- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау
318-бап. Арыз беру
Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса, сот азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазулардың жаңсақтықтарын анықтау туралы істі қарайды. Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазбаның жаңсақтығын анықтау туралы арыз оны берушінің тұратын жеріндегі не азаматтық хал актілерін жазу органы орналасқан жердегі сотқа беріледі.
319-бап. Арыздың мазмұны
Арызда азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазудың жаңсақтығы неде екендігі, қашан болғаны және азаматтық хал актілерін жазудың қандай органы жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден бас тартқандығы көрсетілуге тиіс.
320-бап. Арыз бойынша сот шешімі
Азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазбаның жаңсақтығын анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады.
107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
31-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау
291-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер
1. Сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. 2. Сот мынадай фактілерді: 1) адамдардың туыстық қатынастарын; 2) адамның біреудің асырауында болуы; 3) тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеу; 4) құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі; 5) мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету; 6) жазатайым жағдай; 7) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы; 8) мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны; 9) егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарайды.
292-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар
Сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.
293-бап. Арыз беру
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа берілетін, бұған жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі сотқа берілетін жылжымайтын мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету фактісі қосылмайды.
294-бап. Арыздың мазмұны
Арызда арыз берішінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.
295-бап. Соттың арыз бойынша шешімі
Соттың шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлекеттік органдар тіркеуге тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады, бұл орайда сол органдар беретін құжаттарды ауыстырмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
заңды тұлғалардың ҚР-сы Конституциясында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі;
азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-сы заңдарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі;
азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-сы Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабылдаған нормативтік құқықтық актісі жатады.
Тексерілуі ҚР-сы Конституциялық сот азамат немесе заңды тұлға құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына қарай істерді қарайды.
Бұл категория істер азаматтың немесе заңды тұлғаның арызы бойынша қозғалады.
ҚР АІЖК 283-баптың 1-бөлігіне сәйкес дау айтылатын нормативтік құқықтық актілер қатарына:
азаматтардың немесе Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы арыздар сотта қаралуға тиісті емес (ҚР АІЖК 283-бап 2-бөлігі).
Яғни:
Республика Президентінің, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы;
Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігі туралы;
Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігі туралы;
Конституция нормаларына түсінік беру туралы;
және т.б. Конституциялық Кеңестің негізгі өкілеттіктері ҚР Конституциясында көрсетілген.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы арызы ҚР АІЖК-тің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.
Арызда:
арыз берілетін соттың атауы;
арыз берушінің (азаматтың) атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер арыз беруші заңды тұлға болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адам атауы;
оның қабылдаған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылып отырғаны;
дау туғызып отырған актінің ҚР-сы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, ҚР-сы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі;
дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және қашан жарияланғаны көрсетіледі.
Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ арыз берушінің өтініші баяндалуы мүмкін.
Арызға арыз беруші немесе арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды (ҚР АІЖК 150-бап 2,3-бөліктері).
Сотқа арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды (ҚР АІЖК 283-бап 6-бөлігі).
Одан кейін судья түскен арыз бойынша іс қозғап, сотқа арызбен жүгінген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы ҚР АІЖК 129-бап тәртібі бойынша хабарлайды.
Сотта істі қарау кезінде міндетті түрде прокурор қатысады.
Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар (азаматтар, заңды тұлға өкілі, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам) болмаған жағдайда да тыңдай алады (ҚР АІЖК 284-бап 2-бөлігі). Мұндай категория істер бойынша қабылданған бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және ҚР-сы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін жауапкер, яғни осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам дәлелдеуге тиіс.
Сот істі қарағаннан кейін келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
арызды негізсіз деп таныса, сот оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім;
арызды негізді деп таныса, сот нормативтік құқықтық актіні толық немесе жекелеген бөліктерін акт қабылдаған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы шешім (қарар бөлігінде көрсетіп) шығарады.
Соңғы жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралықақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.
Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады (ҚР АІЖК 285-бап 4-бөлігі).
109.Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектелген немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
302-бап. Арыз беру
1. Азаматты спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығуы салдарынан әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы iс оның отбасы мүшелерiнiң, прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның арызы бойынша қозғалуы мүмкiн. 2. Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс сотта онымен бiрге тұратынына қарамастан отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-анасының, балаларының, аға-iнiлерiнiң, апа-қарындастарының), прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесiнiң арызы бойынша қозғалуы мүмкiн. 3. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қамқоршы белгiлеу (тағайындау) жолымен әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi, әрекетке қабiлетсiз адамның да, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдардың да мүдделерiн қорғау мақсатында қозғалады. 4. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегi, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесiне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегi сотқа берiледi.
303-бап. Арыздың мазмұны
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы арызда спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығып кеткен адамның өз отбасына материалдық жағынан ауыр жағдай жасайтындығын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиiс. 2. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы арызда өз әрекеттерiнiң нақты сипаты мен маңызын түсiнбеуi немесе не iстегенiн бiлмеуi салдарынан азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиiс.
304-бап. Судьяның ресми өкiл-адвокат тағайындауы
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейiн судья процесте қозғалған iс бойынша азаматтың мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн ресми өкiл-адвокат тағайындайды. 2. Ресми өкiл-адвокаттың заңды өкiл өкiлеттiгi болады. Заңға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегi тегiн көрсетiледi. Ескерту. 304-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
305-бап. Азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшiн сараптама тағайындау
1. Судья азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның психикалық жай-күйiн анықтау үшiн сот-психикалық сараптама тағайындайды. 2. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жiберу туралы ұйғарым шығара алады. 3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында белгiленген. Ескерту. 305-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
306-бап. Арызды қарау
1. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы iстi сот, егер азаматтың денсаулық жағдайы мүмкiндiк берсе, оның өзiнiң, қамқоршы және қорғаншы орган өкiлiнiң қатысуымен қарайды. 2. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстi сот қамқоршы және қорғаншы орган өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен қарайды. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iсi қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкiндiк берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкiн. 3. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден арыз берушi босатылады. 4. Арыз берген отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстардың, азаматты әрекетке қабiлетсiз деп көрiнеу негiзсiз таныту мақсатымен терiс пиғылды әрекет жасағанын анықтаған сот олардан барлық сот шығындарын өндiрiп алады.
307-бап. Арыз бойынша соттың шешiмi
1. Егер азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тануға негiздердiң болмау фактiсiн анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады. 2. Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған сот шешiмi қамқоршы және қорғаншы органның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi азаматқа қорғаншы тағайындауына негiз болып табылады. 3. Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп таныған сот шешiмi қамқоршы және қорғаншы органның әрекетке қабiлетсiз азаматқа қамқоршы тағайындауына негiз болып табылады. 4. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз азаматқа тиiсiнше қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы сотқа он күн мерзiм iшiнде хабарлауға тиiс.
308-бап. Азаматты әрекетке қабiлеттi деп тану
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 27-бабының екiншi тармағында көзделген жағдайда сот азаматтың өзiнiң, оның отбасы мүшесiнiң, қорғаншының, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық диспансердiң арызы бойынша азаматтың әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi екенiнiң күшiн жою туралы шешiм шығарады. Сот шешiмiнiң негiзiнде оған белгiленген қорғаншылық күшiн жояды. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 26-бабының үшiншi тармағында көзделген жағдайларда сот қамқоршының, психиатриялық емдеу мекемесiнiң, отбасы мүшесiнiң, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменiң, қамқоршы және қорғаншы органының арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысы негiзiнде сауыққан немесе денсаулығы едәуiр жақсарған адамды әрекетке қабiлеттi деп тану туралы шешiм шығарады. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылық күшiн жояды.
110.Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу
1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды прокурор психиатриялық мекеме орналасқан жердегi сотқа бередi. 2. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеу тәртiбiмен жатқызу үшiн заңда көзделген негiздер көрсетiлуге тиiстi арызға психиатр дәрiгерлер комиссиясының психиатриялық стационарға болу қажеттiгi туралы дәлелдi қорытындысы қоса тiркеледi.
310-бап. Арыз беру мерзiмi
1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз психиатр-дәрiгерлер комиссиясы азаматты психиатриялық стационарға жатқызу қажеттiгi туралы қорытынды шығарған кезден бастап 72 сағат iшiнде берiледi. 2. Iстi қозғай отырып, судья сонымен қатар азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарауға қажеттi мерзiмге ұзартады.
311-бап. Арызды қарау
1. Азаматты мәжбүрлеу тәртiбiмен психиатриялық стационарға жатқызу туралы арызды судья iс қозғалған кезден бастап бес күн iшiнде қарайды. Егер психиатриялық мекеме өкiлiнен алынған мәлiметтер бойынша ол адамның психикалық хал-жайы оған психиатриялық мекеме үйiнде жүргiзiлген сот отырысына жеке қатысуға мүмкiндiк беретiн болса, азаматтың өзiн ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы iс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар. 2. Iстiң қозғалуына бастамашы болған психиатриялық мекеме өкiлiнiң және ауруханаға жатқызу туралы мәселесi шешiлiп жатқан адамның өкiлiнiң арызды қарауға қатысуы мiндеттi.
312-бап. Арыз бойынша сот шешiмi
1. Судья арызды мәнi бойынша қарай келiп, шешiм шығарады, онда арыз қабылдамай тасталады не қанағаттандырылады. 2. Арызды қанағаттандыру туралы шешiм азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға және заңда белгiленген мерзiмде оны психиатриялық стационарда одан әрi ұстауға негiз болып табылады.
111. Апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сотта iс жүргiзудiң маңызы.
Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау институты ретінде тек апелляциялық тәртіпте ғана емес, сонымен қатар кассациялық тәртіпте қайта қарау институты енгізілген. Заң күшіне енбеген сот актілерін апелляциялық және кассациялық тәртіпте қайта қарау институттары ұқсас болып келеді. Сонымен қатар мынандай айырмашылықтары бар:
Біріншіден, апелляциялық тәртіпте қайта қарау сатысында аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы жеке-дара, ал кассациялық тәртіпте апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестiрiлген сот кемiнде үш судья құрамында қарайды;
Екіншіден, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық берiлмесе, оларға кассациялық шағымдану, наразылық беру мерзiмi өткеннен кейiн заңды күшiне енедi, ал кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шығарылған кезден бастап заңды күшiне енедi;
Үшіншіден, апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор заңда көзделген жағдайда немесе сот қажет деп тапқан жағдайда міндетті түрде қатысады, ал кассациялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiндеттi түрде қатысады деп көзделген.
Апелляциялық және кассациялық тәртіпте қайта қарау институттары ұқсастықтары:
Біріншіден, кассациялық шағым немесе наразылық сот апелляциялық қаулыны және ұйғарымды түпкiлiктi нысанда шығарғаннан кейiн он бес күн iшiнде берiлуi мүмкiн.
Екіншіден, апелляциялық сатыда iс сотқа келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша iстi ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде қарауға тиiс.
Үшіншіден, апелляциялық және кассациялық сатыны облыстық және оларға теңестірілген соттар қарайды.
ҚР АІЖК апелляциялық және кассациялық сатыдағы іс жүргізуді азаматтық іс жүргізушілік заңнаманың жаңа институты ретінде ғана емес, сонымен қатар азаматтық істің дербес сатысы ретінде қарастырады.
Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бірінші сатыдағы, ал кассациялық шағымдар мен наразылықтар заңды күшіне енбеген апелляциялық сатыда шығарған сот актілеріне сот өндірісінің жүргізілген тілінде немесе шағым мен наразылық келтіріліп жатқан тұлғаның ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде берілуі мүмкін. Сонымен қатар апелляциялық және кассациялық сатыда істі қарайтын сот қажет деп тапқан жағдайда аудармашынының қатыстыруын қамтамасыз ету керек.
Апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық білдіру келесі мақсаттарды көздейді:
алдыңғы сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген сот шешімдері, ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру;
алдыңғы сатыдағы соттың дұрыс шешім шығаруын қамтамасыз ету;
іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды кепілдендіру.
Апелляциялық және кассациялық сатының негізгі тағайындалуы болып алдыңғы сатыдағы соттың істің нақты мән-жайларын анықтауының дұрыстылығын, материалдық құқық нормаларын қолдану мен түсінік беру дұрыстығын, істі қарап шешу кезінде азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының сақталуын тексеру болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК-нің 345 бабының 2 тармағы).
Апелляциялық соттың бірінші сатыдағы сот шешімінің және кассациялық соттың заңды күшіне енбеген апелляциялық сатыда шығарған сот актілерінің дұрыстығын әр түрлі дәлелдемелерді зерттеу және жаңа фактілерді анықтау арқылы құқықтық және нақты түрде тексеру құқығының болуы, апелляциялық және кассациялық саты істі мәні бойынша қайта қарап шешуге мүмкіндік береді.
Апелляциялық және кассациялық сатыда пайда болатын азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
а) қайта қарау кезінде дұрыстығы анықталған шағымдалған немесе наразылық білдірген шешімдердің негізділігі мен заңдылығын мойындау арқылы;
ә) сот өндірісін істі мәні бойынша толық немесе ішінара шешу арқылы аяқтау;
б) өндірісті шешусіз аяқтау, яғни оны тоқтату немесе қараусыз қалдыру;
в) алдыңғы сатыдағы соттың заңсыз шешімдерін жою немесе істі мәні бойынша жаңадан қарауға жіберу.
Азаматтық істер жүргізу құқығы бойынша апелляциялық және кассациялық сатыда шағымдану негіздерінің бірі ретінде алдыңғы сатыдағы соттардың іс жүргізушілік қағидаларын сақтамау, бұзу болып табылады.
