Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)

Осы тарау ережесі бойынша сот азамат немесе заңды тұлға құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына қарай істерді қарайды.

Бұл категория істер азаматтың немесе заңды тұлғаның арызы бойынша қозғалады.

ҚР АІЖК 283-баптың 1-бөлігіне сәйкес дау айтылатын нормативтік құқықтық актілер қатарына:

  • азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-сы Конституциясында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі;

  • азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-сы заңдарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі;

  • азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-сы Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі жатады.

Тексерілуі ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы арыздар сотта қаралуға тиісті емес (ҚР АІЖК 283-бап 2-бөлігі).

Яғни:

  • Республика Президентінің, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы;

  • Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігі туралы;

  • Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігі туралы;

  • Конституция нормаларына түсінік беру туралы;

  • және т.б. Конституциялық Кеңестің негізгі өкілеттіктері ҚР Конституциясында көрсетілген.

Азаматтың немесе заңды тұлғаның нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы арызы ҚР АІЖК-тің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.

Арызда:

  1. арыз берілетін соттың атауы;

  2. арыз берушінің (азаматтың) атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер арыз беруші заңды тұлға болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

  3. нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адам атауы;

  4. оның қабылдаған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып отырғаны;

  5. дау туғызып отырған актінің ҚР-сы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, ҚР-сы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі;

  6. дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және қашан жарияланғаны көрсетіледі.

Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ арыз берушінің өтініші баяндалуы мүмкін.

Арызға арыз беруші немесе арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды (ҚР АІЖК 150-бап 2,3-бөліктері).

Сотқа арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды (ҚР АІЖК 283-бап 6-бөлігі).

Одан кейін судья түскен арыз бойынша іс қозғап, сотқа арызбен жүгінген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы ҚР АІЖК 129-бап тәртібі бойынша хабарлайды.

Сотта істі қарау кезінде міндетті түрде прокурор қатысады.

Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар (азаматтар, заңды тұлға өкілі, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам) болмаған жағдайда да тыңдай алады (ҚР АІЖК 284-бап 2-бөлігі). Мұндай категория істер бойынша қабылданған бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және ҚР-сы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін жауапкер, яғни осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам дәлелдеуге тиіс.

Сот істі қарағаннан кейін келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

  • арызды негізсіз деп таныса, сот оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім;

  • арызды негізді деп таныса, сот нормативтік құқықтық актіні толық немесе жекелеген бөліктерін акт қабылдаған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы шешім (қарар бөлігінде көрсетіп) шығарады.

Соңғы жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.

Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады (ҚР АІЖК 285-бап 4-бөлігі).

283-бап. Арыз беру

      1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртiппен қабылданып, жарияланған нормативтiк құқықтық актiсiмен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында кепiлдiк берiлген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.       2. Тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы арыздар сотта қаралуға тиісті емес.       3. Арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.       4. Азаматтың және заңды тұлғаның арызы осы кодекстің 150-бабында көзделген талаптарға сай келуге және онда нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, дау туғызып отырған актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі көрсетілуге тиіс.       5. Арызға дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетіледі.       6. Сотқа арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды.

      284-бап. Арызды қарау

      1. Сотқа арызбен жүгiнген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады.      2. Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкiлiнiң, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар болмаған жағдайда да тыңдай алады.       3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыреттілігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін тексереді.       4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы арызды қараған кезде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндетті актіні қабылдаған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүктеледі.             285-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

      1. Арызды негізсіз деп тани келіп, сот оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.       2. Арыз негізді болған жағдайда сот өз шешімінде нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөліктерін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл туралы шешімнің қарар бөлігінде көрсетіледі.       3. Арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.       4. Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]