техникаға арналған параметрлерді белгілеу (аппараттық

жабдық, операциялық жүйе, деректерді басқару жүйесі, ЭЕМ-нің иерархиялық деңгейлері, техникалық тарату әдістері);

  • жүзеге асыру жобасын әзірлеу (артықшылықтары, мерзімдері және

т.б.).

Логистикалық ақпараттық жүйелер үш топқа бөлінеді: жоспарлы; диспозитивті (немесе диспетчерлік); атқарушы (немесе жедел).

Жоспарлы ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшілік деңгейіңнде жасалады және стратегиялық сипаттағы ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді. Шешімін табатын міндеттер мыналар:

  • логистикалық тізбек буындарын жасау мен оңтайландыру;

  • шартты-тұрақты, яғни аз өзгеретін деректерді басқару;

  • өндірісті жоспарлау;

  • қорларды жалпы басқару;

  • резервтерді және басқа міндеттерді басқару.

Диспозитивті ақпараттық жүйелер қойманы немесе цехты басқару деңгейінде жасалады және логистикалық жүйелердің кейінге қалдырылған жұмысын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Мұнда келесідей міндеттер шешімін табады:

  • қорларды (қоймалау орындарын) егжей-тегжейлі басқару;

  • қойма ішіндегі тасымалдауды басқару;

  • жүкті тапсырыстар бойынша іріктеу және оларды жинақтау,

жіберілетін жүктерді есепке алу және басқа да міндеттер.

Атқарушы ақпараттық жүйелер әкімшілік немесе жедел басқару деңгейінде жасалады. Ақпаратты бұл жүйелерде өңдеу оның ЭЕМ-ге түсу жылдамдығымен анықталатын қарқында жүргізіледі. Бұл нақты уақыт масштабында жұмыс істеу тәртібі, ол ағымдық уақыттағы жүк қозғалысы туралы қажет ақпаратты алуға және басқару нысанына мезгілінде сәйкес әкімшілік және басқарушылық әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл жүйелер арқылы материалдық ағындарды бақылаумен, өндіріске қызмет көрсетуді жедел басқарумен, орын ауыстыруларды басқарумен және т.с.с. байланысты әр түрлі міндеттерді шешуге болады.

Материалдық шығындармен көп деңгейлі автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау, көбінесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу ауқымында, көп шығынның жұмсалуымен байланысты, ол, бір жағынан, жүйенің көп функционалдылығын, ал екінші жағынан,оны біріктірудің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету керек. Осыған орай автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау кезінде логистика саласында салыстырмалы түрде арзан стандарт бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі зерттелу керек.

Жоспарлы ақпараттық жүйелердегі міндеттерді шешу кезінде стандарттау деңгейі анағұрлым жоғары, бұл стандар бағдарламалық қамтамасыз етуді аз қиындықтармен бейімдеуге мүмкіндік береді. Диспозитивті ақпараттық жүйелерде бағдарламалардың стандарт пакетін бейімдеу мүмкіндігі төмен. Бұл бірқатар себептерден туындайды, мысалы:

  • кәсіпорындардағы өндірістік үрдіс тарихи тұрғыда қалыптасады

және стандарттау үшін айтарлықтай өзгертулерге қиын ұшырайды;

  • өңделетін жеректер құрылымы әр түрлі пайдаланушыларда

айтарлықтай ажыратылады.

Атқарушы ақпараттық жүйелерде жедел деңгейде, әдетте, жеке бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады.

Жүйелік тәсіл на сәйкес кез келген жүйені қоршаған ортамен өзара байланысына, ал сосын өз құрылымының ішінен зерттеу керек. Бұл принципті, жүйені жасау кезеңдері бойынша біртіндеп жылжу принципін, логистикалық ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде де ұстану керек. Жүйелік тәсіл тұрғысынан логистика үрдістерінде үш деңгей ажыратылады.

Бірінші деңгей – логистикалық операция материалдық ағынмен жүзеге асырылатын жұмыс орны, яғни жүк бірлігі, тетік немесе материалдық ағынның кез келген басқа элементі жылжытылады, түсіріледі, қапталады және т.с.с.

Екінші деңгей – жүкті тасымалдау үрдістері жүретін, жұмыс орындары орналасатын цех, қойма учаскесі.

Үшінші деңгей – оқиғалар тізбегін қамтитын жалпы тасымалдау мен орын ауыстыру жүйесі, жеткізушінің шикізатты түсіру сәтін оның басы деп қабылдауға болады. Ал дайын бұйымдар соңғы қолданысқа түскен кезде бұл тізбек аяқталады.

