- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды (ҚР АІЖК 128-бабы 3-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады.
Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс (ҚР АІЖК 128-бабы 4-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру немесе келтіруден бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады.
Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (тараптармен, үшінші тұлғалармен) берілуі және наразылық (прокурормен) келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖК 128-бабы 5-бөлігі).
46-сұрақ. Сот хабарлаулары мен шақырулары
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.
Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы мына:
соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы);
тапсырыстық хат арқылы;
телефонаграмма немесе жеделхат арқылы;
хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.
Кейде шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда ол шақыру қағазын олардың келісімімен:
онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне;
тұрғын үй пайдалану ұйымына;
жергілікті өзін-өзі басқару органына;
адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға;
оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырады.
Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, аты-жөнін, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті.
Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК-нің 131-бабының 3-бөлігі), себебі одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығаруға негіз болып табылады.
Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы жіберіледі.
Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, сондай-ақ олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға (сотта іс қарауды жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК 187-бабының 4-бөлігі).
47-сұрақ.Ісжүргізуқұқықмирасқорлығы
Іс жүргізу құқықмирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Іс жүргізу құқықмирасқорлығы материалдық құқық бойынша келесі жағдайларда болады:
Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы);
Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқықмирасқорлығы (талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару).
Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда іс жүргізу құқықмирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚРАК 190 б.).
Құқықмирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс, мысалы мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.
Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.
48-сұрақ. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың ұғымы және элементтері
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген;
ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
бірлігі мен біріктік;
ара-қатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады.Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында.Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы – билік және бағынушылық қатынаста болады.Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді.Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы – бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
49-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
50-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.
Сот азаматтық іс жүргізу қатынасыныңміндетті субъектісі ретінде қаралады.Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ.Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген.Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді.
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес:
тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);
прокурор;
мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;
ҚР АІЖК 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;
арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы) жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.
51-сұрақ. Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдары
Соттық дәлелдеу – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процестке қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ – бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті. Бұндай құқық ҚР АІЖК-нің 47-бабында көзделген.
ҚР АІЖК-нің 65-бабы сәйкес, әр тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Осы мән-жайларды ҚР азаматтық іс жүргізу заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеу қажет. Бұл нақты деректер:
тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен;
куәлардың айғақтарымен;
заттай дәлелдемелермен;
сарапшылардың қорытындыларымен;
іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Жоғарыда аталған деректерді басқаша – дәлелдеу құралдарыдеп аталады. Дәлелдеу құралдары – бұл сотта істің мән-жайларын анықтау үшін қолдануы мүмкін құралдар.
Енді әр қайсысын жеке қарастырайық.
1.Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері. Бұлардың ерекшеліктер бар – олар іс бойынша мүдделі тұлғалар, сондықтан олардың белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелерінде қателіктер болуы мүмкін. Бұндай қателіктер үшін тараптар және үшінші тұлғалар жауаптылыққа тартылмайды.
Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады (ҚР АІЖК-нің 78-бабының 1-бөлігі).
Осы түсініктемелерді келесі түрлерге бөліп қарастырады:
Жазбаша;
Ауызша;
Талап;
Мойындау.
Жазбаша түсініктемелер талап арызында немесе талапқа қарсылық білдіруде көрінеді. Ауызша түсініктемелерді төрағалық етуші (судья) қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етіп, процеске қатысушылардың келуін тексерген соң тараптар мен үшінші тұлғалар береді. Талап - деректер туралы тараптардың баяндамасы және олар осы деректерді анықтауға мүдделі болады. Мойындау – басқа тарап дәлелдеу тиіс деректерді екінші тараптың тануы. Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін деректерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы деректерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған дерек сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған деректі мойындаған тарап қол қояды (ҚР АІЖК-нің 78-бабының 3-бөлігі).
Егер деректілерді тану шындығында болмаған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы деректер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.
Деректі тану бұл түсініктемелердің бір түрі, сондықтан оны талап танумен шатастыруға болмайды.
2.Куәлардың айғақтары (ҚР АІЖК-нің 79-бабы). Куә - іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға. Сотта куә берген мәліметтер – куәнің айғақтары деп аталады. Белгілі бір адамды куә ретінде (оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын белгілеп, сондай-ақ бұл адамнан жауап алу қажеттілігін негіздей отырып) сотқа шақырту туралы іске қатысушылар өздерінің өтінімдері арқылы, ал талап қоюшы – талап арызында көрсетеді.
ҚР АІЖК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес куә ретінде бола алмайтын тұлғалардың тізімі көрсетілген. Оларға:
балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;
өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы – судья;
оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы – дін қызметшілері;
заңда көрсетілген басқа адамдар.
Сондай-ақ, сотта адам өзі-өзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына куәлік айғақ беруден бас тартқан жағдайда куә ретінде танылмайды.
