- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
Статикалық режимде, автомобильге тікелей қатысты дөңгелектердің теңдестірілуі кезінде, айналуға аздаған бұрыштық жылдамдықпен келтірілген, теңдестірілмеген массаға ие, дөңгелек қатаң түрде анықталған күйде тоқтайды. Толық тоқтау алдында дөңгелек осы күй айналасында тербелу әрекеттерін жасайды.
Дөңгелектердің күйін сағат циферблатымен салыстырса, онда бұл күй алты санының күйіне сәйкес келетін болады. Осылайша шамамен дөңгелектің теңгерімсіздігінің орны анықталады. Теңгерімсіздікті, он екі санының күйіне өтемдік жүкшелерді ілу арқылы, яғни дөңгелектің теңдестірілмеген массасына қарама-қарсы күйде жояды. Өтемдік жүкшелердің шамасын іріктеу әдісімен анықтайды. Динамикалық режимде, дөңгелектердің теңдестірілуі кезінде айналымға келтірілген дөңгелектің теңгерімсіздігін бағалауды автокөлік ілгішінің тербелу амплитудасының мәні бойынша анықтайды. Осыған қоса, теңгерімсіздіктің ең дәл шамасын ілгіштің резонанстық тербелу аймағында анықтайды. Дөңгелектің теңдестірілуі пайдалануға жоғары жақындатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Құрылымы бойынша бұл станоктар механикалық, электрондық және аралас болып бөлінеді. Механикалық станоктар теңдестіруді, дөңгелегінің жиектемелері арқылы орын ауыстыратын, эталонды жүктер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді және тек статикалық теңдестірілмеуді анықтайды.
Электронды станоктар статикалық және динамикалық теңдестірілмеуді анықтауға мүмкіндік береді. Олар ілгіштің ауытқу датчигінен, импульстік шам немесе теңгерімсіздік орнын анықтауға арналған фотоэлементтен, индикаторлы электронды түрлендіру құрылғысынан және дөңгелекті айналдыру құрылғысынан тұрады. Құрылымдық бұл блоктар екі нұсқада құрастырылады: моноблокты (К-125, EWK-15) және екі блокта – бір блогында импульсті шам мен индикаторлы электронды түрлендіргіш, ал екіншісінде – дөңгелекті айналдыру құрылғысы. Барлық жағдайда ауытқу датчигі жеке түйін түрінде жасалған. Ауытқу датчиктері көп жағдайда индукциялы, пьезлоэлектрлі және сирегі пневматикалық түрде болады.
Заманауи станоктарда дөңгелек теңгерімсіздігін анықтаудың, стробоскопиялық және фотоэлектрон әсерге негізделген, екі тәсілін қолданады. Бірінші тәсілдің болмысы келесіде. Теңдестірілмеген дөңгелектің айналдырылуы кезінде ілгіштің тербелуі ауытқу датчигімен тіркеледі және тербелу амплитудасына пропорционал, сигналдарға түрленеді. Тербелудің төменгі шегіне сәйкес келетін, сигналдың жоғары мәнін алған кезде импульсті шамның қосылуы қамтамасыз етіледі.
Дөңгелек айналғанда оператордың көзі, теңдестірілмеген массаның күйіне сай келетін, жиектемедегі немесе дөңгелектің қақпағындағы нүктені «тоқтатады».
Стробоскопиялық әдістің артықшылығы сенімділігі, пайдаланудың және құрылымды дайындаудың қарапайымдылығы. Бұл әдістің кемшілігіне теңгерімсіздік орнын анықтаудың шамалы дәлсіздігін жатқызуға болады. Бірақ оператордың тәжірибесі жиналысымен бұл кемшіліктің өлшеу дәлдігіне әсері азая түседі.
Фотоэлектронды әдіс салыстырмалы түрде жақыннан бастап қолданыла бастаған. Қатысты түрде үлкен емес құнына қарағанда, фотоэлектронды қадаға жоғары дәлдік пен сенімділікке ие. Бұдан басқа, оны қолданған кезде теңгерімсіздік орны жоғары дәлдікпен анықталады. Дөңгелек шинасында ашық ақ түсті белгі жасалады, содан кейін ілінген дөңгелек жоғары жылдамдыққа дейін айналдырылады. Ілгіштің тербелуі ауытқу датчигімен тіркеледі және тербелу амплитудасына пропорционал сигналдарға түрленеді. Сигналдар, теңгерімсіздік шамасын көрсететін, өлшегіш құрылғыда тіркеледі. Сигналдың жоғары мәні шеткі төменгі күйдің ауырлау дөңгелек бөлігінен (теңгерімсіздік орны) өткен кезінде болады.