Жоспарлы ақпараттық жүйелерде логистикалық жүйені жиынтық материалдық ағынмен байланыстыратын мәселелер шешіледі. Бұл ретте «өткізу – өндіріс – жабдықтау» тізбегінде толассыз жоспарлау жүзеге асырылады, бұл нарық талаптарымен құрылған, кәсіпорында материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесіне қажет талаптарды енгізумен өндірісті ұйымдастырудың тиімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Мұнымен жоспарлы жүйелер логистикалық жүйені қоршаған ортаға, жиынтық материалдық ағынға біріктіреді.

Диспозитивті және атқарушы жүйелер алға қойылған жоспарларды талдайды және олардың жеке өндірістік учаскелерде, қоймаларда, сонымен бірге нақты жұмыс орындарында орындалуын қамтамасыз етеді.

Логистика концепциясына сәйкес әр түрлі топтарға жататын ақпараттық жүйелер бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіріледі. Тік және көлдеңен біріктіру болады. Тік біріктіру дегеніміз тік ақпараттық ағындар арқылы жүзеге асырылатын жоспарлы, диспозитивті және атқарушы жүйелер арасындағы байланыс. Көлдеңен біріктіру дегеніміз көлдеңен ақпараттық ағындар арқылы жүзеге асырылатын диспозитивті және атқарушы жүйелердегі мәселелердің жеке кешендерінің арасындағы байланыс.

Жалпы алғанда, біріктірілген ақпараттық жүйелердің артықшылықтары мыналар:

  • ақпаратпен алмасу жылдамдығы артады;

  • есепке алу кезінде қателер мөлшері азаяды;

  • өнімсіз, «қағаз» жұмыс көлемі азаяды;

  • бірікпеген ақпараттық блоктар біріктіріледі.

ЭЕМ негізінде логистикалық ақпараттық жүйелерді құру кезінде белгілі бір принциптерді ұстанған жөн. Материалдық ағындарды басқару үрдісінің негізінде логистикалық жүйелерде айналымда болып табылатын ақпаратты өңдеу жатыр. Ақпараттық ағын – логистикалық операцияларды басқару мен бақылау үшін қажет, логистикалық жүйе мен қоршаған орта арасындағы, логистикалық жүйеде айналымда болатын хабарламалар жиынтығы. Ақпараттық ағын қағаз және электрондық құжаттар түрінде бола алады. Ақпараттық ағындардың мынадай түрлері бар:

  • жүйелерді байланыстыратын ағындардың түріне қарай: көлдеңен

және тік;

  • өтетін орнына қарай: ішкі және сыртқы;

  • логистикалық жүйеге қатысты бағытына қарай: кіру және шығу.

Ақпарттық ағын материалдық ағыннан озып кете алады, онымен бірге ілесе алады немесе одан кейін жүре алады. Бұл ретте ақпараттық ағын материалдық ағынмен бір жаққа да, қарама-қарсы жаққа да бағыттала алады:

  • қарама-қарсы бағыттағы озатын ақпараттық ағын, әдетте, тапсырыс

туралы мәліметтен тұрады;

  • тік бағыттағы озатын ақпараттық ағын – жүктің алдағы келуі туралы

алдын ала хабарлама;

  • материалдық ағынның мөлшерлік және сапалық параметрлері туралы

ақпарат материалдық ағынмен бірге тік бағытта жүреді;

  • материалдық ағыннан кейін қарама-қарсы бағытта мөлшері мен

сапасы бойынша жүк қабылдау нәтижелері туралы ақпарат, әр түрлі наразылықтар, растаулар жүре алады.

Ақпараттық ағын жылжитын жол материалдық ағынның қозғалу бағытымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ақпараттық ағынды былайша басқаруға болады:

  • ағын бағытын өзгерту арқылы;

  • тарату жылдамдығын сәйкес қабылдау жылдамдығына дейін шектеу

арқылы;

  • ағын көлемін жолдың жеке түйінінің немесе телімнің өткізу

қабілетінің шамасына дейін шектеу арқылы.

