Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:

1 - зонд; 2, 3 - сүзгілер; 4 – мембраналық сорап; 5 - параболикалық айнасы бар сәуле таратқыш; 6 - қозғалтқышы бар бленда доңғалағы; 7, 8 – өлшеу және салыстыру камералары; 9 – сәуле қабылдағыш; 10 ‒ күшейткіш;

11 - индикатор; 12 - тіркеуші аспап

Акустика-абсорбциялық газ талдағыштар инфрақызыл сәуле энергиясының жұтылуын пайдаланылған және эталонды газбен салыстырмалы түрде өлшеуге негізделеді. Бұл газ талдағыштар пайдаланылған газды құрайтын компонеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Газ талдағыштың құрамына газ жинағыш зонд, суыту құрылғысы, ылғал бөлгіш, бақылау және жұқа тазарту сүзгілері, сорап және конденсат жинағыш жатады.

Инфрақызыл газ талдағыштар қатарына отандық газ талдағыш ГАИ-1 жатады (2.13-сурет), ол қоршаған орта температурасы 273-тен 313 К-ға дейін, ал салыстырмалы ылғалдылық 80 %-ға дейін; газ талдағыштарды қоректендіру 12 ± 1,2 В немесе 220 В (±15 %) болғанда қолданылады.

2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш

СО-ны өлшу ауқымы 0-ден 5 %-ға дейін және 0 - 10 %; негізгі қателік ±3 %-дан аспайды, ал тұрақтылық өлшеудің жоғарғы шегінен ±2,5 %-ды құрайды.

ЕРА-75, Junior-880 газ талдағыштары және мотор-тестер Multitest-15, E1FC-1089А газ талдағыштары жоғары қызығушылыққа ие болуда. Бұл газ талдағыштардың негізгі артықшылықтары: пайдалану ыңғайлылығы, тез әрекет етуі, ұзақ мерзімділігі, жоғары өлшеу дәлдігі, шағын габариттер.

МЕМСТ 17.2303 - 87 сәйкес пайдаланылған газды (ПГ) талдау бос жүрістің минимум тұрақты айналу жиілігінде және 0,6×nном тең болатын айналу жиілігінде жүргізіледі, мұнда nном - автомобиль қозғалтқышының иінді білігінің номинал айналу жиілігі.

Бірінші жағдайда СО-ның мөлшері көлемі бойынша 1,5 %-дан, ал екінші жағдайда 1 %-дан аспау керек. Газ талдағыштың деректері бойынша қоспаның пайда болу және қоспаның жану үрдісінің дұрыстығын бірден байқауға болады.

Екі құрауышты газ талдағыштармен (CO, СН) өлшенетін парамтерлердің мөлшері заманауи автомобильдер үшін жеткіліксіз болып табылады. Төрт құрауышты газ талдағыш (CO, СН, CO2, O2) өте жеткілікті. Барлық төрт құрауышты газ талдағыштардан қосымша датчик орнату арқылы бес құрауышты газ талдағыш (CO, СН, CO2, O2, NOx) жасауға болады.

NOx бойынша EGR жүйесінің тиімділігі туралы айтуға болады. EGR жүйесі ПГ бір бөлігін кіріс коллекторына қайтарады да, жану камерасындағы температураны төмендетеді. Бұл құрауышсыз да жұмыс істеуге болады, өйткені егер EGR клапаны вакууммен басқарылса, онда оны вакуумды сорап көмегімен жеңіл тексеруге болады. Электрондық-басқарылатын EGR сканермен тексеріледі.

Газ талдағыш қалай жұмыс істейді? Газ шығаратын түтікке кем дегенде 600 мм тереңдікте орнатылатын жинағыш зонд арқылы сорап ПГ-ды инфрақызыл камераға сорады, онда инфрақызыл сәуле шығарғыштар мен қабылдағыштар болады. Әр түрлі газ әр түрлі бұрмаланады, ал аспап бұрмалану коэффициентін есептейді. Осының негізінде пайдаланылған газдағы қандай да бір заттың шоғырлануы туралы қорытынды жасалады. Оттегі (О2) - арнайы электрохимиялық датчикпен өлшенеді. Есептеу лямбдасы – ауа шығынының коэффициенті күрделі формула бойынша есептеледі.

