- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
Тарту сапаларының стендтерін Госагропромның Берегов зауыттарында, "Автотехника" Киев сынау-эксперименттеу зауытында, Челябинск автожөндеу зауытында жасайды. Жеңіл автомобильдерге арналған К-409 үлгіні ТСС Новгородск сынау-эксперименттеу заутында шығарылады.
Инерциялық стенд өзіне сермер жалғасқан тіреу құрылғы болып табылады. Автомобильдің жетекші доңғалақтары стендке орнатылады да, сермерлері бар шығыршықтарды үдете бастайды. Сермерді үдету уақыты көп болған сайын, қуат аз болады, яғни қуат тікелей берілісте V1 жылдамдықтан V2 жылдамдыққа дейін үдету ұзақтығы бойынша өлшенеді. Жүгіріс барабандары мен жолдағы үдеу жағдайлары сәйкес болса, яғни стендтің инерциялық массалары дұрыс таңдалса, ал доңғалақтарды бір орында айналатындай болмаса, автомобиль қуатын өлшеу дұрыстығына инерциялық стендте қол жеткізуге. Автомобильдің жолда үдеу үрдісінде оның қозғалтқышының энергиясы бірте-бірте және айналмалы қозғалатын барлық массалардан түсетін, ал стендте қозғалтқыштың айналмалы массаларынан ғана, артқы доңғалақтары мен стенд массаларынан түсетін күшке қарсы тұруға жұмсалатындықтан, автомобильді жолда үдетудің кинетикалық энергиясы автомобильді стендте үдетудің кинетикалық энергиясына тең болуы керек.
(2.12)
Автомобиль массасын, оның доңғалақтарындағы инерция сәттерін, жүгіріс барабандарындағы инерция сәттерін және стендтің беріліс сандарынан біле отырып, сермердің инерция сәтін, сәйкесінше оның геометриялық өлшемдерін анықтауға болады. Бұл шартты сақтамау алынған нәтижелердің бұрмалануына және диагностикалау дұрыстығының төмендеуіне әкеледі. Стендетегі барабандарды үдету жолын, уақытын басқару мен индикациялаудың стационарлық немесе жылжымалы пультында орнатылатын сәйкес аспаптардың көмегімен өлшейді. Стендтердің құрамына кіретін автоматтандырылған модульдерді қолдануға болады, олар тексеру режимін автоматты түрде беруге және диагнозды автоматты түрде қоюға мүмкіндік береді. Желдеткіш автомобильді сынау кезінде қозғалтқышты суыту үшін қызмет етеді.
2.4.2 Қозғалтқыш бойынша бақылау-диагностикалау және реттеу жұмыстары. Қуат айтарлықтай төмендеген және отын шығыны артқан жағдайда, май көп шығындалғанда, май қысымы төмендегенде, соққы пайда болғанда, түтіндеу орын алғанда және біркелкісіз жұмыс істеу кезінде белгіленген атқарымнан кейін реттеуге немесе жөндеуге деген қажеттілікті анықтау үшін автомобиль қозғалтқышын диагностикалау жүргізеді.
Диагностикалау: есепке алу деректерімен танысу, іске қосуды тексеру және іске қосып көру, қуатты өлшеу. Диагностикалау нәтижелері бойынша қажет реттеу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қозғалтқыштың есепке алу деректерінде мынадай мәліметтер болады: автомобильдің жүріп өткен жолы және қозғалтқыштың жұмыс істеу ресурсы, қозғалтқышты жөндеу жұмыстары, отындық үнемділігі; қозғалтқыштың жарамсыздығы туралы жүргізуші берген өтінімдер. Диагностикалаудың кез келген түрінде қозғалтқышты іске қосуды тексеру мен сынауда майдың, отынның, суыту сұйықтығының ағуын көзбен көру, іске қосу жеңілдігін бағалау, күрт шуылдарды, соққыларды анықтау мақсатында оның жұмысын тыңдау, жұмыс істеу біркелкілігі мен тұрақтылығын бағалау және т.б. қарастырылады. Мұның бәрі қозғалтқыштың көзге көрінетін ақауларын және диагностикалау алдында жүргізілуі тиіс ТҚ мен жөндеу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қозғалтқыштың
қуатын тарту сапалары стендінің көмегімен
немесе стендсіз әдістермен анықтайды.
ТСС-де қозғалтқыш қуатын автомобильді
диагностикалаумен бір уақытта
жүк-экономикалық көрсеткіштер бойынша
анықтайды. Ол үшін
немесе
болғанда,
доңғалақ қуатын Nк
өлшеп, автомобиль мен стенд трансмиссиясындағы
механикалық шығындарды ескерумен
қозғалтқыштың сәйкес қуатын мына формула
бойынша есептейді:
, (2.13)
мұнда ηтр мен ηст – трансмиссия мен стендтің ПӘК-і.
Стендсіз әдістер динамикалық стендтерді пайдалану экономикалық тұрғыда тиімсіз немесе технологиялық әрі ұйымдастыру ерекшеліктерінің салдарынан қиын болған жағдайда қолданылады.
