Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы

Жұмыстық бастапқы кезінде (І) істен шығудың артуы байқалады. Бұл кезеңде пайдалану режимдері мен жүктемені қабылдауға механизмдер мен түйіндерді «іске кірістіру» жүріп жатады. Бұл кезде нақты пайдалану шарттарымен шартталған автомобильдердің өндірістік және конструктивті кемшіліктері анықталады. (ІІ) кезеңде істен шығу қарқындылығының төмендеуі болады, өйткені бөлшектердің (табылған кемшіліктер жойылады) іске кірісуі аяқталып, үнемі істен шығу қарқындылығы жұмысы (ІІІ) кезеңі басталады. Бұл кезең ең созылмалы.

Әрі қарай істен шығу қарқындылығы (IV) бөлшектердің тозуы мен ескіруі нәтижесінде бірте-бірте ұлғаяды.

І және ІІ аумақтарда негізінен істен шығулар кенеттен пайда болады, ал ІІІ аумақта істен шығу үнемі өсуде болады.

(ІІІ) аумақтағы істен шығудың пайда болу ықтималдығы ұдайы қарқындылықтағы істен шығудың өте аз жүріп өткен жолын L құрайды

(1.10)

Жүріп өту жол аралығындағы техникалық бұзылулар салдарынан нысанның тоқтап қалмау ықтималдығы

P(L) = e–L (1.11)

Кейде (1.3) формуласын сенімділіктің экспоненциалдық заңы деп атайды. Тәжірибие жүзінде істен шығу қарқындылығы тәуелділікпен анықталады

, (1.12)

мұнда L – кейбір жеткілікті аз уақыт аралығы (жүріп өту жолы);

N(l) –l атқарым кезіндегі жұмысқа қабілетті нысандар саны;

N(l+L) – (l+L) атқарым кезіндегі жұмысқа қабілетті нысандар саны.

Үнемі істен шығу қарқындылығы аймағындағы нысанның тоқтаусыз жұмыс ықтималдығының тапсырылған деңгейін сақтап қалу үшін, ТҚ жасау үшін мерзімді (белгілі бір жол жүріп өткеннен кейін) тоқтата тұру қажет.

– қалпына келтірілетін нысанның істен шығуының орташа санының оның ерікті аз атқарымының осы атқарым мәніне қатынасы.

Істен шығу ағыны параметрлері қалпына келтірілетін нысанның тоқтаусыз жұмыс көрсеткіштері ретінде қолданылады, пайдалану келесі түрде болады: жұмыстың бастапқы кезінде ол жұмысын бастайды және істен шығуға дейін жұмыс жасайды, істен шығудан кейін жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтіріледі және нысан тоқтап қалғанға дейін жұмыс жасайды және т.б. (сонымен бірге қалпына келу уақыты есептелмейді)

Мұндай нысандарға жиынтық атқарым өстеріндегі немесе тоқтаусыз уақыт осьтерінде істен шығу кезеңі істен шығу ағынын құрайды. Істен шығу ағынын сипаттау үшін осы ағынның, яғни 1 жүріп өткен жол үшін математикалық болжамның істен шығу  (l) функциясы қолданылады:

(l) = M [ r (l)], (1.13)

мұнда М – математикалық болжам;

r (l) – 1 жүріп өту жолы үшін тоқтап қалу саны.

Істен шығу ағыны параметрі  (l) жүріп өту жолының аралығында күтілетін істен шығудың орташа санын сипаттайды:

(1.14)

Істен шығу ағыны параметрі арақатынастың жетекші функциясымен байланысты

. (1.15)

Жалпы жағдайда (l) уақыт ішінде тұрақсыз (1.9-сурет).

1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі

Істен шығу ағыны параметрінің үш негізгі шарты байқалады.

Бірінші шарт – 1. Әрбір істен шығудан кейінгі толық қалпына келтіру, яғни

, =1.

Сонымен бірге 1 = 1 / деңгейінде (l) тұрақтану болады.

Екінші шарт – 2. Бірінші істен шығудан кейін ресурс толық емес, бірақ үнемі қалпына келуі, яғни i < 1, i = const. Бұл жағдай үшін істен шығу ағыны параметрінің тұрақтануы да тән, бірақ жоғары деңгейде

2 = 1 /   l1 = const.

Үшінші шарт – 3. Қордың толық қалпына келуінің біртіндеп төмендеуі, яғни 1 > 1> 2 ... > k. Мұндайда (l) параметрі үздіксіз ұлғаяды, ол ТҚ пен өндірістік аймақтардағы жүктеменің үнемі өсуіне әкеледі.

Алайда, бұл жағдайды есептеуде жеке аралықтар үшін орташа мәнге  = const қабылдауға болады (мысалы, барлық автокөліктердің жүріп өткен жолы бөлінеді, l1 – l2; l3 – l4 )

(l) тұрақтану ағындарды қарапайым немесе Пуассондық деп қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ықтималдықтың істен шығудың нақты санының t уақыт ішінде туындауы Пуассон заңымен анықталады:

, (1.16)

мұнда k =1,2,... – t уақыт ішінде туындайтын істен шығулар саны;

 – істен шығу ағыны параметрі.

1.9-кестеде статистикалық формадағы тоқтаусыз жұмыс көрсеткіштерін анықтауға арналған теңдеулер көрсетілген.

1.9-кесте

Статистикалық формадағы тоқтаусыз жұмыс көрсеткіштерін анықтауға

арналған теңдеулер

Көрсеткіш

Есептеу формуласы

Шартты белгілер

Тоқтаусыз жұмыстың ықтималдығы P(l)

P(l)=(N0–ni)/N0

N0 – тәжірибенің басындағы автомобиль элементтерінің саны; ni – l жүріп өту жолында болған істен шығуы бар, автомобиль элементтерінің жиынтық саны.

1.9 – кестенің жалғасы

Істен шығу қарқыны (l)

(l) = =

N(l) – l жүріп өту жолы уақытындағы автомобильдің жұмысқа қабілеттілік саны; N(l+l) – (l+l) жүріп өту кезіндегі автомобиль элементтерінің жұмысқа қабілеттілік саны; l – жүріп өткен жолдың жеткілікті аз аралығы.

Істен шығуға дейінгі орташа атқарым 1

1=

li – атқарым i-лық істен шығуға дейінгі элемент.

Істен шығу кезіндегі орташа атқарым 2

2 = ( Nili) / n =

= L / n

Ni – автомобильдің сыналатын элементтер саны; li – атқарым i–лық істен шығу элементі; n – L жүріп өткен жолының автомобильдің істен шығу элементтерінің жиынтық саны.

Істен шығу ағыны параметрі (l)

(l) = ni / ( Nи0 li )

ni – істен шығудың уақыт (жүріп өтудің) бірлігі li; Nи0 – автомобиль элементтерінің сыналатын саны.

Төзімділік көрсеткіштері. Орташа қор – қордың математикалық болжамы.

(1.17)

Гамма-пайызды қор – нысанды берілген ықтималдықпен  шекті күйге жетпеген кездегі атқарым, пайыздық мөлшермен бейнеленген. Гамма-пайызды қорды 1 шекті күйге дейінгі атқарым шамасынан шекті күйге жетпеген ықтималдылыққа тәуелділігі қисығы арқылы анықтауға болады (1.10-сурет).

Тағайындалған қор – нысанның жинақталған атқарымы, тағайындалғаннан кейін қолдану шегіне жеткен кезде тоқтатылу керек.

Қызметтің орташа мерзімі – қызметтік мерзімнің математикалық болжамы.

Гамма-пайызды қызмет мерзімі – нысанды пайдаланудан бастап тапсырылған  ықтималдылығы шекті күйге жетпейтін күнтізбелік ұзақтығы, пайызбен көрсетілген.

Тағайындалған қызмет мерзімі – нысанды пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, тағайындалғаннан кейін қолдану шегіне жеткен кезде тоқтатылу керек.

Төзімділік көрсеткіштері терминдерінде нысанның шекті күйге жеткеннен кейінгі әрекет түрін көрсетіп отыру керек (мысалы, күрделі жөндеуге дейінгі орташа қор және т.б.). Егер шекті күй нысанды пайдаланудан нақты алынып тасталуымен ескертілсе, онда төзімділік көрсеткіштерін толық орташа қоры (қызмет мерзімі) дейміз.

Толық қызмет мерзіміне нысанның барлық жөндеу жұмыстарының ұзақты кіреді.

Р ( ln ) – шекті күйге жетпеген кездегі ықтималдық:

 - тапсырылған ықтималдық; l - гамма–пайызды қор;

ln – шекті күйге дейінгі атқарым;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]