- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
Осы тарау бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық), қалалардағы аудандық комиссиялар, ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекциялар органдары және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-ІІ кодексінің 543-576-баптарымен осындай істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары) шығарған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларына дау айту туралы істер қаралады.
Бұл категория істер сотқа шағым немесе наразылық беру арқылы қозғалады. ҚР АІЖК-нің 275-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына сотқа шағым бере алатын адамдар:
әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары;
әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары.
Прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына сотқа наразылық келтіруге құқылы.
Сотқа тапсырылатын шағым жазбаша нысанда болуға тиіс. Шағымда:
шағым берілетін соттың атауы;
шағым берушінің (азаматтың) атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер шағым беруші ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, егер шағымды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысын шығарған лауазымды адамның атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысын шығарған уәкілетті органы болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;
шағым берушінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның шағым беру талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
шағым берушінің өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні;
шағымға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Шағымға шағым беруші немесе шағымға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды (ҚР АІЖК 150-бап 5-бөлігі).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына әкімшілік жауаптылыққа тартылған, әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары, қаулының көшірмесі табыс етілген күннен кейін он күнішінде тікелей сотқа шағым бере алады, ал прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Мүдделі адамдардың шағым берудің екі жолы бар:
олар жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағым беру;
тікелей сотқа шағым беру.
Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады.
Бірақ мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Егер мүдделі адамдар шағым беру мерзімін өткізіп алса, әкімшілік жаза қолдану мерзімі, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімі өтіп кетсе соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді (ҚР АІЖК 275-бап 5-7-бөліктер).
Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот осы іске қатысушы адамдарға тиісті түрде сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
Осымен сот істі жеке-дара қараған кезде:
әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді;
ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма;
оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма;
адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма;
азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма;
ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды.
Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі:
егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қаруына жібереді;
егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады (ҚР АІЖК 277-бап 4-бөлігі).
Сот істі қарағаннан кейін ол:
азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.
әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, ол қаулыны өзгертпей қалдырады, ал шағымды қанағаттандырмайды.
Сонымен қатар сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының кім екенін, оның кінәсінің деңгейін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы, бірақ әкімшілік жазаны күшейтуге құқы жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшіне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
275-бап. Шағым беру
1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн. 2. Әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы. 3. 4. Шағымда осы Кодекстің 150-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс. 5. Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады. 6. Мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды. 7. Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді. 275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға сотқа шағымдану мен наразылық келтiрудiң тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады. 2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады. 3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды. 4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн. 276-бап. Шағымды қарау
1. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. 2. Сот прокурорға, шағым берген адамға, сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. 3. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды. 277-бап. Соттың шешімі
1. Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады. 2. Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының кім екенін, оның кінәсінің деңгейін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы. Соттың әкімшілік жазаны күшейтуіне жол берілмейді. 3. Егер сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды қанағаттандырмайды. 4. Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қарауына жібереді немесе, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. 5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
100. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу. (АІЖК 27-тарауы)
Бұл сотта істі қарау мақсаты - әкімшілік органның немесе лауазымды адамның шешімі мен әрекеттерінің заңдылығын тексеру.
Бұл тарау тәртібі бойынша істер азамат және заңды тұлғаның тікелей сотқа арыз беруі арқылы қозғалады. Азамат және заңды тұлға сотта арыз беруі арқылы мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) келіспеушілігін білдіреді. Осымен берге азамат және заңды тұлға жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала арызбен жүгіне алады. Бірақ жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды. Сондықтан азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы. Ал егер үш айлық мерзімді өткізіп алса, сот арызды қабылдаудан бас тартпайды, егер бұл мерзім дәлелді себептер бойынша өткізіліп алынса.
Арыз сотқа ҚР АІЖК-тің 3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған арыздарды азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекетіне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі.
ҚР АІЖК 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес арыз берушінің мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер туралы хабардар болуының негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға тиісті аудандық және кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөніндегі шешім қабылдаған жердегі соған теңестірілген сотта дау айтылады.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың шешімдері, әрекеттері (немесе әрекетсіздіктері) заңсыз болып танылады:
егер азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылса;
егер азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыруына кедергі жасаса;
егер азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебір міндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылса (ҚР АІЖК 279-бап 1-бөлігі).
ҚР АІЖК 279-баптың 2-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамдардың мынандай шешімдері мен әрекеттеріне:
тексерілуі ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілерге;
оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртібін көздейтін жеке-дара және нормативтік құқықтық актілерге сотта дау айтуға болмайды.
Арызды судья жеке-дара бір ай мерзім ішінде азаматтың, заңды тұлға өкілінің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды.
Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жоғарыда аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп табуы мүмкін (ҚР АІЖК 281-бап).
Судья жеке-дара арыз бойынша қозғалған істі белгіленген мерзімде қарап келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
егер арызды орынды деп таныса, тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім;
егер дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңдарға сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын және азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмағанын анықтаса, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады (ҚР АІЖК 282-бап 1,2-бөліктері).
Сондықтан сот мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің шешімдері мен әрекеттерін заңға қайшы деп тапса, сол не жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі. Ал шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңмен көзделген жауаптылыққа тартылады (ҚР АІЖК 282-бап 4-бөлігі).
278-бап. Арыз беру
1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды. 2. Арыз сотқа осы кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған арыздарды азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекетіне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі. 3. Арыз берушінің мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер туралы хабардар болуының негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға тиісті аудандық және кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылданған жердегі соған теңестірілген сотта дау айтылады.
279-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдері, әрекеті (немесе әрекетсіздігі)
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) нәтижесінде: 1) азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған; 2) азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған; 3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады. 2. Осы тарауға сәйкес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамдардың мынадай шешімдері мен әрекеттеріне: 1) тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілерге; 2) оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртiбiн көздейтiн жеке-дара және нормативтiк құқықтық актiлерге сотта дау айтуға болмайды. 280-бап. Сотқа арыз беріп жүгінуге арналған мерзім
1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы. 2. Арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өткізіліп алу себептері сот отырысында арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін.
281-бап. Арызды қарау
1. Арызды сот бiр ай мерзiм iшiнде прокурордың, азаматтың, заңды тұлға өкiлiнiң шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды. 2. Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жоғарыда аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп табуы мүмкін.
282-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
1. Сот арызды орынды деп танып, тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады. 2. Егер сот дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңдарға сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын және азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылмағанын анықтаса, арызды қанағаттандырудан бас тартады. 3. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныштылығы бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі. 4. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа , азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.
