Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆
  1. Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа

жарамдылық

1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері

Соңғы жылдары халық шаруашылығының түрлі саласында машиналар, механизмдер және тағы басқа бұйымдардың сенімділік мәселелеріне көп көңіл аударылуда. Бірінші кезекте бұл ғылыми-техникалық прогресс басқарудың барлық салалары мен өнеркәсіптік өндірістерінде пайдаланылады, олардың техникалық қажеттіліктер шығындарының өсуі, ол өнімдердің күрделенуі мен қарқынды қолданылуы, басқалармен технологиялық өзара байланыстағы көптеген өнімдердің түрлі техникалық жүйелерде кеңінен пайдаланылатындығымен түсіндіріледі. Бұдан басқа механикалық жүйелерде байланыстардың көп бөлігі бірізді сипатта және жекелеген элементтер мен құрылғылар әдеттегідей қосарланбайды. Сондықтан, жұмыстағы бір бөлшектің немесе құрылғының істен шығуы, кейде құны төмендермен салыстырғанда, машинаның істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сенімділікті арттыру және қамтамасыз ету мәселесі техникалық-экономикалық болып табылады. Оның техникалық мазмұны өндіріс саласындағы автомобильдердің сенімділігінің артуын қамтамасыз ететін сындарлы-техникалық шаралар мен нақты талаптарды іске асыру, сонымен қоса пайдалану аясында – төменгі шығындар кезінде сенімділікті іске асыру (техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде тиімді жүйені қолдану, автомобиль көлігі, автомобиль жолдары құрылысы және т.б. өндірістік-техникалық базаны құру және жетілдіру).

Сенімділік – машинаның техникалық жағдайындағы барлық өзгерістерін көрсететін, негізгі сапалық көрсеткіш. Машинаның сенімділігі оны жобалау және есептеу кезінде жинақталады, дайындау үрдісінде жасалса, пайдалану кезінде іске асады.

Машинаның сенімділігі туралы ғылым білімнің қолданбалы саласы болып табылады. Ол оның барлық жүйесі мен механизміндегі сапа көрсеткіштерінің өзгерісі және пайдалану ұзақтығы ішінде машинаның жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін тәсілдер мен әдістерді, ұсыныстарды әзірлеу туралы заңдылығын зерттейді. Сенімділік теориясы жаратылыстану мен математика ғылымдарының істен шығу физикасына, машиналардың динамикасы мен беріктігіне, ықтималдық теориясына, кибернетика мен техникалық диагностикасына негізделеді.

МЕМСТ 27.002-2015 сәйкес "Техникадағы сенімділік". "Негізгі түсініктер мен анықтамалар" ғылымда, техникада және өндірісте қолданылатын терминдерді және сенімділік саласындағы негізгі түсініктердің анықтамаларын қарастырайық.

Сенімділік – нысанның қажетті функцияларды берілген қалыпта қолдану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау мен тасымалдау жағдайларында орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлер мәнін белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген шектерде сақтау қасиеті.

Іске жарамды күйі – нысан күйінің нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың барлық талаптарына сай келу жағдайы.

Іске жарамсыз күйі – нысан күйінің нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарының ең болмаса біреуіне сай келмеуі.

Жұмыс істеуге қабілетті (жарамды) күйі – нысан күйінің тапсырылған міндеттерді орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың барлық талаптарына сәйкестігі.

Жұмыс істеуге қабілетсіз (жарамсыз) күйі – нысан күйінің тапсырылған міндеттерді орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарының ең болмағанда біреуіне сәйкес келмеуі.

Шекті күйі – нысанды одан əрі оның қолдану ретсіз, пайдасыз немесе оны қайта қалпына келтіріп іс қосу немесе жұмыс қабілетіне келтіру мүмкін емес жағдайы.

Зақымдалу (бұзылу) –деп іске жарамды нысанның жұмыс атқару қабілеттілігін сақтай отырып бұзылу жағдайы.

Істен шығу – нысанның жұмыс істеу қабілеттілігінің жойылуы.

Техникалық қызмет көрсету –тағайындау, күту, сақтау және тасу бойынша қолдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті қолдау немесе бұйымды жөндеу туралы операциялар немесе операциялар жиынтығы.

Жөндеу – бұйымның жөнделуінің немесе жұмысқа жарамдылығының қалпына келуі және бұйым қорларының немесе құрамдас бөліктерінің қалпына келуі туралы операциялар жиынтығы.

Күрделі жөндеу – дұрыстығын қалпына келтіру мен толық немесе толыққа жақын бұйым қорларын немесе оның кез-келген бөлігін ауыстыра отырып негізгісін қоса алғанда қалпына келтіру, жөндеу.

Ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерін ауыстыру мен қалпына келтіруден тұратын жөндеу.

Атқарым – нысанның жұмыс ұзақтығы мен көлемі.

Істен шығуға дейінгі атқарым – нысанның бастапқы пайдаланылуынан бастап алғашқы тоқтау пайда болғанға дейінгі атқарым.

Істен шығуға дейінгі аралықтағы атқарым - нысанның келесі істен шығуы туындағанға дейінгі атқарымнан кейін оның жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру аяқталғаннан бастап. Техникалық қор – оны пайдаланыла бастағаннан немесе жөндеуден кейін қайта пайдаланыла бастап одан әрі пайдалануға жарамай калғанға дейінгі нысан атқарымы.

Жұмыс істеу мерзімі – нысанның шектік күйге жеткенше пайдалануға берілген кезінен бастап, жөндеуден кейінгі қолдану уақыты да ескерілген күнтізбелік ұзақтығы.

Сақталу уақыты – белгіленген шектеулердегі тоқтаусыздықтың, төзімділіктің және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәнін сақтауда нысанды сақтаудың және (немесе) тасудың күнтізбелік ұзықтығы.

Жұмысқа жарамды күйін қалпына келтіру уақыты – нысанның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру ұзақтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]