- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
1.3 Сенімділіктің қасиеттері
Сенімділік нысанның белгілеуіне және оны пайдалану жағдайларына: тоқтаусыздық (тоқтаусыз жұмыс істеу), төзімділік, жөндеуге жарамды (технологиялық пайдаланушылық) тәуелді күрделі қасиет.
Егер автомобиль осы төрт қасиетке ие болса оны сенімді деуге болады. Нақты нысандар мен оларды пайдалану шарттары үшін бұл қасиеттер түрлі қатыстық мәндерге ие. Мысалы, жөндеуге жарамсыз нысандар үшін негізі қасиет тоқтаусыздық болса, жөндеуге жарамды нысандар үшін ең негізгі қасиеттердің бірі ол жөндеуге келетіндік.
Тоқтаусыз жұмыс істеу – нысанның біршама уақыт немесе біршама атқарым ішінде жұмыс істеуге қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті. Автомобильдің атқарымын әдетте жүріп өткен жолының километрімен немесе сағатпен өлшейді.
Кейде тоқтаусыз жұмыс істеудің астарында сенімділікті толығымен дұрыс түсінбей жатады. Тоқтаусыз жұмыс істеу – жалпы «сенімділік» түсінігінің бір құрамдас бөлшегі ғана. Кейбір жағдайларда тоқтаусыз жұмыс істеу шешуші қасиет болады, мысалы, автомобильдің тежегіш жүйесі мен меңгеріктік басқару кезінде. Автомобильдің тежегішінің немесе рульмен басқаруының істен шығуының соңы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл жүйелердің жұмысына адам өмірінің қауіпсіздігі мен ең маңызды міндеттері байланысты. Сондықтан мұндай нысандылер үшін тоқтаусыз жұмыс істеу сенімділіктің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Тоқтаусыз жұмыс істеу нысанның барлық мүмкін режимдерінің кез-келген дәрежесіне тән. Негізінде тоқтаусыз жұмыс істеу нысанның жұмыс режиміне қолдану қарастырылады, бірақ көп жағдайларда нысанды сақтау мен тасымалдау кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуді бағалау жасау керек.
Төзімділік – нысанның техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесін белгілеген жағдайдағы шектік күйі басталғанға дейінгі тоқтаусыз жұмыс істеуді сақтау қасиеті.
Жөндеуге жарамсыз бұйымдар үшін тоқтаусыз жұмыс істеу мен төзімділік қасиеттері бір-біріне келеді, өйткені бірінші істен шығу олардың шекті күйі болып саналады. Жөнделетін бұйым экономикалық ойға қонымды болса, тоқтап қалғаннан кейін қалпына келуі мүмкін. Бірнеше рет жөндеуге келетін кейбір бұйымдар үшін төзімділіктің шегі олардың есептен шығарылатын уақыты келгенде, әдетте әрі қарайғы пайдалануда немесе моральды тозу экономикалық қолайсыздық тудырған жағдайда. Сол сияқты автомобильдер мен олардың агрегаттары да бірнеше рет жөндеуге жарамды, бірақ жөндеуге жарамсыз уақыты келгенде оларды есептен шығарады.
1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
а) автомобильді толығымен алғанда; б) агрегаттары мен жүйелер бойынша.
Нысан жұмысқа қабілетті кезінде де шекті күйге ауысуы мүмкін, мысалы, оның әрі қарайғы белгіленуі бойынша қолданылуы қауіпсіздік, экономикалық, тиімділік және залалсыздығы талаптарға сай келмеген жағдайда. Жұмысқа жарамсыз күйге енген нысан, егер жұмысқа жарамдылығы қолайлылы немесе жарамды болса шекті күйге жетпеуі де мүмкін.
Жөндеуге жарамдылық – нысанның техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жолы арқылы алдын ала ескертуге қабілеттілігі мен істен шығудың, бұзылудың себептерін анықтау, жұмысқа жарамды күйін қолдау мен қалпына келтіру қасиеттері.
Жөндеуге жарамдылық ТҚ пен нысандардың жөндеу технологиясының жиынтығын көрсетеді. Уақыт пен еңбек шығындары ұйымдар, технологиялар, материалды-техникалық қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігі және с.с. бойынша ТҚ пен жөндеу операцияларын орындауда міндеттелген шарттармен анықталады.
Автомобильді пайдалану технологиясы - оның экономикалық технологиялылық үрдістерді пайдаланумен ТҚ және жөндеу кезіндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуға бейімділігін сипаттайтын құрылымының жиынтық қасиеті. Автомобильді пайдалану технологиясы конструктивті-өндірістік және пайдалану факторларымен анықталады. Конструктивті-өндірістіктік факторлар автомобиль құрылымының қасиетін анықтайды, оларды автомобиль жасау кезінде есепке алады. Пайдаланушылық факторлары конструкция қасиеттері айқындалатын ортаны анықтайды. Олар автомобильді жасау кезінде де, пайдалану кезінде есепке алынуы керек.