Ақпараттық ағын уақыт бірлігі ішінде өңделетін немесе таратылатын ақпарат мөлшерімен өлшенеді. Ақпарат мөлшерінің бірлігі ретінде еселенген бірлік – бит қабылданған. ЭЕМ-ді қолданған кезде ақпарат байттармен өлшенеді. Шаруашылық қызмет тәжірибесінде ақпаратты сонымен бірге:

  • өңделетін немесе таратылатын құжаттардың мөлшерімен;

  • құжат жолдардың, өңделетін немесе таратылатын құжаттардың

қосындысының мөлшерімен өлшеуге болады.

Логистикалық операциялардан басқа экономикалық жүйелерде ақпарат ағындарының туындауымен және таратылуымен бірге жүретін құнды операциялар да жүзеге асырылады. Алайда логистикалық ақпараттық ағындар жалпы ақпарат ағынының анағұрлым көп бөлігін құрайды.

Біріктірілген ақпараттық жүйедегі тізбек буындарының арасында ақпаратпен жедел алмасу логистикалық тізбектегі материалдық ағын қозғалысын оңтайландыруға арналған алғышарт болып табылады. Кәсіпорындардағы күнделлікті жұмыстардың көп бөлігі, әдетте, ЭЕМ көмегімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте сонымен бірге кейін ұсыныс, тапсырыс, жүкқұжат, шот-фактура және т.с.с. ретінде, көп жағдайда қағаз құжат түрінде коммерциялық немесе тасымалдау серіктестерге ұсынылатын деректер де өңделеді. Ақпаратты бұлайша тиімсіз тарату тәсілін деректерді тікелей ақпарат тасымалдағышта немесе телебайланыс арқылы таратумен алмастыруға болады. Соңғы екі тәсіл деректерді электрондық таратуға (EDI - Electronic Data Intercnange) жатады.

Деректерді электрондық тарату дегеніміз ақпараттық жүйелерді не әр түрлі ұйымдарды немесе бір кәсіпорын аумағындағы бір-бірінен шалғай орналасқан бөлімшелерді автоматтандырылған біріктіру. Олардың арасындағы байланысты байланыс техникасы құралдарының көмегімен коммуникациялық жүйелер қамтамасыз етеді. Бұл қызмет әдетте деректерді қашықтықтан тарату деп аталады. Деректерді қашықтықтан тарату ақпараттық жүйелерді бір елдің ғана емес, халықаралық ауқымда да толық біріктіру үшін алғышарт болып табылады. Осы күнге дейін жалпы қолданыстағы желілерді қолдану деректерді қашықтықтан таратуды жүзеге асырудың кеңінен тараған тәсілі болып табылады, олар пошта арқылы пайдаланылады және әдетте мемлекеттің бүкіл аумағына таралады.

Коммуникация үшін көптеген жылдар бойы телетайп қолданылады. Оның тарату жылдамдығы төмен, алайда телетайп желісінің айтарлықтай қою әрі бүкіл әлемде тарағандығы оның артықшылығы болып табылады. Қосымша құрылғылардың көмегімен телетайпты ЭЕМ арасындағы тікелей емес жалғастыру үшін (offline) қолдануға болады: деректері бар файл тасымалдағыштарда таратылады, оларды ЭЕМ (мысалы, перфолента) жасай және оқи алады.

Телефон желісі де екі ЭЕМ немесе ЭЕМ мен шалғай абонеттік пункт (терминал) арасындағы тікелей байланысқа да (online) жол береді. Ертеректе жасалған телефон желілерінің түгелі дерлік аналогтық болып табылады; оларға салыстырмалы төмен өткізу қабылеті мен тарату кезінде кездейсоқ қателердің туу қауіпі тән. ЭЕМ цифрлық деректермен жұмыс істейді, сондықтан олар аналогтық деректерді цифрлық деректерге және керісінше түрлендіретін сәйкес аппаратурамен жабдықталу керек.

Соңғы уақытта дамыған елдерде оптикалық кабельдерді жиі қолданатын цифрлық тарату желілері пайда болуда; сонымен бірге жерсеріктік жүйелер жасалуда. Цифрлық желілердің өткізу қабылеті, аналогтыққа қарағанда, әлдеқайда жоғары, сондықтан олар ЭЕМ-нің жылдам әрекеттілігіне жоғары дәрежеде жауап береді. Аналогтық таратудан цифрлық таратуға көшу революциялық сипатқа ие. Әрине, цифрлық желі құрылысына шығын көп жұмсалады, алайда деректерді «тасымалдауға» жұмсалатын шығын айтарлықтай азаяды, өйткені деректерді түрлендіру қажет болмайды, тарату анағұрлым жылдам жүреді.

