- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
1.6 Сақтық қорда сақтау
Сақтық қорда сақтау – нысанның бір немесе бірнеше элементінің бұзылуы кезіндегі жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін қосымша амалдар мен мүмкіндіктерді пайдалану.
n тізбектеле қосылған элементтерден (бөлшектерден) тұратын, өзіндік бір жүйені көрсететін, қандай да бір машинаны алып қарастырайық. Берілген P1(l), P2(l),...Pn(l) атқарым кезінде әрбір элементтің тоқтаусыз жұмысы ықтималдығын біле отырып, сол атқарым мерзіміндегі Рn (l) барлық жүйенің тоқтаусыз жұмыс ықтималдығын анықтаймыз. Ол үшін тәуелсіз оқиғалар туындылары ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдығына тең болғандықтан, ықтималдықтың көбейту теоремасын пайдаланамыз. Мұнда бірнеше оқиғалардың әсер етуінен осы барлық оқиғалардың бірлескен пайда болуынын тұратын оқиға екенін түсінуіміз керек.
Қарастырылып отырған оқиғада n түрлі оқиғалар алынған, олардың әрбіреуі жүйенің қандай да бір элементінің тоқтаусыз жұмысына байланысты. Тізбектеле қосылған элементтердің барлық жүйесі оның түгел элементі бір мезгілде тоқтаусыз жұмыс жасаған кезде ғана тоқтаусыз жұмыс жасайды. Біреуінің қатардан шығуы сол екен, барлық жүйе істен шығады.
Сондықтан, тап осы жағдайда оқиғаның көрінісі ретінде барлық жүйенің тоқтаусыз жұмыс ықтималдығы болады. Сөйтіп, ықтималдықтың көбейту теоремасы негізінде:
Pn(l)
= P1(l),
P2(l),...,
Pn(l)=
Pi(n).
(1.28)
шығады.
Тоқтаусыз жұмыс ықтималдығы бөлшектері 0...1 сандары арасында өлшенетіндіктен, тізбектеле қосылған бөлшектер саны артқанда тоқтаусыз жұмыс ықтималдығы жүйесі кемиді және нөл шегіне ұмтылады:
Pn(l) = Pi(l) 0 болғанда, n . (1.29)
(1.28) формула, тіпті ең сенімді элементтердің өзінен сенімсіз жүйе құрылуы мүмкін екенін көрсетеді.
Алайда, сенімділік теориясы сенімсіз элементтерден сенімді жүйе құру туралы кері тапсырманы да шешеді. 1, 2, ..., n элементтерін жүйеде тізбектей емес, параллель қосып көрейік (1.12-сурет).
1.12-сурет – Жүйедегі элементтердің параллель тізбектей қосылуы
Бұл жүйенің тоқтап тұру күйі үшін, оның барлық элементтерінің бір мезгілде /бірлескен/ бұзылуы керек, өйткені жүйедегі бір элемент жұмыс істесе, барлық жүйе жұмыс күйінде болады. Бір элементтің (әрбіреуінің) тоқтап тұру ықтималдығын q(l), ал n параллель тізбектелген элементтер жүйесінің тоқтау ықтималдығын Qn(l) деп белгілейік. Онда ықтималдықты көбейту теоремасы негізінде
Qn (l) = [q(l)]n. (1.30)
Жұмыстың тоқтаусыз және істен шығу ықтималдығы бір-бірін толықтыратын бірлік шамалары екені белгілі:
Qn(l)=1–Pn(l); q(l) = 1–P(l). (1.31)
Осыдан элементтердің параллель тізбектелген тоқтаусыз жұмыс жүйесі ықтималдығы шығады
Pn(l)=1–[1–P(l)]n. (1.32)
Тәжірибеде көрсеткендей, кез-келген сенімділіктегі әрбір элементтің қосарланған немесе сақтық қорда сақталған элементтерінің санын арттырғанда, алдын ала тапсырылған сенімділік жүйесін алуға болады. Сақтық қорда сақтау жүйені қымбаттатып, оның сенімділігін арттырады. Алайда, тәжірибеде көрсеткендей, машина жасауда қолданылатын бөлшектердің, түйіндер мен механизмдердің сақтық қорда сақталу шығындары, әдетте оларды пайдалану үрдісінде бірнеше рет орны толады.
