Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

54. Дәлелдемелер ұғымы

Соттық дәлелдемелер – азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Нақты деректер – тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталатын деректер.

55. Дәлелдемелерді жіктеу

Соттық дәлелдемелерді үш негіздер бойынша жіктеуге болады:

1-істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты;

2-қалыптастыру негізі бойынша;

3-дәлелдемелерді қалыптастыру процесі.

Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.

1.Істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты бойынша:

тікелей;

жанама болады.

Тікелей дәлелдеме – сәйкесті деректерді растайтын мән-жайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме (мысалы, некеге тұру туралы куәлік).

Жанама дәлелдеме – жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше болжамдарға негіз болатын дәлелдеме. Мән-жайды белгілеу үшін тек бір жанама дәлелдеме жетпейді.

Тікелей және жанама дәлелдемелердің растығын сот анықтау қажет.

2.Қалыптастыру негізі бойынша:

жеке;

заттай дәлелдемелерге бөлініп қарастырылады.

Жеке дәлелдемелер – тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, яғни жеке тұлғаның өзімен берілетін, айтылатын немесе ұсынылатын деректер.

Заттай дәлелдемелер – жазбаша және заттай дәлелдемелер жиынтығы, яғни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.

С.В.Курылев дәлелдемелердің тағы бір түрін белгілеп отыр – аралас дәлелдеме, яғни бұған сарапшының қорытындысын жатқызады.

3.Дәлелдемелерді қалыптастыру процесі бойынша:

бастапқы;

туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып бөлінеді.

Бастапқы дәлелдемелер - өз көзімен көрген куәнің айғақтарындағы мәліметтер, шарттың түпнұсқасы, жарамсыз (сапасыз) тауар және т.б.

Туынды (өндірістік) дәлелдемелер – басқа дәлелдеменің мазмұнын қайта өндірістік дәлелдемелер. Бұл «Екінші қолдан» деп аталатын дәлелдемелер. Мысалы, болған оқиғаны өз көзімен көрген адамның айтқан сөзінен естіп айтатын куәнің айғақтары, шарттың көшірмесі, жарамсыз (сапасыз) тауардың бейнесуреті және т.б.

Бастапқы дәлелдемелер туынды (өндірістік) дәлелдемелерге қарағанда шындыққа жақын болады.

Мысалы, автокөлік адамды қағып кеткенді өз көзімен көрген куәнің айғақтары – тікелей, жеке және бастапқы дәлелдемелер болып танылады.

Мысалы, үйге меншік құқығын тану туралы іс бойынша қарызға ақша беру туралы қолхат – жанама, заттай (жазбаша) және туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып танылады.

Ешқандай дәлелдемелер сот үшін алдын ала күші болмайды.

Мұнда тағы қажетті дәлелдемелер туралы айту дұрыс болады. Әрбір категория істер бойынша белгілі дәлелдемелер ұсынусыз істі мәні бойынша шешу үшін қажетті дәлелдемелер бекітуі тиіс. Егер талап қоюшы талап арызына бұндай дәлелдемені көздеп сотқа ұсынбаса, онда кейіннен бәрібір ол ұсынуы тиіс. Аналогия бойынша жауапкерде белгілі дәлелдемелер ұсынуы қажет. Егер тараптар істі шешуге қажетті дәлелдемелерді ұсынбайтын болса, онда сот өз бастамасы бойынша оларға ол туралы ұсыныс жасайды. Мысалы, қажетті дәлелдемелерге:

Неке бұзу істер бойынша – некеге тұру куәлікті (заттай дәлелдемені) ұсыну;

Жұмыс орнына қайта тұрғызу дауы бойынша – сол жұмыс орнына қабылдау және жұмыстан шығару туралы әкімшілігінің (бастақтын) бұйрығын ұсыну.

Қажетті дәлелдемелер басқа дәлелдемерден ешқандай артықшылығы жоқ. Қажетті дәлелдемелер ұсынбауы сотта іс қараудың ұзақтығына және дауды дұрыс шешпеуге әкеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]