Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

91.Дереу орындауға жататын шешімдер

  237-бап. Дереу орындауға жататын шешімдер

Мынадай:       1) алимент алып беру туралы;       2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;       3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;       4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;       5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;       6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.

92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.

Сырттай іс жүргізу – бұл тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмеген жағдайда, талап қоюшының келісімі бойынша талап қою істерін бірінші сатыдағы сотта іс қарау.

Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 260-б. 4-б.). Бұл ұйғарым апелляциялық тәртіп бойынша шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды. Егер жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (ҚР АІЖК 187-б. 4-б.).

Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарауға мақсаттары:

  • жауапкерді тәртіпке салу;

  • өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілікті нығайту;

  • жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;

  • азаматтық істі тез қарап шешу.

      260-бап. Сырттай іс жүргізу негіздемелері

      1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.       2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.       3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.       4. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.       5. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес.

93.Сырттай шешімге шағым жасау.

ҚР АІЖК-сі сырттай шешімге шағым жасаудың екі әдісін белгілейді.

Бірінші әдісі, тек жауапкер ғана қолдана алады. Жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Сырттай шешім шығарған сотқа жауапкер шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде арыз беруге тиіс (ҚР АІЖК 264-б. 1-б.).

Екінші шағымдану әдісін талап қоюшы мен жауапкер тең қолдана алады. ҚР АІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігіне сәйкес сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен тарап (талап қоюшы немесе жауапкер) шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда – бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн есептеледі. Сондықтан бұл нормаға сәйкес жауапкер осы екі шағым жасау әдістерін қолдана алады: біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру арқылы, екіншіден – апелляциялық шағым беру арқылы.

Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Іске қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағымдануға құқылы емес, себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамауды және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы заңда көрсетілмеген (ҚР АІЖК-нің 264, 268 және 344-баптары).

264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау

    1. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.      2. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]