Сонымен ішінде алдыңғы сатыда сот ісін жүргізу барысында тіл қағидасының бұзылуына мыналарды жатқызуға болады:
а) талап арыз талап қоюшының берілген тілінде қозғалып қаралмаған болса;
ә) жауапкер сот ісінің қаралып жатқан тілін меңгермеген болса, соған қарамастан сот оған уақытылы аудармашыны қамтамасыз етпеген болса;
б) сотқа ұсынылған құжаттай дәлелдемелер сот ісінің қаралып жатқан тілінде аударылмаған болса;
в) іске қатысушы тұлғалардың берген түсініктемелері, куәнің берген жауаптары, сарапшының қорытындысы, маманның кеңестері аудармашының көмегімен аудару барысында дұрыс аударылмаған болса;
г) хатшының толтырған хаттамасымен іске қатысушы тұлғалар хаттамамамен танысу барысында, азаматтық сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайда олардың өтінішіне қарамастан олардың еркін меңгеретін тілінде хаттама аударылмаған болса.
Жоғарыда аталған жағдайлардың салдарынан іске қатысушы тұлғалар апелляциялық және кассациялық сатыға апелляциялық шағым және кассациялық шағым келтіруге құқылы. Мұндай жағдайда сот актілеріне апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық келтіру барысындағы ұлттық тіл қағидасы маңызды ролін атқарады.
Апелляциялық шағымдану (наразылық келтіру) объектісі – заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы сот шешімдері (ҚР АІЖК-нің 332 бабы). Кассациялық шағымдану (наразылық келтіру) объектісі – заңды күшіне енбеген апелляциялық сатыдағы соттың актілері.
Апелляциялық және кассациялық шағымдану субъектілері – апелляциялық және кассациялық шағым беру немесе наразылық келтіруге құқылы тұлғалар. АІЖК-ға сәйкес бұл өте үлкен шеңберді құрайтын тұлғалар жиынтығы.
Біріншіден, шағымдануға құқылы тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалар да шағымды ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілде бере алады. Іске қатысушы тұлғалар құрамы АІЖК-нің 44 бабында белгіленген. Апелляциялық және кассациялық шағым беру құқығына іске нақты қатысқан тұлғалар да, өкілдер арқылы қатысқан тұлғалар да ие болады.
Екіншіден, АІЖК-нің 54 бабына сәйкес, тараптардың дербес талаптарын мәлімдейтін тұлғалардың құқықтық мирасқорлары заңмен көзделген негізде істен шығып қалған тараптың (үшінші тұлғаның) орнына келсе, апелляциялық және кассациялық шағым өзінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде бере алады.
Үшіншіден, сот өкілдері, егер тиісті түрде құзыреттері қарар бөлімінде рәсімделсе, сот шешімдеріне өзінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілде шағым беруге құқылы. Заңды өкілдер істе өздерінің өкіл берушілерінің барлық құқықтарына ие. Сондықтан, олар сенімхатсыз да сот шешіміне шағымдана алады (АІЖК-нің 63 бабы).
Төртіншіден, заң өздеріне қатысты сот шешім шығарған, бірақ сотқа қатыспаған тұлғаларға шағым беруге құқық береді. Бұл жерде аталған тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтары сот әрекеттерімен бұзылады. Сол себепті, шағым беру – бұл тұлғалардың өз құқықтарын соттың заңсыз шешімдерінен қорғау тәсілі.
Бесіншіден, апелляциялық және кассациялық наразылық келтіру құқығы іске қатысушы прокурорға тиесілі. ҚР-ның бас прокуроры, оның орынбасарлары, облыс прокурорлары (оларға теңестірілген) және олардың орынбасарлары, аудан прокуроры (оларға теңестірілген) және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде іске қатысу (қатыспауына қарамастан) наразылық келтіруге құқылы.
Апелляциялық және кассациялық шағым беру (наразылық келтіру) сот түпкілікті бірінші сатыда шешім шығарғаннан кейін немесе кассациялық сатыда қаулы шығарғаннан кейін он бес күн ішінде жоғары тұрған сотқа өзінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде берілуі (келтіруі) мүмкін.
Бірінші сатыдағы сот істі қарау аяқталғаннан кейін шешімді дереу шығарады. Істі мәні бойынша қараған кезде сот қысқаша шешім шығарады. Шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптардың жасаған жазбаша өтініші бойынша не өз қалауы бойынша сот толық шешім шығарады. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейін қалдырылуы мүмкін, бірақ қысқаша (қысқартылған) шешімді сот істі аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс (АІЖК-нің 229 бабы). Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы тұлғаларға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті (АІЖК-нің 216 бабы, 2 тармағы). Шешімді құрастыру күні және дәлелді шешіммен танысу үшін сот белгілеген күн және дәлелді шешіммен танысу үшін сот белгілеген күн бір күнді білдіреді. Кейбір шет мемлекеттерде шағым беру мерзімі шешім шығарылған күні емес, шешімнің көшірмесін тараптарға берген сәтте басталады.
Заңмен белгіленген он бес күндік мерзімді жіберіп алу апелляциялық шағым беру (наразылық келтіру) құқығын жояды. Егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда ол қайтарылады (АІЖК-нің 337 бабы, 3 тармағы). Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіп алса, сот қалпына келтіре алады (АІЖК-нің 128 бабы, 2 тармағы).
АІЖК-нің 335 бабының 1 тармағына сәйкес, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны өзіне сипатына қарай күрделі әрі ауқымды мағлұмат қамтиды. Шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауынан басталады. Онда нақты облыстық немесе оған теңестірілген сот аталады. Әрі қарай, шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның аты жазылады. Егер апелляциялық немесе кассациялық шағымды заңды тұлға берсе, оның толық атауы, реквизиттерін атау қажет. Шағымды жеке тұлға берсе, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, тұлғаның процессуалдық жағдайын көрсету керек. Апелляциялық немесе кассациялық наразылық келтіретін прокурордың лауазымы, прокуратураның атауы көрсетіледі. Шағым беріп отырған тұлға немесе наразылық келтіріп отырған прокурор өзінің ана тілінде немесе оның алдында, яғни бірінші сот сатысында жүргізілген тілінде береді. Сонымен қатар кейде іске қатысушы тұлғалардың атынан өкілдер шағым бере алатынын білеміз. Тәжірибеде көбінесе өкілдер іс тез шешілу үшін іске қатысушы тұлғалардың ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде емес, өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотқа шағымды іске қатысушы тұлғалардың атынан беріп жатады. Мұнда іске қатысушы тұлғалар әрқашан да сот ісінде болып жатқан туралы мәліметтерді тек өкілдері арқылы білуі мүмкін. Бұл әрине іске қатысушы тұлғаларға ыңғайсыз болып келеді. Біздің ойымызша егер де өкіл іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін олардың ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қорғай алмайтын болса, онда тек олардың келісімімен ғана өзінің ана тілінде немесе өзі еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады деп өзгерту керек.
