Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу

 61-бап. Өкілдің өкілеттіктері

      1. Сотта іс жүргізуге өкілеттіктер, қуыным арызға қол қоюды, медиация жүргізу туралы шарт жасасуды не iстi төрелікке немесе аралық сотқа беруді, қуыным талаптарынан толық немесе iшiнара бас тартуды және қуынымды мойындауды, қуыным нысанасын немесе негiзiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым жасауды, сот қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілге өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.       2. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.       

      62-бап. Өкілдің өкілдіктерін ресімдеу

      1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.        2. Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).        3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған жағдайда – адвокаттар алқасының төралқасымен куәландырылады.        4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.        5. Осы Кодекстің 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері

Ерекшеліктері:

Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері: заңмен көзделген мерзімдер Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады. 

Сотпен белгіленген мерзімдер Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды.

27-сұрақ. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу, ұзарту және қалпына келтіру тәртібі

Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады (ҚР АІЖК 124 б.).

Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды (ҚР АІЖК 128-бабы 3-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады.

Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс (ҚР АІЖК 128-бабы 4-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру немесе келтіруден бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады.

Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (тараптармен, үшінші тұлғалармен) берілуі және наразылық (прокурормен) келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖК 128-бабы 5-бөлігі).

Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы:

  • жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде;

  • айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті айы мен күнінде;

  • егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде;

  • күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні;

  • егер іс жүргізу әрекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса, белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.

Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін.Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырылса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді (ҚР АІЖК 125-бабы).

Ісжүргізумерзімдерініңбітуіісжүргізуміндеттерінорындауданбосатпайды (ҚРАІЖК 126-бабы 2-бөлігі).

28-сұрақ. Ведомстволық бағыныстылық ұғымы мен түрлері

Ведомстволық бағыныстылық - құқық туралы немесе басқа да заңды ісін белгілі органның құзырлығына жатқызуы. Әр орган тек өзіне ведомстволық бағыныстылықтағы ғана сұрақтарды қарастыруға құқылы. Заңды істердің ведостволық бағыныстылығы негізі заңмен және тек кейбір жағдаларда заңға сәйкес нормативтік актілермен анықталады. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша істер қарастыруға құқығы бар органдар:

  • соттар;

  • заңмен қарастырылған атқарушы органдар;

  • аралық соттар;

  • басқа тұлғалар мен органдар.

Ведомстволық бағыныстылық түрлері:

Жекеше ведомстволық бағыныстылық - бір органның ведомстволық бағыныстылығындағы іс қарастыру, мысалы, азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер тек жалпы юрисдикциялық сотта шешіледі.

Көпше ведомстволық бағыныстылық - бірнеше органдар ведомстволық бағыныстылығында іс қарастыру, мысалы, мекемелер, мен жеке тұлғалар арасындағы мүліктік дау аралық сотпен немесе жалпы юрисдикциялдық соттармен қаралып, шешілуі мүмкін. Түрлері:

  • Балама ведомстволық бағыныстылық - бұл талап қоюшының тандауы бойынша ведомстволық бағыныстылық;

  • Аралас ведомстволық бағыныстылық - басқа түрлерге тән белгілері бар ведомстволық бағыныстылық (көбінесе императивтік және балама);

  • Шарттық ведомстволық бағыныстылық - бұл тараптардың өзара келісімімен белгіленетін ведомстволық бағыныстылық;

  • Жағдайлы ведомстволық бағыныстылық - заңмен көзделген белгілі бір жағдай туындағанда іс тек соттың қарауында болуы;

  • Императивтік ведомстволық бағыныстылық - заңмен белгіленген кезек бойынша бірнеше юрисдикциялық органдармен іс қаралуы.

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығын анықтаудың негізі болып:

  • дау туындаған даулы құқық қатынасының материалды-құқықтық мәні;

  • даулы құқық қатынасының субъективтік құрамы.

Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүделерді қорғау азаматтық іс жүргізу кодексте және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

Біреулері сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуы тиіс. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарға қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]