Конструктивті-өндірістік факторларға: бақылауға жарамдылық, қол жетімділік, жеңіл алмалы-салмалы, өзара алмасушылық, агрегаттар мен жүйелерді бірегейлендіру, ТҚ және диагностикалау құралдарының ауыспалылығы жатады.
Бақылауға жарамдылық – техникалық диагностиканың (ең алдымен автоматталған және бұзбайтын бақылаудың барлық әдістері мен құралдары) түрлі құралдары және әдістерімен автомобильдің, агрегаттардың және жүйелердің техникалық күйінің диагностикалық параметрлерінің бақылауын жүргізудегі маңызды фактор. Ол тәжірибеге ТҚ мен автомобильдерді жөндеудің тиімді, жаңа әдістерін енгізуде шешуші ықпал етеді. Бақылауға жарамдылық автокөлік қозғалысының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етумен анықталады.
ТҚ және жөндеу нысанының қол жетімділігі – автомобильдің профилактикасы мен жөндеу кезіндегі шығындарды қысқартудағы басты фактор. Бұл фактормен ТҚ және автомобильді жөндеу жұмыстарының шарттары, сонымен қатар минималды көлемдегі қосымша жұмыстармен немесе мүлдем оларсыз болатын профилактика мен жөндеудегі арнаулы операцияларын орындаудағы нысанның жарамдылығы анықталады.
Жеңіл алмалы-салмалы дегеніміз уақыт пен еңбектің минималды шығынымен бұйымды ауыстыруға жарамдылықты білдіреді. Жеңіл алмалы-салмалыны қол жетімділікпен шатастыруға болмайды, өйткені автокөлікте қол жетімділікпен жақсы қамтамасыз етілген, бірақ пайдалану кезінде ауыстыру қиындық тудыратын бұйымдар болады. Жеңіл алмалы-салмалылық пайдалану кезінде ауыстырылатын жалғағыш конструкцияларында, ауқымды және габаритті өлшемді алмалы элементтердің бұйымдарын бекітуде қолданылатын негізгі тәсілдерде анықталады.
Құрамдас өнімдердің (бөлшектердің) өзара алмасушылығы көптеген бір атаулы бұйымдардан (бөлшектерден) таңдаусыз кез-келгенін алуға және дайындықсыз (технологиялық өтемдеуішті қолдануға болады) автокөлікке орнатуға болады дегенді білдіреді. Дайындық жұмыстарының көлеміне байланысты соған сәйкес өзара алмасушылық (өзара алмасушылық дәрежесі үлкен болған сайын, дайындық жұмыстар көлемі азаяды) дәрежесі анықталады. Өзара алмасушылық ТҚ мен жөндеу кезінде еңбек, материалдар мен автокөліктердің тұрып қалу шығындарын төмендетуде үлкен рол атқарады.
ТҚ құралдары мен бақылау-диагностикалық жабдықтардың ауыспалылығы автомобильдердің жаңа үлгілеріне қызмет көрсету мен жөндеу үшін бар құралдарды пайдалану мүмкіндігі дегенді білдіреді. Бұл фактордың жұмыс орнын ұйымдастыру мен оны орындаушыға ыңғайлылық, уақыт пен ТҚ және жөндеу бағасына едәуір ықпалы болады.
Автомобиль агрегаттары мен жүйесін бірегейлендіру – оны пайдалану технологиялылығының артуы ғана емес, сонымен бірге барлық автомобиль паркілерінің пайдалану тиімділігін арттыруда маңызды фактор, өйткені ТҚ пен жөндеу оңтайландырылады және арзанға түседі, бақылау-диагностикалық жабдықтардың қажетті бірнеше түрін қысқартады және АКК қоймаларында қосалқы бөлшектер тізімдемесін азайтады.
Конструкцияның мұндай сапасы, оның құрамдас бөлігін бірегейлендірудің деңгейі сияқты пайдалану тиімділігін арттыруда маңызды фактор, тек бірегейлендірудің жоғары деңгейі автомобильдің бөлшектері мен түйіндерінің, ТҚ және жөндеу кезіндегі төменгі еңбексыйымдылығының есебінен жетсе. Өкінішке орай қазіргі уақытта бұйымдарды бірегейлендіру деңгейінің барлық стандартталған көрсеткіштер факторы машинажасауда есепке алынбайды.
