Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

59.Сот отырысының хаттамасы

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалатын әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады (ҚР АІЖК 255-б.)

Осыған байланысты, соттар істі сот талқылауына дайындау бойынша судьяның іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасын жасауға міндетті (мәлімделген тараптардың мәні бойынша талап қоюшыдан жауап алу; жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсылықтарды айқындау; қосымша дәлелдемелер беру туралы ұсыныстар және т.б.).

Сот отырысының хаттамасы - сотта істі қарау кезінде жасалатын іс жүргізу әрекеттері көрінетін негізгі процессуалдық құжаттардың біреуі. Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс (ҚР АІЖК 366-б. 1-б. 6-т.).

ҚР АІЖК 256-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот отырысының хаттамасында:

сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

сот отырысы басталған және аяқталған уақыт (ҚР АІЖК 180-б., 216-б. 3-б.);

істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының және сот приставының тегі мен аты-жөні (ҚР АІЖК 184-б. 1-б.);

істің атауы (ҚР АІЖК 180-б.);

іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 181, 187-188-баптары);

іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 182, 185, 191-баптары);

төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы (ҚР АІЖК 193, 198, 204, 214-баптары және т.б.);

іске қатысушы адамдардың және өкілдердің арыздары, өтінімдері және түсініктемелері (ҚР АІЖК 186-б.);

куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсіндірмелері (ҚР АІЖК 190, 194, 196, 197, 199, 206, 207-баптары);

құжаттардың жария етілуі туралы мәліметтер, заттай дәлелдемелерді қараудың, дыбысжазбаларды тындаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрудің деректері (ҚР АІЖК 19, 198, 200, 201-205-баптары);

ҚР АІЖК-тің 57-бабы негізінде іске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындылары туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 209-б.);

сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны (ҚР АІЖК 15, 47-баптары);

сот жарыссөздерінің мазмұны (ҚР АІЖК 211-б.);

шешім мен ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені, оларға шағым беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 216, 232-баптары);

іске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 258, 259-баптары);

хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.

Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Сот отырысының хатшысы осы сотта азаматтық іс қаралатын тілде хаттаманы жүргізеді. Сөздер мен сөйлемдерді қысқартуға жол берілмейді. Тараптардың, үшінші тұлғалардың, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың өз түсініктемелерін, куәнің өзінің айғақтары, сарапшылардың және мамандардың өздерінің түсіндірулері хаттамаға енгізіледі.

Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін 10 (он) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін (ҚР АІЖК 257-б. 5-б.).

Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Сот отырысында іс қарау кезінде жасалған барлық іс жүргізу әрекеттерінің толықтығы мен дұрыстығы үшін төрағалық етуші жауапты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]