Бірқатар елде біріктірілген қызметтердің цифрлық желісін жасау (ISDN – Integrated Service Digital Network) қарастырылған. Бұл есептеуіш машиналар желісі, ол ақпаратты әр түрлі күйде үлкен аумақтарда, тіпті халықаралық масштабта таратады. Барлық деректер бірыңғай цифрлық базиске түрлендіріледі. Сондықтан мұндай бір желі бірнеше дербес мамандандырылған желілердің алмастыра алады. Әр түрлі ақпарат параллель, яғни бір байланыс кезінде бір уақытта таратылады.

Деректерді кәсіпорындар арасында электрондық таратуды ұйымдастыру үшін алдымен аппараттық жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің үйлесімділігіне қол жеткізу керек. Бұл мақсатқа үш жол апарады.

Бірінші жол. Серіктеспен егжей-тегжейлі шарт жасасу: белгілер мен олардың кодтарын теру, тарату хаттамасы, синтаксис, хабарламалар құрылымы және т.б. Содан кейін серіктестердің әрқайсысы өз ЭЕМ-і үшін белгіленген принциптер бойынша сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету жасайды. Деректер, әдетте, нақты уақыт режимінде (online) таратылады. Мұндай байланыс билатеральді деп аталады. Оны дайындау қымбатқа соғады, сондықтан серіктестері аз үлкен кәсіпорындар үшін қолайлы болады. Сондықтан билатеральді байланыс көбінесе кәсіпорын ішіндегі жеке ақпараттық жүйелер арасында қолданылады, өйткені кәсіпорында есептеуіш техника сұрыпталымы шектеулі болып табылады, сондықтан талап етілетін жұмыс көлемі де шағын болады.

Екінші жол үйлесімділікті құру мәселесін байланыс қызметінің мамандандырылған кәсіпорнына артудан тұрады. Деректер таратылатын формада, оларды серіктес қабылдайтын түрде ғана сипатталады. Байланыс қызметінің кәсіпорны барлық қажет түрлендірулер мен аспаптарды қамтамасыз етеді. Осылайша, таратуға техникалық серіктес қосылады, сондықтан көп жағдайда ЭЕМ-дер тікелей байланыстырылмайды (offline).

Үшінші жол. Әдетте, байланыс қызметінің кәсіпорны клирингтік қарыз (clearing-house) принципінде жұмыс істейді. Оның ақпараттық жүйесі түйіндік ЭЕМ-нен (немесе түйіндік ЭЕМ желісінен) тұрады. Бұл ЭЕМ жадында әр абонент үшін электрондық «абоненттік жәшік» (mailbox) жасалады. Абоненттің ЭЕМ-і хабарламаны түйіндік ЭЕМ-ге жібереді, ол хабарламаны адресаттың «жәшігіне» жазады. Түскен хабардамалар әрдайым адресатта болады; адресат ЭЕМ-і жүйемен байланысқа түскенде, олар сәйкес жәшіктен «шығарылады». Абоненттік жәшік функциясынан басқа, клирингтік жүйелер деректерді өңдеу кезінде басқа да қызметтерді ұсынады.

Клирингтік байланыс қызметі кәсіпорындар арасында екі себеп бойынша кеңінен тарап келеді. Бір жағынан, ұзаратын логистикалық тізбектер бойындағы серіктестер арасындағы тиімді байланыс қажеттілігі артып келеді. Екінші жағынан, клирингтік жүйелер деректер базасы мен файлдарды жазу құрылымы әр түрлі болып келетін әр түрлі өндірушілердің сәйкес келмейтін ЭЕМ-дерінің байланысын мүмкін етеді. Бұл жол нақты уақыт масштабында тікелей байланыс орнатуды қажет етпейтін шағын немесе орташа деректер көлемін таратуға қолайлы болып табылады.

Жаңа ақпараттық техника да тасымалдау ұйымдарының арасындағы кооперацияға ықпал етеді. Шағын экспедиторлар бірігіп, белгілі бір аумақты алатын логистикалық желі жасай алады.

Логистиканың экономика саласына кеңінен енуі материалдық ағындарды басқаруды компьютерлендірумен байланысты. Микроүрдісорлық техниканың ақпаратты өңдеу жөніндегі күрделі мәселелерді шешу қабілеті ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді және онымен логистикалық үрдістің әр түрлі қатысушылары арасында өзара алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Деректерді электрондық тарату ақпараттық жүйелерді не әр түрлі ұйымдарды немесе бір кәсіпорынның аумақтық тұрғыда бір-бірінен шалғай орналасқан бөлімшелерін автоматтандырылған біріктіру болып табылады. Олардың арасындағы байланысты техникасы құралдарының көмегімен коммуникациялық жүйелер қамтамасыз теді. Бұл қызмет – деректерді қашықтықтан тарату.

