Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

85. Сот шешімнің мазмұны.

 221-бап. Шешімнің мазмұны

      1. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.       2. Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.       3. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.       4. Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.       5. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.       6. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.       7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.       8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс.

86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету

230-бап. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық                қателерді түзету

      1. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ.       2. Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қаруға кедергі болмайды.       3. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

87. Қосымша шешім

      231-бап. Қосымша шешім

  1.       1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:       1) іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;       2) егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;       3) егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;       4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.       2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады және оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.       3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

88. Шешімді түсіндіру

232-бап. Шешімді түсіндіру

      1. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiштi, өтінішті өтiнiш қабылданған күннен бастап он күн мерзiмде қарауға мiндеттi.       2. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ қарау нысанасы оның түсiндiру туралы өтініші болған жағдайларда сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.       3. Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

89.Сот шешімінің заңды күшіне енуі.

      235-бап. Сот шешімінің заңды күшіне енуі

      1. Бірінші сатыдағы соттың шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.       1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.       1-2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күнінен бастап заңды күшіне енеді.             3. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.       4. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.       5. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы. Сот шешімінің заңды күшіне енуі. Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін істі заңмен қарсылық білдіруге уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады. Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖК 235-б. 1-б., 334-б. 3-б.).

Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-б. 3-б., 368-б.).

Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешімінің тек оның тиісті сот сатыларында заңмен шектелген қатаң тәртіпте қайта қарау тәртібімен күші жойылуы және өзгертілуі мүмкін.

Сот шешімін қасақана орындамағаны не оны орындауға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Сот шешімі заңды күшіне енген соң, оған белгілі қасиеттер тән болады:

  • ерекшелік, яғни сотқа қайта сол талап арызбен (арызбен) жүгіне алмауы;

  • міндеттілігі, яғни барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті (ҚР АІЖК 21-б.);

  • преюдициалдық, яғни соттың азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖК 71-б. 2-б.);

  • атқарулық, яғни сот шешімі ҚР-ның бүкіл аумағында оны орындауға міндетті тұлға (борышкер) мүлтіксіз орындауға тиіс.

Сот шешімінің заңды күшінінің субъективті және объективті шектері болады (О.В. Арсентьев).

Субъективті шектеулер сот шешімінің күші іске қатысушы адамдар санымен шектелуді түсіндіреді.

Объективті шектеулер іс қарауда сотпен анықталған деректерге және құқықтық қатынастарға сот шешімінің күші жүретінің түсіндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]