Шағым немесе наразылықта оны беруші тұлға келіспейтін шешім қандай іс бойынша шығарылғаны, кім және қашан шығарғаны жөнінде мәлімет болуы тиіс. АІЖК-нің 335 бабы, 1 тармағының, 3 тармағында шағым жасалатын немесе наразылық келтіретін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы көрсетілуі көзделген. Істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету шағым немесе наразылық ең басты бөлігі болып табылады. Аталған норма келесіні түсіндіруі мүмкін: шағым немесе наразылықта тұлға келіспейтін шешімнің шарттары және тұлғаның ойынша жіберілген іс жүргізушілік қателер көрсетіледі. Бірақ істі дұрыс қарап шешілмеуін көрсету жеткіліксіз. АІЖК-нің 335 бабының, 1 тармағының, 5 тармағына сәйкес, заңдарға, өзге де нормативтік актілерге және материалдарға сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесін беру қажет. Шағым немесе наразылықта тұлғаның сот шешімімен келіспеушілігмен қатар, осы келіспеушілікті дәлелдейтін заңды негіздер мен деректер болуы керек. Мүдделі тұлғаға қатысты нормативті актілерге сілтеме жасау міндеттемесін енгізу әділетсіз болғандықтан, апелляциялық шағымды құқықтық негіздеу нормасы күдік туғызады. Аталған талап прокурор келтіретін апелляциялық наразылыққа ғана қойылуы мүмкін. Біздіңше, мүдделі тұлғаның сот шешімімен келіспеуінің негіздемесі істің фактілік жағымен ғана байланысты болуы тиіс. Бұл арада, АІЖК-нің 335 бабының 3 тармағы нормасын ескеру қажет. Оған сәйкес, апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі. Көрсетілгеннен шығатыны, заңнама қарапайым тұлғаның апелляциялық шағым беру процедурасын өте күрделі қылып, ол құқықты жүзеге асыруды іс жүзінде жоққа шығарады. Жоғарыда аталған мәліметтерден басқа, шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе тармағында келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету міндетті. Бұл шағым және наразылықтың өтінілетін бөлігі.
Шағымның тағы да бір реквизиті болып қоса тіркелген құжаттардың тізімі табылады. Шағым немесе наразылық оның берілу күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қол қоюымен аяқталады. Апелляциялық шағымға мүдделі тұлғаның өзі немесе оның заңды өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуі тиіс.
Апелляциялық немесе кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды. Бұл талап апелляциялық наразылық берілгенде ескерілмейді. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін (АІЖК-нің 335 бабы, 2 тармағы). Бұл жерде де сот куәларды сотқа шақырған кезде олардың қандай тілде жауап беретінін анықтап алу қажет. Егерде куәлар апелляциялық сатыда сот ісінің жүргізіліп жатқан тілін еркін меңгермейтін болса, онда судья міндетті түрде аудармашынының қатысуын қамтамасыз ету керек.
Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалар санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады (АІЖК-нің 334 бабы, 2 тармағы). Сонымен қатар шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғаларға көшірмелері берілген кезінде, шағымдар мен наразылықтарды қабылдап алушы тұлғалар әрқашан да берілген шағым мен наразылықтың тілін еркін меңгеретіндігіне кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан да судья істі қайта қарауға әзірлеген кезде осындай мәселелерді алдын-ала қарастырып шешу керек. Бұл істің тез әрі дұрыс шешілуіне көмегін тигізеді.
Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар заң талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс (АІЖК-нің 334 бабы, 1 тармағы).
Апелляциялық өндіріс пайда болуы үшін апелляциялық шағым немесе наразылық апелляциялық шағым, наразылық қойылатын талаптарға сай болуы керек (АІЖК-нің 334 бабы, 335 бабы).
Заңда көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым, наразылық берілген (келтірілген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) тұлғаға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды (АІЖК-нің 336 бабы). Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым немесе наразылық берілуі мүмкін (АІЖК-нің 336 бабы, 2 тармағы).
Апелляциялық және кассациялық шағымға қойылатын талаптарға жоғарыда аталғаннан басқа да талаптар қойылады:
апелляциялық және кассациялық шағым немесе наразылық беруге мерзім белгіленеді;
шағым немесе наразылықты апелляциялық және кассациялық шағым беру құқығына ие тұлғаның беруі;
апелляциялық және кассациялық шағым немесе наразылықтың тек қана апелляциялық тәртіпте және кассациялық шағымдануға жататын шешімдерге және қаулыларға беру мүмкіндігі.
Аталған талаптарды сақтамау, апелляциялық шағымды қайтаруға әкеп соғады. АІЖК-нің 337 бабына сәйкес, апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның қаулысымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:
шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулысындағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;
егер шағым немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе немесе шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе, ол қайтарылады.
Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы (АІЖК-нің 339 бабы).
Шағымға қосылу туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді. Бұл құқық бір жақта іске қатысушы тұлғалардың мүдделерінің ортақтығына негізделген. Шағымға бірнеше тұлғалардың қосылу салдарынан қай тілде шағымданатыны туралы мәселелік сұрақтар туындайды. Мұнда, әрине, шағымданушы өзінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде арыз беретіндігі түсінікті. Бірақтан шағымға қосылушы тұлға басқа тілді меңгеруі мүмкін. Сондықтан да мұндай жағдайларда судья шағымға қосылушы тұлғадан аудармашының қызметі қажет пе әлде қажет еместігі туралы мәселені алдын ала шешу керек деп ойлаймыз. Себебі, аудармашының қажеттігі туралы мәселе көбінесе істі қарау кезінде анықталып жатады. Бұл істің созылып кетуіне әкеледі.
Іске қатысушы тұлғалар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа жазбаша түрде қарсылықты өзерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілде білдіруге құқылы. Қарсылық пен оған қоса берілген құжаттар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен бірге берілуге тиіс (АІЖК-нің 340 бабы).
ҚР АІЖК-нің 338 бабының 1 тармағына сәйкес, мерзімде берілген және заң талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:
а) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы тұлғаларға жіберуге міндетті;
ә) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге міндетті. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы (АІЖК-нің 338 бабы, 2 тармағы).
Апелляциялық шағым (наразылық) бойынша өндіріс ол келіп түскеннен басталады. Апелляциялық шағым (наразылық) келіп түскеннен бастап бірінші сатының судьясы АІЖК-нің 338 бабында көзделген іс әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті. Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар 338 бап талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс (АІЖК-нің 334 бабы, 1 тармағы).
Апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот іске қатысушы тұлғаларды отырыстың орны және уақыты жөнінде ақпараттандырып, апелляциялық және кассациялық шағым немесе наразылық көшірмесін табыс етеді.
Іс апелляциялық және кассациялық сатыдағы ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау бірінші сатыдағы істі қарауда ұсынылатын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Аталған сатыда барлық қағидалар іске асырылады: диспозитивтік, жарыспалылық, талаптардың процессуалдық теңдігі, жариялылық, сот ісін жүргізу тілі, сот қарауының тікелейлілігі және т.б.
Апелляциялық және кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілетін материалдар бойынша:
а) істің нақты мән-жайы анықталуының;
ә) материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;
б) істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.
Апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, жаңа дәлелдемелерді зерттей алады. Осы аталған құқықтардың апелляциялық сатыдағы соттың иеленуі апелляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қайта қарайды деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, апелляциялық және кассациялық сатыдағы бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген шешімінің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Бұл арада, апелляциялық сот істі берілген материалдар бойынша және қосымша берілген материалдар бойынша қарайды. Тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда жол берілетінін де ескеру керек.