Жеке өндірістік бірліктер аясында да, жалпы бүкіл фирмада да заманауи, тез әрекет ететін ЭЕМ, сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жасалатын ақпараттық инфрақұрылым ақпаратты көмекші фактордан еңбек өнімділігін айтарлықтай әрі қысқа мерзімде арттыра алатын және өндіріс шығынан минимумдай алатын дербес өндірістік күшке айналдырады.

Қазіргі таңда автокөлік көлігі әр түрлі климаттық және географиялық жағдайларда жұмыс істеу үшін оңтайлы әрі өтімді, анағұрлым бұқаралық және ыңғайлы көлік түрі болып табылады. Ол жүк пен жолаушыларды тасымалдауда тиімді құрал болып табылады.

Автокөліктердің техникалық сенімділігі мәселесі кешенді мәселе болып табылады және автомобильдерді жобалаудың заманауи әдістерін қолдануды және оларды жұмыс істеу күйінде сақтап қалудың технологиялық үрдістерін жетілдіруді қажет етеді.

Заманауи автомобильдердің жұмыс істеу қабылетін қамтамасыз етудің технологиялық үрдістерін жақсарту, көлік құралын пайдалану кезіндегі ақаулар қатерінің туындау ықтималдылығын төмендету мәселесі тұтынушылардың әрдайым өсіп отыратын талаптарына байланысты. Бұл мәселені шешу автокөлік түйіндері мен агрегаттарын жобалау, өндіру және техникалық қызмет көрсетудің заманауи әдістерін кешенді түрде қолдануға негізделеді.

Автокөліктердің техникалық пайдаланылуының дамуы былайша нысанивті тұрғыда қалыптасты, техникалық диагностика "Ережеде" көрсетілгендей, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудің технологиялық үрдісі элементінің орнын алды. Сонымен бірге диагностика автокөлік кәсіпорындарының техникалық қызметін басқару жүйесінде бақылау және бақылау-реттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдісі, яғни ақпараттық ішкі жүйе болып табылады.

Функционалдық тұрғыда диагностика мына мәселелерді шешу үшін арналған:

1. Пайдалану үрдісінде анықталған ақаулар мен істен шығуларды нақтылау.

2. Техникалық қызмет көрсету алдында ақауларды анықтау, оларды жою еңбек көлемді жөндеу немесе реттеу жұмыстарын қолданумен ағымдық жөндеу аймағында жүргізілуі тиіс.

3. Техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу жүргізу үрдісінде анықталған ақаулар мен істен шығулардың сипаты мен себептерін нақтылау.

4. Техникалық күйі қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмейтін автомобильдерді анықтау.

5. Автомобильдің, оның агрегаттарының және жүйелерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін болжау.

6.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісін даярлау, жоспарлау және басқаруға арналған жылжымалы құрамның техникалық күйі туралы ақпаратты алу және беру.

7.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша орындалған жұмыс көлемі мен сапасын бақылау.

Осылайша, диагностика еңбек өнімділігін, автомобильдер қозғалысының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек көлемділігін төмендету, отын-энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеу үшін қажет. Алайда диагностика арқылы техникалық пайдаланудың максимум ықтимал нәтижесіне оны автокөлік кәсіпорнында ұйымдастыру мәселелерін дұрыс шешу кезінде ғана қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда диагностика техникалық пайдаланудың міндетті элементіне айнала қойған жоқ, ол техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеудің өндірістік мәдениетінің факторы болып қана табылады. Диагностиканы енгізу қазіргі таңда ТҚ мен АЖ-дегі жоспарлы-алдын ала жүйесінің негіздеріне ықпал ете қойған жоқ және автокөлік жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындардың көп бөлігінің еңбек ету сипатына әсер еткен жоқ. Алайда техникалық пайдаланудағы диагностика сияқты прогрессивті өндірістік шараның мүмкіндіктері әлі де толық қолданылмай келеді.

