- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
Бірінші сатыдағы сот актілері – жазба нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер.
Сот актісі – бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.
Сот актілеріне тән белгілер:
құқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;
нақты бір жағдайда қолданылады;
ресми акт болып танылатын – құжат.
Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшелігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады. Яғни сот актісі:
сот органның ерікті (жігерлі) актісі;
тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдық тәртіпте шығарылады;
белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз құрылымы бар);
ҚР-сы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болады.
ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:
сот қаулысы;
сот шешімі;
сот ұйғарымы;
сот бұйрығы.
1. Сот қаулысы – бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында “қаулы” ұғымы қолданады. Мысалы, Г.В. Воронков “азаматтық процесте сот актілері” ұғымын қолдануды ұсынады. ҚР АІЖК
2. Сот шешімі – істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-б. 1-б.). Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖК 219-б. 1-б.).
Әрбір сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Сот шешімі мынандай 4 (төрт) бөліктерден тұрады:
кіріспе бөлігі;
сипаттау бөлігі;
дәлелдеу бөлігі;
қарар бөлігі.
3. Сот ұйғарымы – істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖК 251-б. 1-б.).
Сот ұйғарымын мазмұны, субъектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.
Мазмұны бойынша сот ұйғарымдары:
Әзірлеумен байланысты ұйғарым – бұл азаматтық істі қозғау туралы, істі сотта қарауға әзірлеу туралы (сараптама тағайындау, мүдделі тұлғаларды іске қатыстыру және т.б. туралы), істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.
Қорытынды ұйғарым – мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде (талап қоюдан бас тарту және бітімгершілік келісімін жасау туралы) ұйғарым.
Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым – бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.
Жеке ұйғарым – сот отырысында іс қарау кезінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым. Бұндай ұйғарымда сотта іс қарау кезінде жасалған қателіктер және құқық бұзушылық анықтағаны, оларды жоюға шаралар қолдануға ұсыныстар көзделеді. Жеке ұйғарымның көшірмесін алған күннен бастап қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлға жеке ұйғарымды қараусыз қалдырғанда, көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбағанда, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы заңда көзделген мерзімде хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Субъектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған, мысалы, заң бұзушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы, айып салу және т.б.
Нысаны бойынша ұйғарымдар дербес іс жүргізу құжаты немесе сот отырысының хаттамасына енгізілуі түрде шығарылады.
Шығару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке-дара немесе алқалы құрамда шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.
Шағымдану әдісі бойынша:
апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;
қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.
4. Сот бұйрығы дегеніміз – бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші
