Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері

Көпше ведомстволық бағыныстылық - бірнеше органдар ведомстволық бағыныстылығында іс қарастыру, мысалы, мекемелер, мен жеке тұлғалар арасындағы мүліктік дау аралық сотпен немесе жалпы юрисдикциялдық соттармен қаралып, шешілуі мүмкін. Түрлері:

  • Балама ведомстволық бағыныстылық - бұл талап қоюшының тандауы бойынша ведомстволық бағыныстылық;

  • Аралас ведомстволық бағыныстылық - басқа түрлерге тән белгілері бар ведомстволық бағыныстылық (көбінесе императивтік және балама);

  • Шарттық ведомстволық бағыныстылық - бұл тараптардың өзара келісімімен белгіленетін ведомстволық бағыныстылық;

  • Жағдайлы ведомстволық бағыныстылық - заңмен көзделген белгілі бір жағдай туындағанда іс тек соттың қарауында болуы;

  • Императивтік ведомстволық бағыныстылық - заңмен белгіленген кезек бойынша бірнеше юрисдикциялық органдармен іс қаралуы.

30-сұрақ. Азаматтық процестегі тараптар түсінігі, құқықтарыменмiндеттерi

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК-нің 44 бабы).Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды.Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға.Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр.Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45 бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖК-нің 46 бабы) қажет.

Азаматтықісжүргізуқұқыққабілеттігі – азаматтықісжүргізуқұқықтарыменміндеттерінеиеболуқабілеттілігі, материалдыққұқықсубъектілеріболыптабылатынбарлықазаматтарменұйымдарүшінбірдейдәрежедетанылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі.Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады.Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз.14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

ҚР АІЖК 48-бабының 5 бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК 47-бабы).Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген.Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы.Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек; әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-бабы).

31-сұрақ. Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері

Іс жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы.

ҚР АІЖК 50-бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады".

Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.

Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.

Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:

  1. процессуалдық-құқықтық мағынада;

  2. материалдық-құқықтық мағынада.

Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:

1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;

2-ші түрі – еңжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;

3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.

Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:

1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;

2-ші түрі – факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді.Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 2-ші бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 3-ші бөлігі).

Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59 б. 6-шы бөлігі).

32-тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) үшінші тұлғалар

Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі – олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.

Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:

1-мәлімдейтін;

2-мәлімдемейтін.

1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар – бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың теңге тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.

Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.

Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар – бұл процеске кіру кезеңі.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:

  • процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;

  • үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай). Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы бар.

  • іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.

2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар – бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК 53 б.).

Олардың сипаттамасы:

  • егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;

  • олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;

  • дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖК 47 б.).

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:

  • өз бастамасы бойынша;

  • тараптардың өтініші бойынша;

  • іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдардың) өтініші бойынша;

  • соттың бастамасы бойынша.

Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі – қала автопаркінің автобус жүргізушісі, ал екіншісі – жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады.Сонда кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып автобус жүргізушісі танылады.

33-сұрақ. Iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi.

ҚР АІЖК 48-бабының 5 бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК 47-бабы). Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК 150-бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-бабы).

34-сұрақ. Азаматтық іске қатысушы тұлғалар, тараптар.

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК-нің 44 бабы).Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды.Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға.Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр.Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45 бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖК-нің 46 бабы) қажет.

Азаматтықісжүргізуқұқыққабілеттігі – азаматтықісжүргізуқұқықтарыменміндеттерінеиеболуқабілеттілігі, материалдыққұқықсубъектілеріболыптабылатынбарлықазаматтарменұйымдарүшінбірдейдәрежедетанылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі.Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады.Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз.14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

35-сұрақ. Сотта өкілдік ету ұғымыжәнесоттағыөкiлдiңтүсiнiгi, түрлері, соттаөкiлболаалмайтынтұлғалар

Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК 58 бабының 1 бөлігі).

Өкілдік – басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін.Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар).

Сотта өкілдік ету дегеніміз басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету – басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.

Сотта аталған процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды.Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға.Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Соттаөкілдікетупроцессуалдықзаңменбарлықазаматтықістербойыншасоттардажәнеазаматтықпроцестіңбарлықсатыларындаболады.

Сотта өкілдік ету түрлері

Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • шартты;

  • заңды;

  • жарғысы бойынша;

  • қоғамдық;

  • ресми.

Шартты өкілдік ету – еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК 58-бабының 1-бөлігі). Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК 187-бабы 5-бөлігі).

Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖК 59-бабы 7-тармағы).

Заңды өкілдік ету – заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету:

  • әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке қабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;

  • хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша – мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;

  • қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса – мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.

Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет – туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.

Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК 63-бабы 4-бөлігі).

Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету – төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы.

Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.

Ресми өкілдік ету – тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.

Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]