Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының

сұлбалары

Күш стендтерінде автомобиль доңғалақтарындағы тартыс күшін, олардың айналу жылдамдығын, трансмиссия кедергісін және отын шығынын анықтайды және анықталған жүктемелер мен жылдамдық режимдері кезінде тікелей берілісте өлшейді. Әдетте мұны максимум айналу сәтінің режимінде және қозғалтқыштың максимум қуатының режимінде істейді.

Стенд құрамына кіретіндер: тіреу құрылғысы, тежеу құрылғысы, басқару пульті, автомобиль қозғалтқышын суытуға арналған желдеткіш.

Стендтердің тіреу құрылғысы (2.5-сурет) автомобильдің бір немесе екі жетекші осіне арналған жүгіріс барабандары бар рама болып табылады және бір барабанды, екі барабанды, үш және төрт барабанды болады, бұл ретте барабандар автомобиль өсінің әр доңғалағы үшін кесік және автомобильдің бүкіл өсі үшін тегіс бола алады.

Стендтер арасында автомобильдің әр жетекші доңғалағына арналған екі барабаны бар тіреу құрылғылары анағұрлым кең тараған. Тіреу құрылғыларын автомобильдің стендтен жүріп түсуін қамтамасыз етуге арналған барабандар арасында орналасқан барабан тежегіштерімен және көтергіштермен жабдықтайды. Барабандар радиусы rб және осьаралық қашықтықты l0 доңғалақ тербелісіне ең төмен ықтимал кедергі анықтау (rб үлкен, ал l0 аз болған сайын, тербеліске кедергі төмен болады) және автомобильдің сынақтар кезінде шығып кетуін қамтамасыз ету шартынан таңдайды. Тегіс болат барабандар үшін ілініс коэффициенті φ=0,5 болғанда, барабан радиусы rб = (0,5-0,7) rк тең деп қабылданады. 2.6-суреттегі сұлбадан көріп отырғанымыздай, шығыршықтар арасындағы қашықтық l0 = 2×(rк+rб)×sin α, мұнда α – ілініс бойынша шығып кетпеу бұрышы (8°-12°).

Барабандардың бірі автомобиль қозғалысының жылдамдығын өлшегішпен, ал екіншісі жүктеу құрылғысымен жалғастырылған. Жүктеу құрылғылары доңғалақтардың көмегімен айналатын барабандарды тежеу арқылы диагностикаланатын автомобильдің берілген жүктемелік және жылдамдықтық жұмыс режимдерін жасау үшін қызмет етеді. Жүктеу құрылғылары ретінде гидравликалық, электродинамикалық немесе қол тежегіші, ауыр сермерқолданылады. Ауыр сермер инерциялық типтегі стендтерде қолданылады. Сонымен бірге стендтерді тесттік режимдерді автоматты түрде беруге, диагноз қоюға және ақпарат беруге арналған құрылғыдармен жабдықтауға болады.

Құрама стендтерді теңгерімдік тежегішпен және ауыр сермер жабдықтайды. Тежегіш пен барабанның арасында редуктор орнатуға болады. Барлық тежегіштер бір-бірінен қатты ажыратылмайды. Олар жүгіріс барабандарына 2 жалғасқан ротордан 1 (2.7-сурет) және теңдестірулі ілінген статордан 3 тұрады.

2.6 сурет – Автомобиль доңғалақтарының жүгіру барабандарымен өзара әрекеттесуі кезіндегі күш әсерінің сұлбасы

2.7 сурет – Жүк түсу құрылғысы құрылымының сұлбасы

1 – ротор, 2 – жүгіру барабаны,

3 – теңгергіш статор

Айналдыру сәтін ротордан статорға беру жүктеу құрылғысының түріне қарай жүзеге асырылады: гидравликалық тежегіште - статор мен ротор арасында судың жылжуына жұмсалатын энергия шығындары арқылы; электрлік тежегіште - ротор мен статор оралымдарының арасындағы өзара әрекеттесуді жеңу арқылы; электродинамикалық тежегіште - ротордың статордағы катушкалардың магниттік өрісінде оның айналуы кезінде пайда болатын құйынды тоқ нәтижесі арқылы.

Жүктемені арттыру мен азайтуға бірінші тежеуде гиротежегішті сумен көп немесе аз толтыру арқылы, екінші және үшінші тежеуде статорды қоздыру оралымдарындағы тоқ күшін өзгерту арқылы қол жеткізіледі. Статорға берілетін айналу сәті оны бұруға ұмтылады. Статордың айналу күшін механикалық, электрлік немесе гидравликалық датчик 4 қабылдайды. Мұндағы барабандарға берілетін қуат мына формула бойынша анықталады:

,

(2.11)

мұнда P – доңғалақтардағы тарту күші;

n – барабандардың айналу күші;

күш берілісінің п.ә.к.;

l – күш әсерінің иығы;

V – барабандардың сызықтық жылдамдығы;

716,2 мен 270 – қуаттың ауыспалы коэффициенттері.

Қуатты өлшеу режимін былайша таңдайды: сыртқы жылдамдық сипаттамасы бойынша (2.8-сурет) максимум қуатқы немесе максимум айналу сәтіне сәйкес келетін нүкте таңдалады, осы режимдерде қуатты өлшеу жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]