Апелляциялық соты қосымша материалдарды іс бойынша жаңа фактілерді анықтау мен істі мәні бойынша шешу үшін ғана емес, бірінші сатыдағы соттың шешімін толық және жан-жақты тексеру үшін пайдаланады. Мұндай материалдар істің нақты мән-жайларының дұрыс анықталмауына нұсқау мақсатын да көздейді. Мысалы, сот ісінің тілін меңгермейтін куәнің берген айғақтарын аудармашының қате аударған салдарынан сот дұрыс шешім шығармағандығы анықталса.
Апелляциялық сатыдағы сотта апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АІЖК-нің 41 тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады (АІЖК-нің 350 бабы). АІЖК-нің 350-357 баптарға сәйкес, апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу төрт кезеңнен тұрады:
а) дайындық;
ә) апелляциялық шағым, наразылықты мәні бойынша қарау;
б) сот келіссөздер және егер прокурор басталған іске қатысса, оның қорытындысы;
в) апелляциялық сот актісін шығару және жариялау.
Төрағалық етуші сот отырысын басқарады және сот отырысында тиісті тәртіп болуына қажет шараларды жасайды.
Дайындық бөлімінде осы сот отырысында апелляциялық шағым, наразылықты қарау мүмкіндігі анықталады. Соттың дайындық бөлімінде қарастыратын сұрақтарының ең негізгілеріне келесі сұрақтарды жатқызуға болады:
- істі осы сот құрамымен қарау мүмкін бе?;
- іске қатысушы тұлғалар немесе олардың өкілдері сот отырысына келмесе, істі қарау мүмкін бе?;
- іске аудармашыны қатыстыру қажет пе?
- егерде аудармашыны қатыстыру қажет болса, онда қандай - жай аудармашыны ма, әлде мамандандырылған аудармашы қатыстыру керек пе?
Істі талқылау төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша немесе қай соттың шешімі қаралып отырғанын хабарлаудан басталады (АІЖК-нің 351 бабы).
Одан соң, төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың кім екенін анықтайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді (АІЖК-нің 351 бабы). Сонымен қатар іске қатысушы тұлғалар қандай тілде жауап беретіндігі мен аудармашының қажет не қажет еместігі жөніндегі мәселелерді судья істі қарау алдында шешіп кету керек. Бірақтан тәжірибеде мұндай мәселелер көбінесе іс қаралып жатқан кезде анықталып жатады. Бұл тағы да істің созылып кетуіне әкеп соғады.
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлаған іске қатысушы тұлғалардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда сот бұл жағдайда да келмеу себебін дәлелді деп тани отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін, судья іске қатысушы тұлғаларға олардың қарсылық беру құқығын түсіндіреді. Қарсылықты сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде бере алатындығы түсіндіріледі. АІЖК-нің 40-шы бабына сәйкес судьяға қарсылыќ білдіру үшін негіздер осы жұмыстың алдындағы тарауларында талданған, сондықтан қайталауды жөн емес деп санаймыз.
АІЖК-нің 41-шы бабына сәйкес аудармашыға қарсылық білдіру үшін негіздер де жоғарыда көрсетілген.
Аудармашының осы істі мұның алдында қараған кезде аудармашы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды.
Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, ҚР-ның Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
Аталған іс-әрекеттерді жасағаннан кейін судья іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде, егер де қажет деп тапса аудармашының көмегімен түсіндіріп, олардың мазмұны түсініктілігін тексереді.
Іске қатысушы тұлғалар немесе тараптар, апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерді өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде беруге құқылы. Сондықтан, соттың келесі іс-әрекеттері іске қатысушы тұлғалардың арыздары мен өтініштерін шешумен байланысты (АІЖК-нің 353 бабы). Аталған өтініштер мен арыздар іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешіледі.
Тараптар бірінші сатыдағы сот бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішті өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде жасауға құқылы (АІЖК-нің 353 баптың 2 тармағы).
Апелляциялық сатыдағы соттың өтінімдері бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге ала отырып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ (АІЖК-нің 353 баптың 3 тармағы).
Апелляциялық немесе кассациялық шағым немесе наразылықты талқыламастан бұрын сот келесі сұрақтарды шешеді: тұлға өз шағымынан бас тартпай ма, немесе прокурор өз наразылығын кейін шақыртпай ма; талап қоюшы талап-арыздан бас тартпай ма?; тараптар бітімгершілік келісім жасағысы келмей ме; іс қандай тілде қаралады және аудармашы қажет пе деген мәселелерді шешеді.
Талап қоюшының талап арыздан бас тарту немесе тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда сот ісінің жүргізіліп жатқан тілінде немесе тараптар сот ісінінің тілін меңгермеген жағдайда өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде көрсетілуге тиіс. Тиісінше талап қоюшының немесе тараптардың арыздарын қарау тәртібі және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітім келісімін бекіту немесе бекітпеу салдары АІЖК-нің 193 бабының ережелері бойынша белгіленеді. Талап арыздан бас тартуды немесе бітімгершілік келісімін қабылдағанға дейін сот тараптарға бұл процессуалдық іс-әрекеттердің салдарын түсіндіреді (АІЖК-нің 342 бабы).
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын немесе бітімгершілік келісімді бекіткен жағдайда апелляциялық саты АІЖК-нің 247 бабының 3, 4 бөлімшелеріне, 358 бабының 5 тармағына сәйкес, бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Апелляциялық немесе кассациялық шағым немесе наразылықты қарау соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін олардың сот ісінінің тілін меңгермеген жағдайда өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде тыңдаудан басталады. Аталған тұлғалар қосымша материалдар ұсынуға құқылы. Апелляциялық шағым немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сот ісінінің жүргізіліп жатқан тілінде немесе сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда өздерінің ана тілінде не еркін меңгеретін тілінде сөз сөйлейді. Мұндай жағдайда аудармашы міндетті түрде қатыстырылады. Егер наразылықты прокурор келтірсе, онда ол бірінші сөйлейді. Екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда, бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.
Дәлелдемелерді зерттеу бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеуге арналған ережелерге сәйкес және АІЖК-нің 355 бабының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот белгілейді.
Апелляциялық немесе кассациялық сот істе бар және жаңадан ұсынылған дәлелдемелерді тексереді. Апелляциялық сот іске қатысушы сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын сот ісінінің жүргізіліп жатқан тілінде немесе сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда өздерінің ана тілінде не еркін меңгеретін тілінде жария етуге құқылы. Егерде аудармашының қызметі қажет болса, онда ол міндетті түрде қатыстырылады. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін. Істі мәні бойынша қарау өткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерін олардың жасайтын өтініштері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтініштерді шешіп, сот жарыссөздеріне көшеді.
Жарыссөзде апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлға сот ісінің тілінде бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы өзінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сөйлейді. Іске қатысқан прокурор бар болса, онда ол шешімнің негізділігі мен заңдылығы бойынша сот ісінің тілінде немесе өзінің ана тілінде не еркін меңгеретін тілінде қорытындыны береді. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды. Егерде тараптар бір уақытта сотқа өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде, яғни екеуі бір тілде меңгермейтін жағдайда талап арыз беретін болса, онда сот қандай тілде істі қарастыру керек еді? Бұл жерде сот қай тарап бірінші болып талап арызын берген болса, онда сол талап арыздың берген тілінде азаматтық іс қозғалып қарастырған болатын еді. Мұндай жағдайда сот міндетті түрде аудармашыны қатыстыру мәселесін алдын ала қарастырып шешу керек болатын. Жалпы сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін сот соттың актісін қабылдауға арналған бөлмеге кетеді.
