Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

78. Сотта іс қарау бөлімдері

Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға болады.

Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған принциптерге негізделеді.

Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар шешуге бағытталған.

Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімдерден тұрады:

әзірлеу бөлімі;

істі мәні бойынша қарау бөлімі;

сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі;

шешім шығару және оны жариялау бөлімі.

1.Әзірлеу бөлімі – алғашқы іс жүргізу әрекеттерін алдын ала қорытындылау және іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іс-әрекеттер жасалу үшін қажетті жағдайлар жасау бөлімі.

Сотпен әзірлеу бөлімінде шешілетін негізгі сұрақтарына келесі мүмкіндіктерді анықтау жатады:

осы сот құрамында іс қарау;

бар дәлелдемелер негізінде іс қарау мен шешу;

процеске қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі қарап шешу.

Әзірлеу бөлімінде жасалатын іс-әрекеттер, сондай-ақ ол іс-әрекеттер жасау кезегі ҚР АІЖК 180-191-баптарымен реттеледі. Заң осы бөлімде белгіленген нұсқау шегінде жүруін көздейді және келесі тәртіп бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасауын алдын ала ескереді:

сот отырысын ашу;

процеске қатысушылардың келуін тексеру;

аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді;

куәларды сот отырысы залынан шығару;

сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру;

іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;

іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары;

сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары;

істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу;

сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

2. Істі мәні бойынша қарау бөлімі – сотта іс қараудың негізгі бөлімі. Осы бөлімде сот отырысында азаматтық істер қарауында жасалатын процессуалдық іс-әрекеттер ҚР АІЖК 192-210-баптарымен реттеледі. Осы сотта іс қарау бөлімінің негізгі міндеті – зерттеу арқылы азаматтық істің мән-жайын, бірінші кезекте ізденудегі деректердің бар не жоқтығын куәландыратын іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анықтау. Істі мәні бойынша қараудың басқа да міндеті бар, ол процесті дауласып жатқан субъектілердің өз еркілерімен аяқтауы. Сотта іс қараудың екінші бөлімі иеленушілік іс-әрекеттер жасау туралы мәселелерін анықтаудан басталады (ҚР АІЖК 192,193-баптары). Төрағалық етуші талап қоюшы өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауы тиіс.

3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы.

Сот жарыссөздері сотта іс қараудың жеке бөлігі ретінде танылады. Сот жарыссөздері өту барысында іске қатысушы адамдар және өкілдер істің мән-жайлары мен дәлелдемелерін зерттеудің қорытындысы жасалады. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Істің қандай мән-жайлары анықталды және қандай дәлелдемелер негізінде, қандай делелдемелер рас болып табылады, қандай мән-жайлар дәлелдемелермен белгіленеді, даулы материалдық құқықтық мазмұны қаншалықты және істі қалай шешу қажет жайында іске қатысушы адамдар өздерінің ой-пікірлерін айтады.

Сот жарыссөздерінде сөз айту тәртібі іс жүргізу заңымен реттеледі (ҚР АІЖК 211-бабының 2,3-бөліктері). Осымен:

алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді;

даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді;

даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді;

прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР АІЖК 8-бабының 1 және 2-бөліктері, 55 және 56-баптары негіздерінде сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

ҚР АІЖК 212-бабына сәйкес сот жарыссөздеріне қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады, бірақ соңғы реплика (айтушының, қарсыластың сөздеріне жауап беру, қарсылық білдіру, ескертпе) құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

Іс бойынша тараптар болып табылмайтын және ҚР АІЖК-тің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК 214-бабының 1-бөлігі).

Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 214-бабының 2-бөлігі). Бұл жағдайда істің мән-жайларын зерттеу және дәлелдемелерді тексеру жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Істі мәні бойынша қайта қарауды аяқтаған соң сот іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот жарыссөздерін және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша прокурордың қорытындысын тағы да тыңдайды.

Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі (ҚР АІЖК 214-бабының 2-бөлігі).

4. Шешім шығару және жариялау.

Сот отырысында азаматтық іс қараудың қорытынды бөлімі ретінде шешім шығару және оны жариялау болып табылады. Осы сотта іс қарау бөлімінде бірінші инстанция сотында барлық іс-әрекеттердің қорытындысы жасалады, сот отырысы залында барлық қатысушыларға жариялауға тиіс сот актісі жасалады.

Сот жарыссөздерінен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды (ҚР АІЖК 215-бабы). Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді (ҚР АІЖК 217-бабының 2-бөлігі). Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы. Кеңесу бөлімінде міндетті түрде шешілуге жататын сұрақтар ҚР АІЖК-нің 219-бабында көзделген.

Сот кеңесу бөлімінде іс бойынша соңғы қорытындысын белгілеу үшін:

іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын; тараптар мен үшінші тұлғалар сілтеме жасаған мән-жайлар орын алды ма; қандай дәлелдемелер бұл мән-жайларды растайтынын не растамайтындығын айқындайды;

сот дәлелдемелерге баға береді (дәлелдемелердің қатыстылығы, растығы, жол берілуі, жеткілігі айқындалады);

тараптардың құқықтық қатынастарын және осы іс бойынша қолдануға жататын материалдық және процессуалдық құқық нормаларын белгілейді;

іс қалай шешілуі тиіс екенін белгілейді (қойылған талап қанағаттандыруға жатады ма немесе қанағаттандыруға жатпайды ма және қай бөлігінде);

іс бойынша сот шығындарын бөлу мәселесін шешу;

сот шешімін дереу орындауға негіз бар ма, сондай-ақ сот шешімін орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту үшін айқындайды.

Егер сот кеңесу бөлімінде іс үшін мәні бар жаңа фактілер және мән-жайлар анықтау немесе қосымша дәлелдемелер зерттеу қажет болса ол істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады. Сот қайта сотта іс қараудың екінші бөліміне оралады. ҚР АІЖК 219-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал АІЖК 213-бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды. Осыдан кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң сот іске қатысушы адамдарға шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді. Сонымен қатар төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге құқықтарын түсіндіреді.

Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті (ҚР АІЖК 216-бабының 2-бөлігі). Жоғарыда аталған іс жүргізу әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды (ҚР АІЖК 216-бабының 3-бөлігі).

Барлық жағдайда сотта іс қарау сот шешімін шығарумен аяқталмайды, осылай істі қарауды кейінге қалдыру, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарын шығара алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]