- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
1 – ақаулардың элементарлы ағындары; 2 – ақаулардың сомалық ағындары; 3 – жеке элементтердің ақаулары; 4..6 – өтінім тәртібінде, алдын алу тәртібінде және сәйкесінше бір жөндеу кезінде жойылатын ақаулар
Формула (1.43) АЖ кезінде бір емес, бірнеше тетік алмастырылатын болғанда (Koз > 1), пайдаланудың нақты жағдайларында машина ақауларының ағыны мен оның тетіктерінің ақауларының қарқындылығы параметрін байланыстырады. Яғни машинаны жалпы және жеке автомобильді жөндеу, жоспарлы-алдын ала немесе өтінімдік болсын, көптеген тетіктерді алдын алуда алмастырудан тұрады. Мысалы, Koз = 10 болғанда, бірінші жағдайда алдын алу тәртібінде 10, ал екінші жағдайда 9 тетік алмастырылады.
Осылайша, алдын алуға ұшырайтын автомобильдерді пайдаланған кезде бірте-бірте ақаулар шамамен 90 %...95 % болатындықтан, ал тетіктерді бір уақытта алмастыру коэффициенті АЖ кезінде 5...10 шегінде ауытқитындықтан, мынадай қорытынды жасауға болады: ТҚ мен өтінімдік АЖ жоспарлы-алдын ала жүйесі автомобильдердің пайдаланудағы сенімділігін айтарлықтай артуын қамтамасыз етеді. Қосалқы бөлшектер саны жеткілікті болған жағдайда формула (1.43) экономикалық тұрғыда Коз коэффициентін өзгерту арқылы автомобильдердің пайдаланудағы сенімділігін басқаруға мүмкіндік береді.
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар
1. Машиналардың тоқтаусыз жұмыс істеуі қандай көрсеткіштермен сипатталады?
2.Сенімділік туралы ақпаратты жинау мен талдау қалай ұйымдастырылады?
3. Ресурстық сынақтар дегеніміз не және олар қалай жүргізіледі?
4. Машиналар сенімділігін бағалауда имитациялық үлгілеу қалай қолданылады?
5. Техника сенімділігі жөніндегі ақпаратты сапалық және мөлшерлік талдау дегеніміз не?
6. Пайдалануда бір реттік зерттеу әдісі қалай жүзеге асырылады?
7. Машиналардың пайдаланудағы сенімділігін бағалау үшін қандай меншікті көрсеткіштер қолданылатындығын түсіндіріңіз?
8. Машиналарды пайдалану технологиясы қандай
көрсеткіштермен сипатталады?
9. Машиналардың ұзақмерзімділігі қандай көрсеткіштермен сипатталады?
10. Машиналардың сақталуы қандай көрсеткіштермен сипатталады?
11. Ақаулар қарқындылығы мен ақаулар ағының параметріне сипаттама беріңіз.
12. Қандай тәжірибелік мәселелерді шешу кезінде ақаулар ағыны параметрінің жетекші функциясы ұғымын қолдануға болады?
13. Ақаулар ағыны параметрінің жетекші функциясын анықтау үшін АКК-да қандай деректер жинап, өңдеу керек?
14. Сенімділіктің кешенді көрсеткіштерін атаңыз.
15. Автомобильдің істен шығу үлгісі нені білдіреді?
16. Машиналардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету кезіндегі сақтау дегеніміз не?
17. Ақауларды алдын алу дегеніміз не және ол тәжірибеде қалай жүзеге асырылады?
2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
Біздің елімізде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі жоспарлы-сақтандыру негізінде қамтамасыз ететін автомобильдер парктерін техникалық жарамды күйде қолдайды. Алайда автомобильдер паркінің артуы мен оның жұмысының кернеулігінің жоғарылауы автомобильдерді техникалық пайдалану аясында материалдық мен еңбек шығындарының едәуір өсуін тудырды.
Автомобильді кәсіпорындардың қызметінің техникалық тиімділігін арттырудағы маңызды жолдар мен құралдардың бірі, ол жылжымалы құрамның техникалық жағдайы туралы жекелеген ақпаратты алу әдістері мен құралдарын технологиялық процеске ендіру болып табылатын материалдық және еңбек шығынын төмендету. Сонымен бірге мұндай ақпаратты алу қолжетімді болса, агрегаттар мен механизмдерді бөлшектеуді және үлкен еңбек шығынын талап етпеу керек. Мұндай ақпаратты алу құралын автомобильдің техникалық диагностикасы болып табылады.
«Диагностика» термині гректің «диагнозис» сөзінен шыққан, айырып тану, анықтау деген мағынаны білдіреді.
Диагностика үрдісінде диагноз қойылады, яғни техникалық жүйенің (техникалық диагностика) жағдайы анықталады. Техникалық диагностика, ол диагностикалық ақпаратты алу мен бағалауға байланысты техникалық жүйенің жағдайын, оған қоса мәселелердің кең өрісін қоса алғандағы, танып білу туралы ғылым.
Техникалық жүйенің күрделі және бағалы күйі мен сенімділігін бағалау қажеттілігіне байланысты, әсіресе машина жасауда, қауіпсіздікті, тоқтаусыздық пен төзімділікті талап етуде техникалық диагностика пайда болды.
Техникалық диагностика технологиялық ақпаратты, диагностикалық үлгіні және қабылданған шешімдер алгоритмін алу мен бағалау әдісін зерттейді. Техникалық диагностиканың мақсаты техникалық жүйенің сенімділігі мен ресурстарын арттыру.
Сенімділіктің ең негізгі көрсеткіштері ол техникалық жүйенің жұмыс істеу уақытындағы істен шығудың болмауы.
Қозғалыс кезінде, жолаушылар немесе жүк тасымалдау кезінде автомобиль қозғалтқышының немесе тежегіш жүйенің немесе рөлдік басқарудың істен шығуы ауыр қиындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Техникалық диагностика техникалық қызмет көрсету үрдісінде бұзылуларды алдын ала анықтау мен істен шыққан ақауларды уақытында жоюға, сенімділікті арттырып, пайдаланудың тиміділігін, сондай-ақ белгілену күйі бойынша жауапты техникалық жүйені пайдалануға мүмкіндік береді. Күйі бойынша техникалық жүйені пайдалану кезінде әрбір нысан техникалық диагностика жүйесінің ұсынысына сәйкес шекті күйге дейін пайдаланылады, одан кейін нысан параметрлері техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу, номинал мәндерге дейін қалпына келтірілген нысанды шекті күй параметрлерінің жеткен жеріне дейін әрі қарай пайдаланылуына болады. Тәжірибеде мұндай ресурстар жүйесі ең «нашар» бұйым данасы болып табылады. Күйі бойынша пайдалану кезінде әрбір данасы техникалық диагностика жүйесі ұсынған сәйкес шекті күйге дейін пайдаланылады. Техникалық күйі бойынша пайдалану пайда әкелуі мүмкін, машиналардың жаппай паркінің 30 % экивалентті құны.
Диагностикалау деп нысанды бөлшектеусіз, оның күйін сипаттайтын сыртқы белгілері арқылы шамаларды өлшеу, оларды нормативпен салыстыру арқылы техникалық күйін анықтау үрдісін айтамыз. Ол техникалық қызмет көрсету жүйесі мен жөндеуді көлік құралдарының техникалық күйі туралы жеке ақпаратпен жабдықтайды және осы жүйенің элементі болып табылады.
Нысан, құралдар мен алгоритмдерді қоса алғандағы кешен диагностика жүйесін құрайды (2.1-сурет)