Сот сот актісін шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, ол туралы отырыс залындағыларға сот ісінің жүргізіліп жатқан тілінде жарияланады. Сот актісін шығару мен оны жариялау бірінші сатыдағы сотқа қойылатын талаптарға сай жүргізіледі. Кеңесу бөлмесінде шешім шығарылған кезде онда тек істі қараған судья ғана болуы тиіс. Кеңесу бөлмесінде өзге де тұлғалардың болуына тыйым салынады.
Кеңесу бөлмесінде сот келесі сұрақтарды шешеді:
а) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері бірінші сатыдағы сотпен дұрыс анықталғаны;
ә) бірінші сатыдағы сот анықталған деп санайтын іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
б) шешімде баяндалған соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкестілігі;
в) материалдың және процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы;
г) материалдық және процессуалдық құқық нормаларын дұрыс қолдануы.
д) апелляциялық саты сотының өзі қандай заңи фактілерді анықтады және олар қандай дәлелдемелермен бекітілетіні туралы.
Жоғарыда аталған сұрақтарды шеше келе, сот апелляциялық шағым немесе наразылықтағы болжамдардың негізділігін анықтайды. Сот талқылауы аяқталған кейін сот актісі дереу шығарылады. Қаулының толық мәтіні істі қараған күннен бастап бес күндік мерзімде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды (АІЖК-нің 357 бабы, 2 тармағы). Актіге қол қойылған соң, ол отырыс залында сот ісінің жүргізілген тілінде жарияланады. Судья оған қоса, сот актінің мазмұны бойынша түскен сұрақтарға түсініктемені сот ісінің тілінде беруге тиіс. Егер апелляциялық сот отырысы тиісті түрде хабардар етілген іске қатысушы тұлғалар мен олардың өкілдерінсіз өтсе, актіні жария етпейді.
Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіргеннен кейін берілген апелляциялық шағым немесе наразылық басқа шағымдар бойынша іс қаралғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сотқа түскен жағдайда сот мұндай шағымды немесе наразылықты өзінің өндірісіне қабылдауға міндетті. Апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот өзінің бұрын шығарған актісінің күшін жояды және аталған шағымда немесе наразылықта оның күшін жоюдың негізі көзделсе, істі толық көлемінде қарайды.
Істі апелляциялық тәртіпте қарап, сот келесі нәтижелерге келуі мүмкін:
а) шешімді өзгеріссіз қалтыруға, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмауға (АІЖК-нің 358 бабы, 1 тармағы);
ә) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге (АІЖК-нің 358 бабы, 2 тармағы);
б) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға немесе жаңа шешім шығаруға (АІЖК-нің 358 бабы, 3 тармағы);
в) АІЖК-нің 364 бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге (АІЖК-нің 358 бабы, 4 тармағы);
г) АІЖК-нің 247 және 249 баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бір тармағындағы күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы (АІЖК-нің 358 бабы, 5 тармағы).
АІЖК-нің 346 бабына сәйкес апелляциялық сот АІЖК-нің 353 бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жеке ұйғарым шығара алады. Жеке ұйғарымда апелляциялық сот шешімінің күшін жоюға әкеп соққан бірінші сатыдағы соттың жіберген өрескел қателіктерін көрсетеді. Бұл ұйғарымның көшірмесі тәртіптік іс қозғауға құқылы тұлғаларға жіберіледі.
АІЖК-нің 364 бабының 1 тармағына сәйкес апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер:
а) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс анықталмауы;
ә) бірінші сатыдағы сот белгіленген ісү шін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
б) бірінші сатыдағы сот шешіміндеб аяндалған қорытындылардың істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
в) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
Сот қателік жіберуі құқық нормасын қолданудың кез келген кезеңінде немесе сатысында болуы мүмкін. Бұған АІЖК-нің 365 бабының мазмұны жарқын мысал бола алады. АІЖК-нің аталған бабы материалдық құқық нормаларының бұзылуын немесе дұрыс қолданылмауын анықтайды.
«Азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдану туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 Нормативтік Қаулысында келесі түсініктеме берілген: АІЖК-нің 255 бабының іс жүргізушілік әрекеттерге қатысты хаттамалар толықтыру олар қажетті болғанда және іс жүргізушілік әрекеттер сот процестен өзге жүргізілсе, жасалуы тиіс. АІЖК-нің 367 бабына сәйкес, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы шешімнің күші жоюмен ұштасады. Сот шешімінің күшін сөзсіз жоюға берілген негіздемелер тізімі толық, тең талқылауға жатпайды. Басқа да іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешуге әкеп соқтырса, немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс.
АІЖК-нің 359 бабына сәйкес, апелляциялық саты істі қарау нәтижелері бойынша сот актісін қаулы немесе ұйғарым түрінде сот ісінің талқылаған тілінде шығарылады. АІЖК-нің 358 бабының 3 тармағында көзделген жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, істі мәні бойынша жаңадан қарауға апелляциялық шешімін шығарады. Қалған жағдайларда, яғни 358 бабының 1, 2, 4, 5 бөліктерінде апелляциялық ұйғарым шығарады. АІЖК-нің 360 бабы апелляциялық сот ұйғарымында болуға тиіс шарттарды қамтиды. Апелляциялық ұйғарым мазмұны бойынша төрт бөліктен тұрады: кіріспе, сипаттама, дәлелдеме, қарар.
Ұйғарымның кіріспе тармағында:
- ұйғарым шығарылған уақыты мен орны;
- соттың атауы, сот құрамы;
- апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
- апелляциялық сатыдағы істі қарау кезінде қатысқан тұлғалар.
Сипаттама тармағында қысқаша мазмұны көрсетіледі:
- бірінші сатыдағы соттың атауы;
- апелляциялық шағым немесе наразылықтың мазмұны;
- процеске қатысты адамдар табыс еткен дәлелдемелердің, түсініктемелердің қысқаша мазмұны.
Дәлелді тармағында апелляциялық сот келесіні көрсетуге тиіс:
- соттың өз қорытындысын жасауға әкелген себептер;
- сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме.
Қарар тармағында апелляциялық соттың апелляциялық шағым (наразылық) қарау барысындағы қорытындылар көзделеді.
АІЖК-нің 363 бабы апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі жайлы императивтік норманы көздейді. Іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы нұсқаулар, апелляциялық сот ұйғарымдағы деректер, бірінші сатыдағы сот шешімнің күші жойылған және іс қайтадан қаралуға берілген жағдайда сот істі қайтадан қараушы сот үшін міндетті болып табылады. АІЖК-нің 363 бабының 2 тармағына сәйкес, апелляциялық сатыдағы соттың:
- соттың қайсыбір дәлелдеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы;
- бір дәлелдеменің екіншісінен артықшылығы туралы;
- жаңа істі қарау кезінде қандай шешім шығарылуы тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ. Апелляциялық шешім мазмұны АІЖК-нің 361 бабымен реттеледі. Апелляциялық сот шешімі АІЖК-нің 221 бабына сай келуге тиіс, яғни өзінің мазмұны бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің мазмұнымен ұқсас келуге тиіс. АІЖК-нің 221 бабында көзделген мәлеміттерден басқа апелляциялық шешімде:
а) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның аты;
ә) апелляциялық шағым берген тұлғаның тараптары;
б) берілген шағымның негіздемесі;
в) бірінші сот шешімнің қысқаша мазмұны;
г) апелляциялық соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгерту негіздері;
д) апелляциялық соттың қорытындылары және оның шешімі.
Апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшіне ену ережелері апелляциялық сот басшылыққа алатын өкілетке сай өзгереді. АІЖК-нің 368 бабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды. АІЖК-нің 358 бабының 3 тармағына сәйкес шығарылған ұйғарым АІЖК-нің 235 бабында көзделген ережелерге сай күшіне енеді. Яғни бұл ұйғарымға шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң. Алайда АІЖК-нің 359 бабының 1 тармағы мен АІЖК-нің 368 бабының 2 тармағы арасында қайшылық бар екенін айта кеткен жөн. Сонымен, АІЖК-нің 369 бабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін ол істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.
АІЖ заңнамасына сәйкес, азаматтық істерді қарап шешу кезінде бірінші сатыдағы сот шешімдеріне ғана емес, ол ұйғарымдарына да апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мүмкін. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шешіммен бірге немесе бөлек шағым берілуі немесе наразылық келтіру мүмкін. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шешімнен бөлек апелляциялық сатыдағы берілген шағым – жеке шағым, ал прокурорлық наразылық – жеке наразылық деп аталады. Жеке шағым және жеке наразылық барлық ұйғарымдарға қатысты берілмейді. Шағымдануға немесе наразылық келтіруге жататын ұйғарымдар тізімі АІЖК-нің 344 бабында көзделген. Бұл нормаға сәйкес, бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру, наразылық келтіру келесі жағдайларда мүмкін:
а) АІЖК-нің нормаларымен көзделсе;
ә) сот ұйғарымы істің әрі қарай өзгерілуі мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда.
АІЖК-нде көзделген жағдайларға мысал ретінде келесі ұйғарымдарды келтіруге болады:
- істі аталған сотта қарау кезінде оның істің ережелерін бұза отырып қабылданғанда туралы ұйғарым (АІЖК-нің 36 бабы);
- судьяның дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымы (АІЖК-нің 75 бабы);
- сараптама тағайындау туралы ұйғарым (АІЖК-нің 91 бабы, 7 тармағы);
- сот шығындары жайлы сұрақтар бойынша ұйғарымдар (АІЖК-нің 117 бабы);
- мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымы (АІЖК-нің 122 бабы);
- өткізіп алынған іс жүргізу мерзімін ұзарту мен қалпына келтіруді қабылдамау туралы сот ұйғарымы (АІЖК-нің 128 бабы, 5 тармағы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымы (АІЖК-нің 153 бабы);
- талап арызды қайтару туралы ұйғарым (АІЖК-нің 154, 155 баптар);
- талап арызды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ұйғарымдар (АІЖК-нің 164 бабы);
- шешімдегі арифметикалық, орфографиялық қателіктерді, түзетулерді енгізу туралы ұйғарым (АІЖК-нің 230 бабы)
- қосымша шешімді шығарудан бас тарту туралы ұйғарым (АІЖК-нің 231 бабы);
- шешімді түсіндіру жайлы ұйғарым (АІЖК-нің 232 бабы);
- шешімді орындау тәртібі мен әдісін өзгерту туралы, шешімді орындауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым (АІЖК-нің 233, 240 баптары);
- іс бойынша өндірісті тоқтата тұру (АІЖК-нің 248 бабы);
- өтінішті қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымы (АІЖК-нің 250, 290, 328 баптары);
Азаматтық істің әрі қарай қозғалысын жалғастыратын ұйғарымдарға келесілерді жатқызуға болады:
- іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;
- өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым;
- іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым.
Апелляциялық шағым немесе наразылық келтіру құқығы бар адамдар тобы, жеке шағым немесе жеке наразылық беретін субъектілер шеңберінен тар. Жеке шағым немесе наразылық АІЖК-нің 332 бабында көзделген тұлғалардың кез келгені бере алады. Жеке шағымдар, наразылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған ұйғарым шыққан күннен бастап он бес күн ішінде беріледі.
Сонымен қатар апелляциялық сатыда іске қатысушы тұлғалар өздерінің ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта пайдалану құқығын шектеген жағдайда соттың шығарған ұйғарымының күшін жоюға негіз болып келеді. Бұл осы сатыда ұлттық тіл қағидасының жүзеге асырылуының кепілдігі.
Апелляциялық сатыдағы жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарым шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді (АІЖК-нің 344 бабы).
Қорытындылай келе, апелляциялық немесе кассациялық сатыда бірінші сатыдағы соттың шешімі істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс деп білеміз (366-баптың 1 тармағының 3 пункті).
Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, Қазақстан республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы сот (ағыл. courtofappellatejurisdiction) – заңды күшіне енбеген, Қазақстан республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің екешеліктерімен қаралады.
Апелляция – бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.
Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған төменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.
Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мүмкін.
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
ҚР АІЖК 332-бап 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы.
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
ҚР АІЖК 334-бап 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) күн ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР-сы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күнінен бастап күшіне енеді (ҚР АІЖК 344-б. 1-б.).
Соттыққадағалаутәртiбiменсотактiлерiнқайтақараусатысыныңмәнi жәнемаңызы.
Қадағалау өндірісі азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы. Сотта қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралуға жатады.
Қадағалау тәртібімен ҚР АІЖК-нің 387-бабында көзделген себептер мен негіздер болған жағдайда ғана, ҚР АІЖК-тің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және ҚР АІЖК-тің 386-бабында аталған соттар тиісті соттан тексеру үшін азаматтық істі талап етуі мүмкін. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар басқа да іске қатысушылар қадағалаушағымдары, өтінімдері, сол сияқты ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасарлары және облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге (қадағалау наразылығы) себеп болып табылады.
Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.
Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер ҚР-ның Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖК 387-б. 4-б.).
Қадағалау тәртібімен қайта қаралатын сот актілері:
бiрiншi сатыдағы соттың шешiмдерi;
апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;
бiрiншi сатыдағы соттың iстiң одан әрi жылжуына кедергi келтiретiн ұйғарымдары;
iсте тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын сот актiлерi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
Қадағалау тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілері:
апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулыларын қоспағанда, бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары;
заңды күшiне енген, талап сомасы бес мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне байланысты шешiмдер, ұйғарымдар (қаулылар) ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды (ҚР АІЖК 384-бабы 2 және 3-бөлігі).
Егер ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өмiрiне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгiне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн екенi туралы деректердiң анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкiн.
Заңдыкүшiнеенгенсотактiлерiнешағымберудiң (наразылықкелтiрудiң) мерзiмдерi.
