Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)

Осы тарау тәртібі бойынша мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтың, қоғамдық бірлестіктің, сайлау комиссиясының мүшесінің арыздары қаралады.

Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде және дауыс беру күні арызбен сотқа азамат, қоғамдық бірлестіктің және сайлау комиссиясының мүшелері жүгіне алады (ҚР АІЖК 273-бабы).

Алдын ала сайлау комиссиясына (референдум өткізу бойынша комиссиясына) жүгіну азамат үшін міндетті болып танылмайды.

Процеске арыз берушінің және тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуы міндетті болып табылмайды, олардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

Мұндай категория істер бойынша сот шешім шығарады. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық шағымдануға жатпайды. Бұл сот шешімі:

  • сайлаушылар тізіміне түзетулер енгізу үшін;

  • кандидатты тіркеу үшін;

  • қоғамдық бірлестікті сайлауға немесе референдумға қатысушы ұйымдар қатарына енгізу үшін;

  • сайлау күнін өзгерту үшін негіз болып табылады (ҚР АІЖК 274-бабының 1,2-бөліктері).

  •      272-бап. Арыз беру

      Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

      273-бап. Арызды қарау

  •       1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.       Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегi түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс. <*>       2. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

     274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

      1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.      2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

98. Жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту жөніндегi арыздар бойынша iс жүргiзу. (АІЖК 25-1-тарауы)

Көптен бері талқыланған қылмыстық сот ісін жүргізудегі алқабилер институтын құру Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформасының нәтижесінің бірі. ҚР Конституциясының 75-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилер қатысумен жүргізіледі. Нақты сотта қылмыстық істер алқабилер қатысуымен қарауы 2007 жылы 1 қантарынан күшіне енеді.

Азаматтық іс жүргізу тәртібімен жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту мәселесі шешіледі. Бұл категория істер арыз беру арқылы қозғалады.

Жергіліктi атқарушы органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуда азаматтық құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат ҚР АІЖК-тің 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.

Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiмiшiнде сотқа беруге болады. (ҚР АІЖК 274-1-бабы).

Сотта арызды қарау мерзімі:

  • егер белгіленген жеті күн мерзім ішінде арыз берілсе – 2 күн мерзімді;

  • егер белгіленген жеті күн мерзім аяқталатын күні арыз берілсе – дереу қаралуға тиіс.

Сотта арызды қарау тәртібі:

Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшiн кедергi болып табылмайды.

Істе бар материалдар бойынша және кейін ұсынған дәлелдемелер негізінде қолданыстағы заңңамаға сүйене сот шешім қабылдайды. Сот арызды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнін біреуін қабылдауы мүмкін.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуға азаматтық құқығы бұзылуын анықтаған сот шешiмi алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмдерiне түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Сот шешiмi тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.

      274-1-бап. Арыз беру

      1. Жергіліктi атқарушы органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.       2. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде сотқа беруге болады.

      274-2-бап. Арызды қарау

      1. Осы Кодекстің 274-1-бабында белгiленген мерзiмдерде келіп түскен арыз - екi күн мерзiмде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.       2. Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшiн кедергi болып табылмайды.

      274-3-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы

      1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешiмi алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмдерiне түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылады.       2. Сот шешiмi тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]