Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі

Диагностикалау жүйесінің нысаны диагностикалаудың мүмкіндігі мен қажеттілігін сипаттайды. Сонымен бірге диагностикалау мүмкіндігі көлік құралдарының ақауларын бөлшектеусіз және олардың белгілерінің шамасын өлшемей-ақ анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы белгілері арқылы анықталады. Диагностикалаудың қажеттілігі техника күйінің көлік құралдары мен олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау шығындарын өзгерту заңдылықтарымен анықталады.

Диагностикалау құралдарына көлік құралдарының негізгі бөлігі болып есептелетін, сыртқы және кіріктірілген болып бөлінетін арнайы аспаптар мен стенділер жатады.

Диагностикалау жүйесі функционалдық – нысанның жұмыс үрдісі кезіндегі диагностика жасауын және сынақ, ол нысанды жұмысының диагностикалық параметрлерін өлшеуді жасанды орындауын айтады. Әмбебапты жүйелерді түрлі диагностикалық үрдістер мен тек бір ғана диагностикалық үрдісті қамтамасыз етуімен өзгешеленеді.

Диагностикалық жүйелер жалпы, егер нысан толығымен диагностикаланса, белгіленген диагностикалау – нысанның жарамды-жарамсы деңгейін анықтайтын және жергелікті – құрамдас бөлшектерін диагностикалау үшін болады. Одан басқа диагностикалық құралдар автоматтандырылған және қолмен жасалған болады.

2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы

Техникалық диагностика көптеген міндеттерді шешеді, олардың көбі басқа ғылыми пәндердің міндеттерімен шектес болып табылады. Шектеулі ақпарат жағдайында техникалық жүйенің күйін айырып тану техникалық диагностиканың негізгі міндеті болып табылады.

Техникалық диагностиканы кейде бөлшектеусіз диагностика, яғни бұйымды бөлшектеусіз жұмыс істейтін диагностика деп атайды. Қандай да бір бұйымның күйін талдау пайдалану жағдайында жүргізіледі, бұл кезде ақпарат алу өте қиын болады. Көп жағдайда қолда бар ақпарат бойынша бір жақты қорытынды жасау мүмкін болмайды да, статистикалық әдістерді қолдануға тура келеді.

Техникалық диагностиканың негізгі міндетін шешуге арналған теориялық негіз ретінде кескіндерді айырып танудың жалпы теориясын алу керек. Техникалық кибернетиканың маңызды тарауын құрайтын бұл теория табиғаты әр түрлі кескіндерді (геометриялық, дыбыстық және т.с.с.) түсініп танумен, сөйлеуді, баспа және қолмен жазылған мәтіндерді машинамен айырып танумен, т.б. айналысады. Техникалық диагностика әдетте жіктеу міндеттері сияқты қарастырылуы мүмкін диагностика міндеттеріне қатысты айырып тану алгоритмдерін зерделейді.

Айырып тану алгоритмдері техникалық диагностикада диагностикалық үлгілерге негізделеді, олар техникалық жүйе мен оның диагностикалық сигналдар кеңістігіндегі кескіндері арасындағы байланысты орнатады. Шешімдерді қабылдау ережелері (шешуші ережелер) айырып тану мәселесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Диагностикалық міндетті шешу (бұйымды жарамды және жарамсызға жатқызу) әрдайым жалған дабыл қатерімен немесе нысананы өткізіп алумен байланысты. Дәлелді шешім қабылдау үшін радиолокацияда алғаш рет әзірленген статистикалық шешімдер теориясының әдістерін қолданған жөн.

Техникалық диагностиканың міндеттерін шешу жақын арадағы пайдалану кезеңіне (келесі техникалық тексеруге дейін) сенімділікті болжаумен байланысты. Мұндағы шешімдер сенімділік теориясында зерделенетін үлгілерге негізделу керек. Жарамдылықты бақылау теориясы техникалық диагностиканың екінші маңызды бағыты болып табылады. Жарамдылықты бақылау дегеніміз бұйымның техникалық күйінің дұрыс бағалануын қамтамасыз ету және ақауларды ерте анықтау. Жарамдылықты бақылау бұйым конструкциясымен және техникалық диагностиканың қабылданған жүйесімен жасалады.

Диагностикалық ақпаратты алу құралдары мен әдістерін зерделеу жарамдылықты бақылау теориясының ең басты міндеті болып табылады. Күрделі техникалық жүйелерде күйді автоматтандырылған бақылау қолданылады, онда диагностикалық ақпаратты өңдеу мен басқарушы сигналдарды қалыптастыру қарастырылған. Автоматтандырылған бақылау жүйелерін жобалау әдістері жарамдылық бақылау теориясы бағыттарының бірін құрайды. Сонымен бірге жарамдылықты бақылау теориясының өте маңызды міндеттері ақауларды іздеу алгоритмдерін әзірлеумен, диагностикалық тесттерді әзірлеумен, диагнозды орнату үрдісін барынша азайту байланысты.

2.2-суретте техникалық диагностиканың құрылымы көрсетілген. Ол екі өзара ұғымды және өзара байланысты бағыттармен сипатталады: айырып тану теориясы және жарамдылықты бақылау теориясы. Айырып тану теориясы айырып тану алгоритмдерін, шешуші ережелер мен диагностикалық үлгілерді құрумен байланысты тараулардан тұрады.

Жарамдылықты бақылау теориясы диагностикалық ақпаратты алу құралдары мен әдістерін әзірлеуден, күйді автоматтандырылған бақылаудан және ақауларды іздеуден тұрады. Техникалық диагностиканы жалпы сенімділік теориясының тарауы ретінде қарастырған жөн.

2.2.1 Техникалық диагностика міндеттерін қою. Мысалы, беріліс қорабындағы біліктердің шлицті жалғасу күйін анықтау қажет, ал пайдалану жағдайларында шлицтер қатты тозған кезде қисаюлар мен шаршау бұзылыстары пайда болады. Шлицтерді тікелей қарау мүмкін емес, өйткені ол беріліс қорабын бөлшектеуді, яғни пайдалануды тоқтатуды қажет етеді. Шлицті жалғастыру ақаулығы беріліс қорабы тұрқының ауытқу спектріне, акустикалық ауытқуларға, майдағы темір мөлшеріне және басқа параметрлерге әсер етуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]