Сонымен бірге диагностиканы қолдану мақсаттылығы күмән тудырмайды, бұл оны дұрыс ұйымдастыру кезінде енгізуден түсетін жоғары нәтижемен бірнеше рет дәлелденді. Жеке АКК-да диагностикалық кешендерді тұрақты әрі тиімді пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі бар. Сонда мынадай жағдай орын алады, диагностика автомобильдерді техникалық пайдаланудың өндірістік жүйесі ретінде техникамен толық қамтылмаған және өзіне тән әлеуетті бір уақытта пайдалана алмайды.

Диагностиканы қолданудан туындаған жағдай әр түрлі пайдалану ведомстволары мен шарттарына ортақ нысанивті себептермен байланысты, олардың ішінде автокөлік көлігінің экономикалық және ұйымдастырушылық мәселелері, қолданылатын техниканың жетілмегендігі бар. Олар диагностиканың мүмкіндіктерін шектейді, диагностикалау құралдарын жинақтауды және автокөлік кәсіпорындарын осындай жинақтармен жабдықтауды нашар ұйымдастырады, техникалық диагностика құралдарына дамымаған сервистік және метрологиялық қызмет көрсетіледі, оның ақпараттық қамтылуында кемшіліктер болады және т.б.

Көптеген автокөлік кәсіпорындары үшін диагностика техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық үрдістеріндегі шектеулі функциялары бар міндетті емес құрауыш болып табылады. Автомобильдер паркінің техникалық күйін, тексерілетін түйіндер номенклатурасын бағалау, жылжымалы құрамды жиілігі мен қамтуы бойынша тексеру бойынша бақылау жұмыстарының негізгі бөлігін механиктер, шеберлер мен бригадирлер субъективті, көзбен көру түрде, техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеудің еңбеккөлемділігін біршама арттыру арқылы орындайды. Сонымен бірге парктің көп бөлігі диагностикалаусыз пайдаланылады.

Қазіргі таңда автокөлік кәсіпорындарының жылжымалы құрамына да, жеке тапсырыс берушілерге де қызмет көрсететін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудің орталықтандырылған мамандандырылған өндірістерін жасауға байланысты диагностиканың жылжымалы құрамның техникалық күйі туралы ақпаратты «жеткізуші» ретіндегі рөлі айтарлықтай артады. Диагностика технологиялық үрдіс элементінен автомобильдің техникалық күйін басқару жүйесінің маңызды құраушысына айналады.

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен олардың жөндеу өндірісін даярлау, жоспарлау және басқару мақсатында жылжымалы құрамның техникалық күйі туралы ақпаратты алу мен беру мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Техникалық күйдің бақылау аралық қашықтықта өзгеруін қадағалау мүмкіндігі жоқ болғандықтан, диагностика техникалық қызмет көрсетуге немесе жөндеуге келіп түскен автомобильдің нақты күйі туралы ақпараттың негізгі және көп жағдайда жалғыз көзіне айналады.

Орталықтандырылған мамандандырылған кәсіпорындарда диагностика қабылдау бақылау рөлін атқарады, оның негізінде орындалатын жұмыстар көлемі, қажет материалдар мен қосалқы бөлшектер, қатар жүретін жөндеу жұмыстарының қажет көлемі, сонымен бірге қызмет көрсету мен жөндеуден кейінгі орындалған жұмыстар сапасы мен автомобильдің техникалық күйінің параметрлерін анықтайтын қорытынды бақылау көлемін де анықтайды.

Осылайша, диагностика өндірістік үрдісті басқаруда бастапқы деректерді береді және жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды, яғни жалғыз жетекші және бақылаушы орган болып табылады. Диагностиканы бұлайша қолдану алынған ақпаратты өлшеудің, өңдеу мен берудің нысанивті құралдарын қажет етеді.

Бұл мақсат үшін жартылай автоматтандырылған немесе компьютерлендірілген стендтер мен аспаптар анағұрлым қолайлы болып табылады. Сонымен қатар, батыс және отандық әзірлемелер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, техникалық диагностика құралдарын компьютерлендіру оларды өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің перифериялық құралдарымен біріктіру мүмкіндігін береді.

2.7.6 Диагностиканың өндірісті ақпараттық басқару жүйесіндегі орны. Автоматтандырылған диагностикалық стенды оператордың жұмысын жеңілдетеді, автомобильдердің техникалық күйін анықтау кезіндегі субъективті қателерді азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда диагностикалауды автоматтандыру рөлі қарқынды өсіп келеді, өйткені диагностика автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісін басқару жүйесінде ақпараттық бақылаушы блок ретінде қарастырыла бастады.