Автомобильді жобалау және жасау кезіндегі сенімділігін арттыруда қолданыста жақсы пайдаланылған, жүйеленген /бірыңғайланған/ және стандартталған, үлгілік шарттар жұмысында жоғары сенімділік көрсеткен түйіндер мен бөлшектерді қолдану арқылы қол жеткізеді. Автомобиль мен оның бөлшектерінің тоқтаусыз жұмысы мен төзімділігіне келесі құрылымдық факторлар әсер етеді:
соққыға және тозуға төзімді металдарға, кернеудің шоғырлануына, тозуға, үстіңгі қабаттағы қысымға байланысты, олардың дұрыс материал таңдауына, бөлшектердің пішіні мен өлшемі, демек, тоқтап тұру атқарымы;
құрылымның қаттылығы, яғни бөлшектердің пайдалану кезіндегі жүктеме қабылдау әсерінен болған болмашы деформациялану қабілеттілігі;
бірігіп жұмыс істейтін бөлшектердің айналысы мен осінің өзара орналасу дәлдігі;
қозғалыссыз және қозғалмалы түйіндесудің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін отырғызуды дұрыс таңдау;
бірте-бірте тоқтаудың жоғары атқарымын қамтамасыз ететін, қозғалмалы түйіндесулер үшін майлайтын материалдар таңдау.
Автомобильдерді құрылымдау және шығару кезінде жөндеуге жарамдылықты арттыру үшін негізгі талаптарды орындау керек:
барлық жөндеуді агрегатты әдіспен орындаудағы қолайлылық үшін автомобиль құрылымы жекелеген блок-агрегаттардан құралуы;
ағымдағы жөндеу санын қысқарту мақсатында бір агрегат шеңберінде теңберіктік пен теңтөзімділік бөлшектерінің шекті мүмкіндігіне қол жеткізу;
автомобильдің бекіту агрегаты қарапайым, құралдарды ең аз пайдалануда монтаждауға және бөлшектеуге қолайлы болуы;
автомобильдегі агрегаттарды бірлестіру олардың агрегаттарының түйіндесуін бекіту мен реттелуін еш бүлінусіз ауыстыруды қамтамасыз ету;
агрегаттарда көтермелі-көлік құрылғыларын орнату мен алу кезінде бекіту үшін ажыратқыш пен қаңқасы, сондай-ақ агрегаттардың түйіндесуінің осьтестікке тез қол жеткізуі үшін қажетті құралдары болу керек;
ТҚ-да уақыт пен құрал-саймандарды қысқарту мақсатында реттелу мен бекіту қосылыстарының тұрақтылығына қол жеткізу, сондай-ақ автомобильдің майлау орындары /нүктелері/ санын қысқарту.
Автомобильдің құрылысының өзіндегі сақтық қорда сақтау әлі өте сирек қолданылады. Негізі сенімділігін зерттеу кезінде автомобиль тізбектеле қосылған элементтер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Жұмыс қоспасының жануы нәтижесінде түскен күш піспекке, бұлғаққа, иінді білікке, беріліс қорабына, кардан білігіне, артқы белдікті бәсеңдеткішке, жарты ось пен жетекші дөңгелекке тізбектей беріледі.
Автомобиль элементтері (ережеге сай) қосарландырылмайды. Ерекшелік қосалқы дөңгелек, қозғалтқышты от алдырудағы екі жүйе (стартер және бұрамалы тұтқыш), тартпа тежеуіштің екі, кейде үш тәуелсіз жүйесі құрайды. Сайланған автомобильдерде қуат көзі мен оталдыру жүйесі жиі қосарландырылады. Сондай-ақ кейбір жекелеген бөлшектердің, түйіндер мен механизмдердің беріктік, тозу мен қуаттылық қоры қарастырылады.
Әрбір автомобильдің жеке қорлармен қатар автокәсіпорындарға ұжымдық-таратылатын қорлар да бар. Мұндай қорларға автомобиль жанармайының және майлау материалдарының, агрегаттарының, резеңкелерінің, аккумуляторларының, бөлшектерінің, жинақталған автомобильдердің және т.б. сақтандыру қосымшалары жатады.
Ұжымдық қорлар автомобильдің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және жылжымалы құрамның жөндеуге жарамдылығын айтарлықтай арттырады, істен шығуды жоюда уақыт шығынын елеулі түрде қысқартады. Айнымалы агрегаттардың сақтық қорда болуы прогрессивті агрегаттар әдісімен автомобильді жөндеуді орындайды, жөндеу жұмыстарының ұзақтығы бұзылғанды демонтаждауға және алдын ала жөнделген немесе жаңа агрегаттың монтажына қажетті уақыт шығындарына саяды.
Алайда ұжымдық қорлар, дәл сондай жекелеген қорлар да айқындалған шығындарды талап етеді және олардың шексіз артуы орынсыз. Бір жағынан айнымалы агрегаттар қоры санын арттыру, жөндеуден келетін агрегаттарды күтуіне орай автомобильдің тоқтап тұруына байланысты шығындарды төмендетеді, екінші жағынан – қосымша агрегаттарды нашар пайдалану нәтижесінде шығын көлемі артады (айналым құралдарының жансыздануы). Сомалық шығындары ең төмен болатын айнымалы агрегаттардың қоры қолайлы болады.
Автомобиль кәсіпорындардағы басқа қорлардың оңтайлы дәрежесін ұқсас анықтауға болады. Сақтық қорда сақтау есебімен автомобильді пайдаланудың сенімділігін арттырудың негізгі жолдары осындай.