Пайдалану аясындағы материалдық және еңбек қорларын айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз ететін автомобильдер паркінің технологиялық үйлесімділігінің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік бермейтін автомобильдің (6 %... 12 %) зауыт аралық бірегейлендіруінің төменгі деңгейінде автомобильдерді (75 %...90 %) зауыт ішілік бірегейлендірудің жоғары деңгейі жеткілікті. ҒЗИАТ мәліметтері бойынша автомобильдердің технологиялық деңгейін 1 % конструкциялар есебінен жоғарылату мен ТҚ және жөндеудің технологиялық құралдарын сәйкесінше жетілдіру шығын көлемін 0,2 % төмендетеді.
Пайдалану факторларына: ТҚ және жөндеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру формасы, өндірістік-техникалық база күйі, ТҚ және жөндеу бойынша жұмыс жасайтындардың біліктілігі, қосалқы бөлшектер мен материалдар талаптарын қанағаттандыру, техникалық құжаттардың толықтығы мен сапасы және т.с.с. жатады.
Автомобильдің технологиялық пайдалануын бағалау үшін негізгі (жалпылама) және қосымша (жеке-дара) көрсеткіштер қолданылады. Бұл, автомобильдің технологиялық пайдаланушылығын анықтайтын әр түрлі көп факторлардың толық есебімен түсіндіріледі, оларды бір көрсеткішпен бағалау қиын.
Негізгі (жалпылама) көрсеткіштерге: ТҚ мерзімділігі, ТҚ салыстырмалы Шұғыл еңбексыйымдылығы, ағымдағы жөндеудің салыстырмалы Шұғыл еңбексыйымдылығы жатады. Негізгі көрсеткіштердің сандық мәнін өндіріске жіберілмей тұрған кездегі бұйымның конструкция үрдісі кезіндегі әзірлеме мен келесі бақылаудың техникалық міндеттеріне қосу жатады.
Жеке-дара көрсеткіштер автомобиль құрылымының жекелеген қасиеттерін сипаттайды. Олар нөлден бірлікке дейінгі шекте өзгеретін мөлшерсіз коэффициенттер түрінде көрсетіледі. Егер оның қасиетін сипаттайтын коэффициент бірлікке (соған жақын) тең болса, онда оның барлық қасиеттеріне қатысты қойылатын талаптарға толығымен коэффициент жауап береді деп есептеледі. Жеке-дара көрсеткіштер тізімдемесі ең алдымен қолжетімділік есебімен, жеңіл алмалы-салмалылығымен, өзара алмасушылығымен, бақылауға жарамдылығымен, ауыспалылығымен және т.б.анықталады.
Автомобильді технологиялық пайдалану көрсеткіштерінің мәнін анықтау үшін: автомобиль мен оның элементтері туралы жұмыс жасап тұрған қорлары; автомобиль қызмет көрсету мен жөндеудің жекелеген түрлерінің түрі, мерзімділігі және еңбексыйымдылығы; автомобиль агрегаттарының өзара алмасушылық дәрежесіне, агрегаттарды ауыстыруға қажетті уақыт; автомобильге ТҚ және жөндеу жұмыстары кезіндегі қосалқы бөлшектер мен материалдар шығыны; бөлшектеу және бөлшектеусіз пайдалану кезіндегі мерзімдік бақылауына жататын, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен т.б. автомобиль элементтерінің тізімі туралы мәлімет болу керек.
Қосымша көрсеткіштерге (жеке-дара): ТҚ және АЖ бойынша технологиялық пайдалану көрсеткіштері; ТҚ және АЖ бойынша технологиялық пайдалану деңгейлері; ТҚ және АЖ бейімділік коэффициенттері; жұмыс түрлері бойынша ТҚ кезіндегі салыстырмалы операциялар саны; қолданылатын жанар-жағармай материалдары мен технологиялық сұйықтықтар маркасының саны; құрал-саймандардың пайдаланушылық коэффициенті жатады.
Сақталушылық – нысанның сақтау кезінде және одан кейін және (немесе) тасымалдауда тоқтаусыз жұмыс жасау, төзімділік, көрсеткіштерінің мәнін сақтау және жөндеуге жарамдылық қасиеттері.
Нысанның сақталушылығында оның тоқтаусыз жұмыс жасау, төзімділік, көрсеткіштерінің мәнін сақтау және жөндеуге жарамдылығын сақтау немесе тасымалдау ұзақтығының кері әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды. Сақталатындық екі құрамдас бөліктен тұрады, біреуі сақтау кезінде байқалса, екіншісі нысанды сақтаудан кейін және (немесе) тасымалдау кезінде қолданылады. Қажетті жағдайларда ұзақ уақыт сақтау мен тасымалдау үшін көптеген нысандар сақтау уақытындағы қылығына ғана емес, одан кейінгі пайдалануға да кері әсерін тигізуі мүмкін.