Пайдаланылған газдың түтіндігі дизельді қозғалтқыштар үшін анықталады және пайдаланылған газдың оптикалық тығыздығы бойынша бағаланады. Ол аспап шкаласы бойынша анықталады, жарық ағыны қиылысатын мөлдір шыны түтік оның негізі болып табылады. Жарықтың жұтылу дәрежесі ПГ түтіндігіне байланысты болады.

ПГ-дың түтіндігін өлшеу ТҚ кезінде, қозғалыссыз тұрған автомобильдің жылулық аппаратурасын жөндеу мен реттеуден кейін және иінді біліктің максимум айналу жиілігі кезінде жүргізіледі. ПГ температурасы 70 °С-тан төмен болмау керек.

КамАЗ, МАЗ, КрАЗ автомобильдеріндегі пайдаланылған газ бен олардың модификацияларының түтіндігі еркін үдеу режимінде 40 %-дан, ал максимум айналу жиілігі кезінде 15 %-дан аспау керек. МАЗ, КрАЗ автомобильдері үшін түтіндігін еркін үдеу режимінде 15 %-ға арттыруға болады. ТҚ-2 кезінде қоректендіру жүйесінің агрегаттарына қызмет көрсету мен оларды диагностикалауды сәйкес цехтарда арнайы стендтарда жүргізеді. Ол үшін отын жабдығын (ЖҚОН, форсункаларды, ТПН, бүкіл режимді реттегішті, отын бүркуін озу муфтасын) қозғалтқыштан демонтаждайды да, арнайы стендтерде тексереді және реттейді.

2.4.4  Электр құралдары жүйесінің аспаптары бойынша бақылау-диагностикалау және реттегіш жұмыстары. Автомобильді пайдалану кезінде электр құрылғылары жүйесінде ақаулар жиі болып тұрады. Негізгі ақаулардың көпшілігі аккумулятор батареясынан және реле-реттегіш генератор, оталдыру жүйесінде болады.

Аккумулятор батареясының негізгі ақауларына: тоғынан айырылуы мен өздігінен айырылу, тұздану мен тілімшелердің қысқа тұйықталуы жатады. Ең қиын жойылатын ол тұздану, оның қиындығы электролиттелген деңгейдің төмендігінен тілімшелердің белсендік қабатының ірі кристалды күкірт қышқылды қорғасынмен қапталғандығы, аккумуляторды ұзақ уақыт бойы қуатсыз ұстау, электролиттің жоғары тығыздығы, батареяны өте сирек қуатттау мен стартерді шектен тыс көп қолдану болады. Аккумуляторда тілімшелердің қысқа тұйықталуы тілімшелерден түскен көп мөлшердегі белсенді массаның құтының түбіне тұнуынын болады. Көп мөлшердегі белсенді массаның құтының түбіне тұнуы батарея сыйымдылығының төмендеуіне әкеледі. Бұдан басқа аккумулятор батареясының ақаулары электролит мөлшері мен оның тығыздығының төмендеуі, құтының қабырғаларында сызаттардың пайда болуынан да болады.

Аккумулятор батареяларын диагностикалау оның сыртқы бетін тексеру, электролит деңгейі мен оның тығыздығын, сондай-ақ батареяның жүктеме астындағы кернеуін қарау. Дара блогында сызаты бар аккумулятор батареясы бөлшектеуге, ал дара блокты ауыстыруға немесе жөндеуге болады. Дара блоктағы сызат болмаған жағдайдағы электролит деңгейінің төмендеуі кезінде тазартылған су құяды, себебі ол қышқылға қарағанда тез буланады. Электролиттің тығыздығы электролит шарбағына арналған резина алмұртымен шыны түтікке салынған ареометрмен өлшенеді. Элекролиттің тығыздығы 0,01 г/см3 азайса аккумулятор батареясының 6 % тоғынан айырылуына сәйкес келеді.

Аккумулятор батареясы егер бір аккумулятордың тоғынан айырылуы жазда 50 %, қыста 25 % болатын болса, ол қуаттау немесе жөндеуді қажет етеді. Егер ең болмаса бір құтысының электролит тығыздығы 1,19-1,2 г/см3, қалыпты жағдайда жазда 1,27 г/см3 және қыста 1,29 г/см3, онда аккумулятор қуатты немесе жөндеуді қажет етеді. Қуатталғаннан кейін электролит тығыздығын су құю арқылы немесе электролит тығыздығы 1,4 г/см3 қалпына келтіріледі.

