Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.

Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот келесі тұлғаларға қолданады:

  • іске қатысушы адамдарға;

  • процестің басқа да қатысушыларына;

  • жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына.

Сот мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын аталған тұлғаларға мына жағдайларда қолданады:

  • сот ісін шешуге араласқаны;

  • судьяға қатысты қоқан-лоқы жасағаны;

  • судьяны қорлағаны;

  • сот актілерін орындамағаны;

  • сотқа құрметпен қарамағаны;

  • сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін;

  • судьяның, соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс-әреккеттері үшін қолданады.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың жасалуына кінәлі адамдар (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы немесе ҚР Қылмыстық кодексі) заңдарға сәйкес және ҚР АІЖК-нің 179-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық құқықтық-жауаптылыққа тартылады.

Заңға қарсы жасалған іс-әрекет үшін бір мәжбүрлеу (еріксіз келтіруді немесе сот залынан шығарып жіберу) шарасы ғана және бір жауаптылық (әкімшілік немесе қылмыстық) түрі ғана қолданылады (ҚР АІЖК 118-бабы 2-бөлігі).

ҚР АІЖК-нің 119-бабына сәйкес сотта мәжбүрлеу шараларының екі түрі көзделген:

  1. Іске қатысушы адамдарды сотқа еріксіз келтіру.Еріксіз келтіру – бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден қасақана жалтарған жағдайда сотқа мәжбүрлеп әкелу. Осы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымын шығарады, ал оны жүзеге асырумен (орындаумен) сот приставы немесе ішкі істер органдары айналысады.

  2. Іске қатысушы адамдарды сот залынан шығарып жіберу. Біріншіден, істі қарау кезінде сот залында тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды. Екіншіден, егер тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адамсот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады. Үшіншіден, егер іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін (ҚР АІЖК-нің 179-бабының 6-бөлігі).

Мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың ұйғарымына іске қатысушы адамдар жеке шағым беруі және прокурор жеке наразылық келтіруі мүмкін (ҚР АІЖК 122-бабы 3-бөлігі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]