Өз кезегінде фотоэлектронды қадаға шеткі астыңғы қалыптың ақ белгісінен өту мезетінде сигнал береді. Осы сигналдардың фаза бойынша айырмашылығы білдекті электронды түрлендіргішімен белгілейді және өлшеу аспабында тіркеледі. Дөңгелектерді теңгеруші EWK-15p (Польша) білдегі теңгерімсіздік шамасын есептеуге және оның орнын анықтауға мүмкіндік береді. Фотоэлектронды датчиктері бар теңдестіруші білдектер әр түрлі құрылымдық орындауларда шығарылады; теңселу датчиктері, фотоэлектронды қадаға және дөңгелектерді айналдыруға келтіретін аспап жеке блоктармен орындалған.
Жеңіл автомобильдердің СТҚ кезінде ең көп қолданысқа 2.25 суретінде көрсетілген EWK-15p білдегі ие болды. Білдектің құрылымы көп блокты, осы блоктарда теңгерімсіздік орнын анықтаудың стробоскопиялық әдісі қолданылады. Қоректендірудің кернеуі 220/380 В, жиілігі 50 Гц, жетекті электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт.
2.4.8 Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер мен агрегаттар бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстыр. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер мен агрегаттарға меңгерік басқару, тежеуіш жүйесі, жарықтандыру аспаптары, сигнал жабдығы және шыны тазартқыш жатады. Статистика мәліметтері бойынша меңгерік басқарудың ақауларынан ауыр зардапты ЖКО 15 % болады.
Пайдалану үдерісінде әдетте меңгеріктік басқарудың келесі ақаулары пайда болады: меңгерік дөңгелегінің бос жүрісінің ұлғаюы, аунақша мен бұрамдықтың арасындағы саңылаудың ұлғаюы, аунақша немесе бұрамдықтың тістерінің зақымдануы немесе тозуы, жетек тетіктерінің және меңгерік тарту күшінің топсалы бунағының тозуы, серіппенің сынуы, көлденең тарту күшінің иілуі, меңгерік басқару тетіктерінің қажалуы, қысымның түсуі және гидрокүшейткіштегі және сораптағы нығыздауының бұзылуы.
Меңгеріктік басқарудағы ақаулардың диагностикалық белгілері: меңгерік дөңгелегінің бос жүрісі (люфт); руль дөңгелегінің орын ауыстыруына қажет күш; бекітулердің босауымен шартталған тетіктердің салыстырмалы жылжуы. Меңгерік дөңгелегінің люфті жеңіл көліктер үшін 10°-12° аспау қажет, ал жүк таситын көліктер үшін 10°-15° аспау қажет, бұл көліктің тік қозғалысы кезінде. Меңгерік дөңгелегінің тоғынына кететін күш көлденең меңгерік тарту күшін алып тастаған кезде келесі шектерде болу қажет: жүк таситын көліктер үшін 13-23 Н шамасында, көліктер үшін 7–12 Н, қосылған тарту күші және асы қойылған дөңгелектері кезінде 40-60 Н.
Меңгерік дөңгелегінің бұрылысының люфті мен күшін меңгерік дөңгелегінің тоғынына бекітілетін К–402 динамометр-люфтомер (сурет 2.26) арқылы анықтайды.
Дөңгелектің бұрышпен жылжуын тоғынға салынған 10 Н күшінің әсері астында анықтайды. Бұл өлшеу кезінде тетіктердің серпінді деформациясы үшін дәлсіздіктерді жою үшін қажет. Гидравликалық күшейткіші бар автокөліктерде люфт жұмыс істейтін қозғалтқышы кезінде анықталады.
Механизмдердегі үйкелу күші динамометр-люфтомерге үш қалыпта салынған күш бойынша бақылайды: меңгерік дөңгелегінің екі айналымынан кейін (орташа қалыптан) және орташа қалыпта.
Сурет 2.26 - К-402 Люфтомер-динамометр:
1 – тілді бекітетін қысқыш; 2 – тіл; 3 – аспап шәкілі; 4 – меңгерік дөңгелегіне бекіту қысқышы; 5 – динамометр; 6 – серіппе
Автомобиль көлігінің Ғылыми-Зерттеу Институтының АКҒЗИ мәліметтері бойынша меңгерік басқарудағы үйкеліс күші келесідегідей бөлінеді: 40 %-50 % шүберін қосылысының тетіктеріне келеді, 30 %-40 % - меңгерік механизмінің тетіктеріне, 10 %-25 % -топсалы меңгерік жетегіне. Меңгерік дөңгелегінің люфтісінен басқа меңгеріктік тарту күшінің топсалы қосылыстарындағы саңылауларды (меңгерік дөңгелегінің екі жаққа қатты бұрылуы кезінде тарту күшінің бастиектерінің немесе ұштары мен топсалы саусақтарының салыстырмалы орын ауыстыруы бойынша) тексеру қажет, колонкаға қатысты меңгерік дөңгелегінің бұрамдығының мойынтірегіндегі саңылауларды тексеру қажет.