Бұл жүйе үш негізгі элементтен тұрады: автокөліктердің техникалық күйі туралы ақпарат, қажет қызмет көрсету немесе жөндеу туралы шешім қабылдау және шешімдерді жүзеге асыру.

Басқару үшін статистикалық және диагностикалық ақпарат қолданылады. Статистикалық ақпарат табиғаты бойынша иесіз және стандарт болып табылады, сондықтан нақты автокөлікпен оның ішкі жүйелерінің жеке ерекшеліктерін ескере алмайды. Диагностикалық ақпарат жеке болып табылады, сондықтан ол анағұрлым нақты әрі жедел.

Диагностикалық ақпарат технологиялық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Технологиялық ақпарат техникалық күйін басқару үшін, ал ұйымдастырушылық ақпарат автомобильдерге ТҚ мен оларды жөндеу өндірісін басқару үшін қызмет етеді.

Қазіргі таңда автокөлік кәсіпорындарында есептеуіш техника құралдарын енгізу жалғасып келеді. Өндірісті басқару орталықтары (ӨБО) және кәсіпорынды автоматтандырылған басқару жүйелері (КАБЖ) құрылуда. Бұл жүйелердің жұмыс істеу тиімділігі айтарлықтай дәрежеде жылжымалы құрамның техникалық күйі туралы ақпараттың жеделдігі мен толықтығына байланысты. ӨБО-на түсетін ақпарат көп жағдайда толық емес әрі күмәнді болады. Бұл негізінен бастапқы ақпаратты жинау мен таратудың, оны сақтау мен өңдеудің техникалық құралдарының болмауынан туындайды.

Диагностикалық құралдар ӨБО-на арналған бастапқы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Алайда автомобильдердің техникалық күйі туралы қолда бар автоматтандырылмаған құралдардың көмегімен алынатын ақпарат өте сирек қолданылады, өйткені ол өндірістік посттардағы жұмыскерлерге тікелей бағытталады.

Диагностикалық ақпаратты ӨБО-да қолдану мүмкіндігін алу үшін диагностикалау құралдары басқарудың екі деңгейін бір уақытта ақпаратпен қамтамасыз етуі керек: біріншісі, дәстүрлі – «автомобиль–диагностикалау құралы–жұмыскер» және екінші – «автомобиль–диагностикалау құралы–ӨБО–автомобильге ТҚ мен оны жөндеудә даярлау кешені–жұмыскер».

Автокөлік көлігіндегі КАБЖ-дың даму үрдісі ЭЕМ-ді мынадай принцип бойынша АКК-да пайдалану мақсаттылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жергілікті түрде жалпы пайдаланудағы АЕО (ақпараттық‒есептеуіш орталықтар) құрылады, АКК олардың абоненттері болып табылады. Бұл ретте ақпараттық орталықтармен ақпараттық байланыс желілік абоненттік пункттердің арзан стандарт аппаратурасының көмегімен жүзеге асырылады. Ақпаратты басқарудың екінші деңгейінде қолдану талаптарын қанағаттандыратын диагностикалаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жасау мәселелерін шешудің үш нұсқасы бар.

Бірінші нұсқада автоматтандырылған диагностикалық жүйе блоктық принцип бойынша құрамын ПЭЕМ жұмыс істейтін функционалды аяқталған элементтерде жұмыс істейді. Бұл ретте 20-дан бастап 100-ге дейінгі диагностикалық параметрлерді бақылауға, ал компьютерді қосқан кезде ТҚ мен жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімге жоспарлау мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін толық автономды диагностикалық автоматтандырылған құралдар жасалады. Бұл нұсқада КАБЖ-дың тікелей шығуы қарастырылмаған.

Екінші нұсқа датчиктерді ақпараттық орталықтың серверіне тікелей қосуға негізделеді. Сервердегі бағдарлама бойынша, диагностикалық ақпарат датчиктен байланыс арналары арқылы серверге түседі, дәл осы бағдарлама бойынша тесттік әсер жүзеге асады, ал өңдеу нәтижелері постқа және кәсіпорын ӨБО-на түседі. Бұл нұсқаны енгізу КАБЖ-ды АКК-ға енгізуге тікелей байланысты.