1. Соттың шешiмi, ұйғарымы, қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде өтiнiш, наразылық беруге болады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн, осы Кодекстiң 387-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген негiз бойынша сот шешiмдерiн, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды. 3. Егер қадағалау наразылығын келтiру туралы өтiнiш прокурорға белгiленген мерзiм сақтала отырып берiлсе, бiрақ ол бойынша шешiм қабылданбаса, сот наразылық келтiру мерзiмiн ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетiлуге тиiс. Ескерту. 388-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
389-бап. Наразылық келтiру
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры себебi мен негiздерi болған ретте наразылық келтiрiп, оны iспен және өтiнiшпен бiрге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жiбередi. 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысушы тұлғаларға жiбередi. Ескерту. 389-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
114.Қадағалаушағымдарын, наразылықтарынқадағалаутәртiбiменқарайтынсоттар.
Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы мына соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:
аудандық және оларға теңестірілген соттардың шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын;
облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларын қадағалау шағымдары, прокурордың қадағалау наразылықтары бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы мына соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайды:
бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін, қаулыларын, ұйғарымдарын;
облыстық және оларға теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларын;
облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының істерді апелляциялық тәртібімен қарау кезінде шығарған қаулыларын қадағалау шағымдары, ҚР Бас прокурордың қадағалау наразылықтары бойынша.
3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жалпы отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының ҚР АІЖК-тің 384-бабының 2-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қаулыларын ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы немесе ҚР Бас прокурордың наразылығы бойынша қайта қарайды.
Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады. Соттың заңды күшіне енген шешімі, ұйғарымы, қаулысы адам мен азаматтың ҚР-ның Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтіретін болса және осы сот актілерін ҚР Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныса әр кезде (мерзіммен шектелмейді) қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖК 388-бап).
Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы заңды күшіне енген шешімді, қаулыны, ұйғарымды қайта қарау туралы ұсынымды қарау үшін іспен, шағыммен және оған қоса тіркелген материалдармен бірге тиісті қадағалау сатысына жібереді.
115.Сот отырысының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы.
Сот отырысының хаттамасы
Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалатын әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады (ҚР АІЖК 255-б.)
Осыған байланысты, соттар істі сот талқылауына дайындау бойынша судьяның іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасын жасауға міндетті (мәлімделген тараптардың мәні бойынша талап қоюшыдан жауап алу; жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсылықтарды айқындау; қосымша дәлелдемелер беру туралы ұсыныстар және т.б.).
Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс (ҚР АІЖК 256-б. 1-б.).
Сот отырысының хаттамасы - сотта істі қарау кезінде жасалатын іс жүргізу әрекеттері көрінетін негізгі процессуалдық құжаттардың біреуі. Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс (ҚР АІЖК 366-б. 1-б. 6-т.).
ҚР АІЖК 256-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот отырысының хаттамасында:
сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
сот отырысы басталған және аяқталған уақыт (ҚР АІЖК 180-б., 216-б. 3-б.);
істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының және сот приставының тегі мен аты-жөні (ҚР АІЖК 184-б. 1-б.);
істің атауы (ҚР АІЖК 180-б.);
іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 181, 187-188-баптары);
іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 182, 185, 191-баптары);
төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы (ҚР АІЖК 193, 198, 204, 214-баптары және т.б.);
іске қатысушы адамдардың және өкілдердің арыздары, өтінімдері және түсініктемелері (ҚР АІЖК 186-б.);
куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсіндірмелері (ҚР АІЖК 190, 194, 196, 197, 199, 206, 207-баптары);
құжаттардың жария етілуі туралы мәліметтер, заттай дәлелдемелерді қараудың, дыбысжазбаларды тындаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрудің деректері (ҚР АІЖК 19, 198, 200, 201-205-баптары);
ҚР АІЖК-тің 57-бабы негізінде іске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындылары туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 209-б.);
сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны (ҚР АІЖК 15, 47-баптары);
сот жарыссөздерінің мазмұны (ҚР АІЖК 211-б.);
шешім мен ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені, оларға шағым беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 216, 232-баптары);
іске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер (ҚР АІЖК 258, 259-баптары);
хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.
Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Сот отырысының хатшысы осы сотта азаматтық іс қаралатын тілде хаттаманы жүргізеді. Сөздер мен сөйлемдерді қысқартуға жол берілмейді. Тараптардың, үшінші тұлғалардың, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың өз түсініктемелерін, куәнің өзінің айғақтары, сарапшылардың және мамандардың өздерінің түсіндірулері хаттамаға енгізіледі.
Сот отырысының хаттамасына сотта іс қарау басталған кезден шешім немесе қорытынды ұйғарым шығарылғанға дейін іс жүргізу әрекеттері жасалған дәйектілікте жазбалар жасалады. Әрбір сот отырысы бойынша немесе жеке іс жүргізу әрекеті бойынша жеке хаттама жасалады (ҚР АІЖК 257-б. 1 және 2-б.).
Хаттама заңмен көзделген әдістер арқылы сот хатшысымен дайындалуы мүмкін, яғни қолмен жазылуы, машинкаға немесе компьютерде басу әдісімен дайындалуы мүмкін. Хаттаманың толық жасалуын қамтамасыз ету үшін дыбысжазба құралдары және (немесе) стенографиялау пайдаланылуы мүмкін. Стенограмманың және (немесе) дыбысжазбаның мазмұны сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Стенограмма сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі, ал оның дыбысжазбасы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін істе сақталады. Хаттамада осы құралдардың қолданылғаны туралы жазба жасалады (ҚР АІЖК 257-б. 3-б.).
Хаттама жасауда жаңа техника құралдарын қолдану мемлекет тарапынан соттарды материалды-техникалық қамтамасыз етумен байланысты.
Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінім жасауға құқылы.
Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін 10 (он) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін (ҚР АІЖК 257-б. 5-б.).
Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және төрағалық етуші мен хатшы қол қоюымен куәландырылуға тиіс (ҚР АІЖК 257-б. 6-б.).
Сот отырысында іс қарау кезінде жасалған барлық іс жүргізу әрекеттерінің толықтығы мен дұрыстығы үшін төрағалық етуші жауапты болады.
ҚР АІЖК 258 және 259-баптары сот отырысының хаттамасына ескертпелер беру және оларды қарау тәртібін реттейді.
Тараптар, үшінші тұлғалар және басқа да іске қатысушы адамдар хаттамамен танысуға және оған қол қойылған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде хаттамада жіберілген қателіктер мен кемістіктерді көрсете отырып, оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап 5 (бес) күн ішінде қаралуға тиіс. Егер бұл мерзім дәлелді себептермен өткізіліп алынса, сот заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіре алады (ҚР АІЖК 128-б. 2-б.). Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда хаттамаға ескертпелер берген адамға хабарлана отырып, олар сот отырысында қаралады. Ескертпелерді қарау нәтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Ескертпелер барлық жағдайда іске қоса тіркеледі. Ескертпелерді қарау нәтижесі бойынша қабылданған ұйғарымға апелляциялық немесе қадағалау тәртібі бойынша шағым беруге болады.
Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар істің материалдарына қоса тіркеледі (ҚР АІЖК 259-б. 4-б.).
116.Қадағалаусатысындағысоттың өкiлеттiктерi.
Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы (ҚР АІЖК 396-бабы).