Ешқандай қажет реттеулерсіз ұзақ уақытты пайдалану нәтижесінде меңгерік дөңгелегі люфті 15 °-20 °-қа ұлғаяды. Тарту күшінің топса тетіктерінің тозуы люфттің 2 °-4 °-қа ұлғаюына, бұрылу иінтірегінің 10 °-15 °-қа әлсіреуін, шүберіннің және оның төлкелерінің 3 °-4 °-қа тозуына әкеледі.
Меңгеріктік басқаруды қайта қалпына келтіру кезінде меңгерік механизмі тетіктерінің түйіндесуінде топсалы тарту күшіндегі саңылауларды жояды. Тарту күшінің топсалы буындасуы істен шығуына дейін бұрып және бұрандалы тығындарды ішінара босатып тартады.
Меңгеріктік басқарудың гидравликалық күшейткішінің дұрыс жұмысы бөшкедегі май деңгейіне және қозғалтқыш жұмысы кезінде сораппен арттырылатын қысымға тәуелді.
Тежеу жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар. Автомобильдердің қанағатсыз техникалық жағдайынан пайда болатын ЖКО-ның ең көп саны тежеуіштердің жөндеуге келмейтінен туады. Аппаттық жағдайда жүргізуші ең үлкен тежеу күштерін жасауға талпынады, бұл кезде ең көп барлық ақаулар толығымен шығады. Тежеуіш механизмдерінің негізгі пайдалану кезінде туындайтын ақаулар: тежеуіш барабандары мен қаптамалардың шекті тозуы, үйкелме беттерінің майлануы, барабандармен мен қаптамалар арасындағы саңылаулардың өзгеруі, өзінен өзі тежеу және қалыптардың сына қағуы, әлсіз тежеу болып табылады.
Гидравликалық жетегі бар тежеуіштерде әрдайым тежеуіш сұйығы ағып кетеді, тежеуіш жүйесіне ауа кіреді және т.б.
Пневматикалық тежеуіштерде әрдайым ауаның шығып кетуі және резеңкелі тетіктердің (диафрагмалардың, тежеуіш камералардың, майтүтіктердің) кенет жарылуы болады.
Автомобильдер тежеуіштерге келесі негізгі пайдалану талаптары қойылады: нақты қозғалыстың жылдамдығы кезінде төменгі тежеу жолы, барлық дөңгелектердің бір уақытта тежелуі, жетектің аз уақытта жұмыс істей бастауы, оң және сол дөңгелектердегі тежеу күштерінің теңдігі.
Тежеуіштердің тиімді жұмыс істеуі тежеу күші бойынша және бәсеңдету бойынша, тежеу жолы немесе автомобильдің толық массасына толық тежеу күшінің қатынасы (меншікті жалпы тежеу күші) бойынша бағалауға болады. Тежеуіштерді диагностикалау құралдарының жіктелуі экранда көрсетілген.
АКӨ және СТҚ жағдайында тежеуіштердің техникалық жағдайын атанақты және телімді текшелерде тексереді. Осы кезде келесі диагностикалық параметрлер өлшенеді: тежеу күшін, тежеуіш жетегінің жұмыс істей бастау уақытын, оң және сол дөңгелектердегі тежегіштің жұмыс істеуінің бір мезгілдігін, ал гидравликалық жетегі бар жүйе үшін – тежегіш басқышты басуына күш салуын. Текшелі сынаулар жол сынауларына қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: стационарлы өлшеу аспаптарын қолданғаны үшін сынау нәтижелерінің дәлдігі жоғарылайды, әрбір тежегіш механизмін жеке тексеру мүмкін: кез келген жылдамдықта сынаулар қауіпті, сынаудың стандартты жағдайлары әр түрлі уақытта алынған мәліметтердің нәтижелерінің және салыстырылатындығының қайталануын қамтамасыз етеді. Тежегіш сапаларын тексеруге арналған текшелер күшті және инерциялы бола алады; тіреу құрылғылары атанақты және учаскелі, жылжымалы (сурет 2.27) және стационарлы (сурет 2.28) бола алады.
Сурет 2.27 - Тежегіш сапаларын тексеруге арналған жылжымалы текше
Күшті текшелерде жетек барабандары 2…6 км/сағ. жылдамдығымен айналдырады. Жетекке өлшеу жүйесін орнатылған, бұл жүйенің аспаптары тежегіштің басқышына басқанда әрбір дөңгелектегі тежегіш күшін немесе тежегіш мезетінің мәні көрсетіледі.
