Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері

Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5(бес) күн мерзімде ол бойынша сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқы бар. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7(жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған сәттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.

80.Сот жарыссөздері

Сот жарыссөздері сотта іс қараудыңжеке бөлігі ретінде танылады. Сот жарыссөздері өту барысында іске қатысушы адамдар және өкілдер істің мән-жайлары мен дәлелдемелерін зерттеудің қорытындысы жасалады. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Істің қандай мән-жайлары анықталды және қандай дәлелдемелер негізінде, қандай делелдемелер рас болып табылады, қандай мән-жайлар дәлелдемелермен белгіленеді, даулы материалдық құқықтық мазмұны қаншалықты және істі қалай шешу қажет жайында іске қатысушы адамдар өздерінің ой-пікірлерін айтады.

Сот жарыссөздерінде сөз айту тәртібі іс жүргізу заңымен реттеледі (ҚР АІЖК 211-бабының 2,3-бөліктері). Осымен:

  • алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді;

  • даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді;

  • даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді;

  • прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР АІЖК 8-бабының 1 және 2-бөліктері, 55 және 56-баптары негіздерінде сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

ҚР АІЖК 212-бабына сәйкес сот жарыссөздеріне қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады, бірақ соңғы реплика (айтушының, қарсыластың сөздеріне жауап беру, қарсылық білдіру, ескертпе) құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.

Іс бойынша тараптар болып табылмайтын және ҚР АІЖК-тің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді. (ҚР АІЖК 213-бабы)

Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК 214-бабының 1-бөлігі).

Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 214-бабының 2-бөлігі). Бұл жағдайда істің мән-жайларын зерттеу және дәлелдемелерді тексеру жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Істі мәні бойынша қайта қарауды аяқтаған соң сот іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот жарыссөздерін және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша прокурордың қорытындысын тағы да тыңдайды.

Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі (ҚР АІЖК 214-бабының 2-бөлігі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]