Үшінші нұсқа – алғашқы екеуі арасындағы аралық нұсқа. Диагностикалық құрал ақпаратты алады және оны диагностикалау барысында реттеулер мен жөндеу жүргізу үшін қажет диагноз деңгейіне дейін өңдейді. ТҚ-2 мен АЖ-ді жоспарлауға қызмет ететін ақпарат та диагноз деңгейіне дейін өңделеді, бірақ өтінімдерді қолмен толтыру үшін қолданылады. Дәл осы ақпарат жергілікті желі бойынша КАБЖ-ды АКК-на енгізгеннен кейін есептеуіш орталыққа түседі. Сәйкесінше, автоматтандырылған диагностикалау құралдарын енгізу бұл нұсқада КАБЖ-ды енгізу мерзіміне тәуелді болмайды, алайда оның ішінде жақсы орналасады.

2.7.7 Диагностикалауды ұйымдастыру ерекшеліктері. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеуді орталықтардыру мамандандырылған кәсіпорындарда өндірісті шоғырландыруды, көптеген автомобильдермен жұмыс істеу көлемін орындауды қажет етеді, бұл ретте автокөлік кәсіпорындарында жылжымалы құрамның техникалық күйінің өзгеруі мен істен шығуы туралы ақпаратты тиісінше жинау мен жинақтау жоқ. Мұның бәрі АКК үшін жалпыға қабылданған технологиялар бойынша диагностиканы қолдануды қиындатады, шешілетін мәселелерді және диагностиканың функционалдық қолданылуын өзгертеді, сонымен бірге жұмыстарды жоспарлау үшін диагностиканы ақпараттың негізгі көзі етеді. Мамандандырылған техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарында диагностика автокөлік келіп түскенде кіруді бақылау функцияларын орындайды. Бұл ретте бірге жүретін немесе ағымдық жөндеу және сәйкес техникалық қызмет көрсету жұмыстарының көлемін анықтау мәселелері шешіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін диагностика шығуды бақылау функцияларын орындайды, сапаны бағалау, жұмыстардың орындалу толықтығы және автокөліктің техникалық күйінің көрсеткіштерін анықтау мәселелерін шешеді.

Үлкен тәуліктік өндірістік бағдарлама кезіндегі диагностикалық жұмыстардың үлкен көлемі диагностикалауды ағындық желі бойынша ұйымдастыруды, өнімділігі жоғары автоматтандырылған жабдықты қолдануды және автокөліктердің диагностикалау аймағы арқылы екі рет – автокөлік техникалық қызмет көрсетуге түскен кезде және жұмыстар аяқталған кезде өтуін қажет етеді. Ағындық желі, өз кезегінде, автокөліктің жалпы техникалық күйін бағалағаннан кейін бірден терең диагностикалауды жүргізуге мүмкіндік бермейді, өйткені жұмыстарды орындау уақытының ағындық желінің әр постында жақын немесе бірдей болу керектігі белгілі.

Терең диагностикалау, әдетте, сол постта жұмыстар көлемі мен оларды орындауға жұмсалатын уақыт көлемінің күрт артуымен бірге жүреді. Сонымен қатар мамандандырылған техникалық қызмет көрсету кәсіпорнындағы диагностика автокөліктің техникалық күйін өндірісті даярлау мақсатында техникалық қызмет көрсеткенге дейін 1...2 күн бұрын бағалау мүмкінсіздігімен сипатталады.

Техникалық ықпал ету арасында автокөліктің техникалық күйінің өзгеруі туралы жинақтық ақпараттың болмауын орын алған ақаулар мен жарамсыздықтарды автокөліктің борттық журналына немесе автокөліктің мамандандырылған кәсіпорыннан шығуы кезінде берілетін диагностикалық картаға жазумен толтыруға болады, ал диагностикалау нәтижелері бойынша өндірісті даярлауды өндірісті, жұмыстарды жоспарлау жеделділігін арттыруды, есептеуіш техника құралдарын қолдану арқылы орындалған жұмысты есепке алу мен бақылауды басқаруды орталықтандырумен үдеткен жөн.

Автокөліктердің қызмет көрсетуге немесе жөндеуге келу мерзімі мен уақытын ұйымдастыру, кездейсоқтықты біршама дәрежеге жою, сәйкесінше диагностикалауға келген кезектің пайда болуын жою техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісін орталықтандыру кезінде диагностиканы ұйымдастырудың жағымды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық үрдісіндегі диагностиканың орны автокөліктерге орталықтандырылған қызмет көрсету мен оларды жөндеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорынның технологиялық үрдісінің сұлбасында көрсетілген (2.37-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]