Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:

1 – компьютер; 2 – лазер сәулесі; 3 – камера;

4 – тіреу; 5 – нысана

Екібарабанды стендтер екі түрде шығарылады: екі барабан мен стенд орналасқан, алдыңғы барабаны қозғалмастай болып орнатылып дөңгелектердің айналуын жүзеге асыратын жылжымалы рамалы, ал артқысы жанама күш әсерінен барабанның айналу осьін бойлай орын ауыстыра алатын және өлшегіш болып табылатын мүмкіндікке ие. Сәйкесінше, алдыңғы конструкцияда датчик раманың жылжуын өлшейді, ал екіншісінде – артқы барабанның жылжуын. Екібарабанды стендтер автокөліктің дөңгелектерінің қосылуын ғана реттеуге мүмкіндікті ғана емес, алдыңғы көпір мен меңгеріктік басқарудың техникалық күйін тексеруге мүмкіндік береді.

Автомобильдің пайдаланылуы үшін үлкен маңызға дөңгелектердің теңдестірілуі рөл атқарады (2.24-сурет). Теңдестірілудің бұзылуы жылдамдықтың квадратына пропорционал өсе түсетін, ортаға тепкіш күштің пайда болуына алып келеді. Бұл күштер дөңгелектердің мойынтіректеріне қосымша динамикалық салмақ тудырады, олардың дүрсілін, бөлшектердің аса тез тозуын тудырады, басқарылатын дөңгелектердің орнатылу бұрышын бұзады және шина протекторларының тозуын арттырады. Дөңгелектер теңгерімсіздігінің екі түрі бар – ол статикалық теңгерімсіздік және динамикалық.

Статикалық теңгерімсіздікті айналу осіне қатысты дөңгелектердің тең емес салмақтарының ауырлық күшінің моментімен анықтайды.

Теңгерімсіздікті пайда болуының себебі дөңгелектер бөлшектерінде материалдың әрқалай таралуы болып табылады. Жеңіл автокөліктердің дөңгелектеріне рұқсат етілетін статикалық теңгерімсіздік 5-10 Н·см артық болмауы тиіс. Дөңгелектің статикалық теңдестірілуі көлденең немесе тік типті теңдестіруші стендтарда дөңгелектердегі ең ауыр орынды анықтау тәсілімен және стандартты жүкшелер түріндегі, дөңгелектердің жиектемесінде бекітілетін, инерциялық массаның қарама-қарсы жағына орнату жолымен жүргізіледі.

Бірақта, статикалық теңдестіру барлық жағдайда дөңгелектердің теңдестірілмегендігін жоя алмайды. Егер, симметрияның вертикалды жазықтығының бір жағында орналасқан, теңдестірілмеген массаның статикалық теңдестіруінде теңдестіруші жүкті келесі жағына орналастырған болса, айналуы жазықтығына қатысты дөңгелекті бұруға тырысатын, ортаға тартқыш күштен момент туындайды. Нәтижесінде, жолмен байланыс жазықтығында шиналардың сырғанауын және протектордың қарқынды тозуын туындататын дөңгелектердің жанама дүрсілі туындайды.

Динамикалық теңгерімсіздік статикалық күйде анықталуы мүмкін емес, ол өзін дөңгелектің айналуы кезінде ғана көрсете алады. Теңдестіруді теңдестіруші станоктарда немесе жылжыту стендтарында жасайды. Барлық теңдестіруші стендтардың кемістігі болып теңдестіруді жүргізу үшін автокөліктерден дөңгелектерді шешу керектігі табылады. Бұл қатынаста жылжыту стендтары жетілдірілгенірек (2.25-сурет). Жылжыту стендтары арқылы теңдестіргенде автокөліктердің дөңгелектері ілінеді және жоғары жылдамдықта жылжыту станогының жетегімен шыр айналдырылады.

2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру

Доңғалақтардың тербелуі қадағалармен қабылданады және доңғалақтардың өлшеуіш блогына беріледі. Өлшеу нәтижесінде теңгеруші кішкене жүктің шамалы массасы мен оның беку орны анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]