Қозғалтқыш қуатын тежеусіз тексеру принципі мынадай: қозғалтқыштың жеке цилиндрлерін жұмыстан сөндірген кезде жүктеме пайда болады (дизельді қозғалтқыштар үшін отын беруді тоқтатады, карбюраторлық қозғалтқыштар үшін оталдыру білтелерін сөндіреді). Сөндірілген цилиндрлер қозғалтқыштың иінді білігін үстеме жүктейді. Бұл ретте иінді біліктің тахометрдің көмегімен өлшенетін бұрыштық жылдамдығы, сөндірілетін цилиндрдің қуаты артқан сайын және жұмыс істейтін цилиндрлердің қуаты төмен болған сайын, төмендейді. Жылулық режимді сақтау қозғалтқышты тежеусіз тексеруде сенімді нәтижелер алудың маңызды шарты болып табылады: картердегі суыту сұйытығы мен майдың температурасы 75 °С-тан төмен болмау керек.
Бұл әдіс төрт және алты цилиндрлі қозғалтқыштарды тексеру үшін анағұрлым ыңғайлы. Цилиндрлер саны артқан кезде әдіс дәлдігі төмендейді де, ол тиімсіз болады. Цилиндрлерді сөндірумен бірге қосымша жүктеу құрылғыларын қолдану тежеусіз әдісті әрі қарай дамыту көзі болып табылады, бұл тексеру мүмкіндіктері мен дәлдігін кеңейтеді. Қосымша жүктеу ретінде цилиндр газын шығыста дроссельдеу қолданылады,яғни шығару түтігіне дроссельді жапқышы мен манометрі бар құрылғыны орната отырып, қосымша жүктеу тудыруға болады. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, пайдаланылған газды дроссельдеу қозғалтқыштың қуаттық және отындық көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді.
Қозғалтқыш қуатын өлшеуге қатысты сипатталған әдістер қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдеріне негізделген. СИБИМЭ-да механикалық шығындарды арттыру арқылы тексерілетін цилиндрлерді жүктеу кезінде және қозғалтқыш тетіктерінің инерция күші арқылы қозғалтқыш айналымдарын динамикалық үдеу режимінде min-нан max-ға дейін арттыру кезінде динамикалық үдеу режиміндегі қозғалтқыш қуатын анықтаудың тежеусіз әдісі ұсынылды. Жалпы алғанда қозғалтқыштың үдеуін мына теңдеумен сипаттауға болады:
, (2.14)
мұнда
‑ қозғалтқыштың тиімді айналдыру
сәті (сыртқы зиянды кедергілерді
ескерумен);
- қозғалтқыштың индикаторлық сәті;
‑ қозғалтқыштың ішкі шығындарының сәті;
- жүктеме әсерінен туындайтын сыртқы зиянды кедергілер сәті;
- айналдыру сәтінің қозғалтқыштағы барлық қозғалыстағы массалардың кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалатын шығындар.
Қозғалтқыштың бос жүріс кезінде үдеуі жеке жағдай болып табылады, ол кезде сыртқы кедергілер Me мен жүктемелер нөлге тең болады, бұдан Mi шығыны қозғалтқыштың барлық жылжымалы массаларының кинетикалық энергиясының MΣ артуына жұмсалады деген сөз. Бұл ретте қозғалтқыштың динамикалық өздігінен жүктелуі орын алады. Сәйкесінше,
. (2.15)
Теңдеудің екі бөлігін иінді біліктің бұрыштық жылдамдығына көбейте отырып, мынадай өрнек аламыз:
. (2.16)
Бұл өрнек иінді біліктің бұрыштық үдеуі бойынша қозғалтқыш қуатын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл принцип негізінде қуатты стендсіз тәсілмен анықтауға мүмкіндік беретін аспаптар сериясы жасалған. Аспап иінді біліктің бұрыштық жылдамдығының индукциялық датчигінен, индукциялық датчиктен түсетін импульстарды қозғалтқыш қуатының көрсеткіштеріне түрлендіретін электронды құрылғыдан тұрады. Үдеуді отынды беру күрт артқан кезде өлшейді.
Карбюраторлық
қозғалтқыштар үшін үдеу мен шығу
циклдары, басқаша айтқанда, қозғалтқыштарды
статистика-динамикалық сынау тәсілі
қолданылады (2.9-сурет). Үдеу мен шығу
жануды кезеңді түрде қосу және сөндіру
арқылы жүзеге асырылады, ол қозғалтқыштың
айналу жиіліктерінің тар аралығында
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сынаудың
бұл режиміндегі үдеуді жылдамдату
мынадай өрнекпен көрсетіледі:
, (2.17)
мұнда T – өлшеу уақыты;
Q - T уақыты ішінлегі үдеу-шығу циклдарының саны. Егер Δn, Т=const берілсе, онда жылдамдату міндетті түрде циклдар санымен Q, анықталады, яғни
, (2.18)
мұнда с – тұрақты коэффициент.
