- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
68. Талап қою бойынша іс жүргізу
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК 151-бабының 4-тармақшасы).
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Талап арыздың нысаны мен мазмұны
1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. 2. Арызда: 1) арыз берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер; 3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса; 4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер; 6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 7) 8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 3. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін. 4. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінішінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс. 5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар
1. Талап арызға: 1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; 2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат; 3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 5) 6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; 7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі. 2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі. Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.
69. Талап қоюды қамтамасыз ету Талап қоюды қамтамасыз ету – іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес соттың іс-әрекеті.
Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі (ҚР АІЖК 158-бабы).
Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
егер сот шешімін орындауды қиындатса;
егер сот шешімін орындалуын мүмкін етпесе.
Іске қатысатын адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша нысандағы арызды сотқа ұсынады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді. Бұл сот (судья) талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін ҚР АІЖК-нің 237-239 баптарымен белгіленген тәртіпте дереу орындалады.