Тежегіштердің гидравликалық жетегі бар автомобильдерде педальге басуға күш салуды бақылау үшін тежегіштің басқышына «педометр» (сурет 2.29) қадағасы орнатылады.
Инерциялы текшелерде атанақтар автомобильдің дөңгелектерімен айналдырылады немесе арнайы аз қуатты электр қозғалтқыштарымен 30-160 км/сағ жоғары жылдамдығымен айналдырылады, осыдан кейін тежеуді жүзеге асырады.
Сурет 2.28- Тежегіш сапаларын тексеруге арналған текше
Сурет 2.29 - К-208М текшенің күшті өлшеу құрылғысы:
1- қорап; 2 - қақпақ; 3- штоқ; 4- мембрана; 5 – қосынды түтік; 6- серіппелі қармау; 7 – манометр
Осы тәсіл кезде тежеуді бастаудың жылдамдығы жол сынаулары үшін жазбаша өкім берілген нормативті құжаттардағы мәнге тең болып қолданады. Текшенің инерциялы күші текшедегі сынауларда тежегішпен сіңірілетін кинетикалық энергиясы жол сынаулары кезіндегідей болған кезде таңдалады. Осы кезде бір үлгілі автомобильдердің бір өсінің тежеуіш жұмысының жылы режимін дәл еліктіріп алынады.
Бұл тәсіл тежеу үдерісінің инерция моменттерінің және сәйкес геометриялық өлшемдері және инерциялы сипаттарымен текше массаларының айналуын таңдау арқасында нақты жағдайларда тежеу үдерісінің эквиваленттілігіне негізделген.
Күшті текшесінде құрама параметрлер – тежегіш моменті, және диагностикалық параметр – жетектің айналу моменті арасындағы байланыс келесі тәуелділікпен көрсетіледі:
Мпр = Мт × (rб / rк) × i, (2.22)
мұнда i – атанақ пен өлшеу элементі арасындағы берілісті саны.
Тежегіштерді тексеруге арналған текшелер қатары тежегіштің техникалық жағдайына байланысты әр түрлі түрде болатын тежегіш диаграмманы жазып тұратын өздігінен жазып отыратын құралмен жабдықталған (сурет 2.30).
Сурет 2.30 – Сужетекті тежегіш күштерінің осциллограммасы
Телімді текшелердің тіреу құрылғылары аунақшаларда орналасқан бойлай қозғалатын металл алаң ретінде болып келеді. Алаң бүйір жағында сызықты сипатта қысатын серіппе орнатылған. Автомобильдің телімге басып кетуі және тежеу кезінде алаң автокөлікпен бірге серіппені қысып жылжиды. Автомобильдің салмағынан және дөңгелектердегі тежегіш күшіне тәуелді жылжу шамасы көрсеткіші индикаторға шығарылатын сезімтал элементпен өлшенеді. Тежеу үдерісінің математикалық сипаты инерциялы текшеде қиынырақ.
Сужетекті тежегіш жүйені қайта қалпына келтіруі тежегіш қалыптар мен тежегіш барабандарың арасында қалыптасқан саңылауды орнату мен тежегіш басқышының бос жүрісін реттеу болып табылады. Пневматикалық жетекті тежегіш жүйелерінде тежегіш камералардың штоқ жүрісі және басқыш мен тежегіш кран арасындағы тарту күші қалпына келтіріледі.
Жарықтандыру және жарық сигнал беру аспаптарын диагностикалау. ЖКҚ-ның 50 % түнгі уақытта болады. Сондықтан жарықтандыру аспаптарын айрықша талап қойылады, ал оларды диагностикалауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша маңызды шаралардың бірі болып табылады. Фаралардың алыс жарығын қосқанда жол 100 метрге дейін, ал жақын жарығы 30 метрден кем емес жарықтандыруы қажет.
Ақаулықтар – шамдардың жанып кетуі, сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, сымдардың жал,асқан жерінің босуы және бұзылуы және т.б., жарықтың жеткіліксіз күші, жарық сәулесінің бұзылып тастауы.
Фараларды дұрыс орнатқан кезде жарық ағыны кішкене көкжиекке бұрылған және жан жаққа таралады. Бұл жүргізушілердің қарсы келе жатқан көліктерден көз қаратпаушылығын азаюын және жол төсемі мен жолдың жағасын сенімді жарықтандыруын қамтамасыз етеді. Фаралардың дұрыс орнатылуын арнайы экрандар немесе фараларды тексеруге арналған аспаптар арқылы тексереді (сурет 2.31).
Сурет 2.31 - Фараларды тексеруге арналған аспап және тексеру сұлбасы