Электролит тығыздығының өзгеруі аккумулятор батареясының тоғының дәрежесін көрсететін негізгі көрсеткіш. Айналадағы температураның төмендегеніне байланысты аккумулятор параметрлері де нашарлайды, алайда басқа типті аккумуляторлармен салыстырғанда, қорғасын-қышқылды аккумуляторлардың нашарлауы жай болады, ал бұл оларды көліктерде кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді. Қорғасын-қышқылды аккумуляторлар +20 °C әрбір градусына ~1 % сыйымдылығын жоғалтады деп саналады. Яғни, қорғасын-қышқылды аккумуляторлар −30 °C-та сыйымдылығы бар болғаны 50 % құрайды. Сыйымдылық пен тоқ беру төменгі температураларды бірінші кезекте, электролиттің қоюланғанынан, электродтарға толық көлемде түсе алмайды да, оларға жақын реакция жасап, жылдам бітеді. Толығымен қуатталмаған аккумулятор аяздарда электролиттің төмен тығыздығынан суып, ісініп кетуі мүмкін (1,1 г/см3 жақын)

Жұмысқа қабілеттілігін жүктемелік ашамен (батареяның кернеуі қуатты) тексереді. Жөнделген және қуатталған аккумулятордың кернеуі жүктемені имитациялайтын эталондық кедергінің қосылып тұрған күйінде бесінші секундтың соңында 1,7-1,8 В шегінде өзгеріссіз қалады. Егер кернеу 1,4-1,5 В азайса батарея әлі де қуаттау немесе жөндеуді қажет етеді. Егер аккумуляторлық батарея қышқылды-тірек шайырмен (мастикамен) қапталса, оның жұмысқа жарамдылығын қозғалтқышты стартерге қосқан кездегі түскен керне арқылы тексереді, жарамды қалпы 10,2 В аз болмауы керек.

Генератор мен реле-реттегіштердің ақаулары: коллектордың кірлеуі, щеткалардың тозуы, щетка ұстағыштардың серіппесінің сынуы немесе әлсіреуі, қозу орамасындағы үзілелер, шарғыдағы орама аралық тұйықталу мен генератор тұрқына шарғының тұйықталуы, якорь массасының тұйықталуы мен якорь орамасының үзуі, белдіктің шамадан тыс тартылуы және т.б. Бақылау-диагностикалық жұмыстар вольтметрдің, амперметрдің және реостаттың көмегімен сынақ жүктеме режимі беріледі, автомобильдегі барлық электр қуатын пайдаланатын барлық тұтынушыны қосқанда толық қуатталған батарея генератордың толық жүктемесін қамтамасыз ете алмайды.

Бақылау-диагностикалық технологияның жұмысы мынада: Ең бірінші өшіп тұрған жүктемедегі беріліс басындағы генераторды тексереді, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін тахометр бойынша анықтау барысында, генератор 12,6-13,2 В номиналды кернеуін бере бастайды Одан кейін жүктемені қосады (автомобильдің жарық құралдары мен реостат), иінді біліктің айналу жиілігін анықтайды, генератордың толық берілісі байқалған кезде, яғни номиналды кернеу кезіндегі тоқ жоғары күші. Алынған жиілік мәндері техникалық жағдайлармен салыстырылады. Сәйкестік болмағана жағдайда генераторды ауыстыру керек.

Ауыспалы тоқтың генераторы мен реле-реттегіштің техникалық күйін бағалау кері релелік тоқтың болмауынан және генератордың даму қуатына өзін өзі шектеу түрлерімен жеңілдетілген. Сондықтан генератордың шектеулі кернеуі мен жұмысқа жарамдылығын тексеру жеткілікті, кернеудің шектеуішін қосулы тұрған тұтынушы және айналудың жоғары жиілігінде тексереді. Генератордың жұмысқа жарамдылығын тоқты тұтынушылар қосулы күйде тоқтың толық берілісі кезінде бағалайды.

Алайда тексерудің мұндай әдісі тіпті қосымша сынау режимдерді болған кезеде генератордың ауыспалы тоғының үзілу ақауларын немесе статордың масса және үзілу орамасының тұйықталуын немесе түзеткіш диодтарының ойық сипатын анықтай алмайды. Бұл ақауларды осциллограммалармен жеңіл анықтауға болады (2.14-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]