Сот баланың өсу деңгейін ескере оны сотқа куә ретінде қатыстыруы мүмкін. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері(ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар) де шақырылады (ҚР АІЖК-нің 199-бабының 1-бөлігі).
Куә ретінде шақырылған адам сотқа ұйғарыммен тағайындалған уақытта келуге және шынайы ағақ беруге міндетті.
Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә ҚР ҚК-нің 352,353-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бірақ куә «өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және жақын туыстарына» қарсы куәлік етуге міндетті емес (ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 7-тармақшасы және ҚР АІЖК-нің 79-бабының 3-бөлігі).
Әдеттей сот отырысында куә айғақтарын ауызша береді, бірақ ерекше жағдайда (науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан) сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін (ҚР АІЖК-нің 80-бабының 2-бөлігі).
ҚР АІЖК-сі бойынша куә бірқатар құқықтарға ие:
сотта ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде мәлімдеме жасау (ҚР АІЖК-нің 14-бабының 3-бөлігі);
сотқа келуге байланысты жолақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі, іссапарға шыққан тұлғаларға тиісті тәуелікақы төленуге тиіс;
куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады;
еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген 1 (бір) айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады;
сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға (ҚР АІЖК-нің 80-бабының 4-бөлігі);
қажет болған жағдайда сотта осы немесе келесі отырыста екінші рет жауап беруге (ҚР АІЖК-нің 197-бабының 4-бөлігі);
жазбаша материалдарды пайдалануға (ҚР АІЖК-нің 198-бабы).
3.Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелер – бұл іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәлеметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар (ҚР АІЖК-нің 81-бабы).
Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.
Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, тұпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 83-бабының 3-бөлігі). Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.
Жазбаша дәлелдемелер нысаны бойынша мына түрлерге бөліп қарастыруға болады:
жай жазбаша нысандағы құжаттар;
міндетті нысандағы жазбаша дәлелдемелер (некеге құру туралы куәлік, коммерциялық акт, бала туу туралы куәлік және т.б.);
нотариуспен куәландырылған шарттар.
Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде ҚР АІЖК-нің 66-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейнежазбалар да жатады.
4.Заттай дәлелдемелер.Заттай дәлелдемелер - өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз бола алатын заттар.
Сотқа заттай дәлелдемелер:
өз бастамасы бойынша іске қатысатын тұлғалар;
сот ұйғарымы бойынша басқа тұлғалар ұсыну мүмкін.
Заттай дәлелдемелердің жазбашадан негізгі айырмашылығы – заттай дәлелдемелерінде мәліметтер матералдық түрде, ал жазбашада олар сандар, әріптер, белгілер арқылы көрінеді.
Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК-нің 89-бабының 4-бөлігі).
Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу ҚР АІЖК-нің 87-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5.Сарапшылардың қорытындылары. Сарапшы – арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам. Сарапшының қорытындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген ҚР АІЖК-де көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зеттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Сарапшыға ұсынылған сұрақтар және бұл сұрақтар бойынша оның беретін қорытындысы сарапшының арнаулы білімінің шегінен шықпауы тиіс.
Сот сараптаманы:
тараптың өтінімі бойынша;
өз бастамасы бойынша тағайындайды.
Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.
Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.
Сарапшының құқықтары:
істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;
қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға;
соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға;
сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға;
және т.б. ҚР АІЖК-нің 92-бабының 1-бөлігінде көрсетілген.
Сарапшының міндеттері:
соттың шақыруы бойынша келуге;
өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге;
жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге (ҚР АІЖК-нің 92-бабының 3-бөлігі).
Төрағалық етуші сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі (ҚР АІЖК-нің 191-бабы).
Сараптаманы:
сарапшы жеке;
сарапшылар комиссиясы (мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындығы қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды);
кешенді (іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зеттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді);
қосымша (қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалатын);
қайталама (сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалатын) түрлерде өткізу ҚР АІЖК-сі бойынша көзделген.
Сараптама сотта іс қарауға әзірлеу сатысында, сондай-ақ осы сотта іс қарау кезінде тағайындалуы мүмкін (ҚР АІЖК-нің 170-бабының 7-бөлігі). Бұл жағдайда сот сараптаманы өткізу үшін істі кейінге қалдыру тиіс.
Сарапшы өз қорытындысын жазбаша нысанда сотқа ұсынуы тиіс (ҚР АІЖК-нің 96-бабының 1-бөлігі).
Заңмен көзделген жағдайларда ерекше іс жүргізу (азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшін – ҚР АІЖК 305-бабы; азаматты әрекетке қабілетті деп тану – ҚР АІЖК-308-бабы ) істері бойынша міндетті түрде сараптама тағайындалады.
6. Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары – бұл іс бойынша мәні бар мән-жайларды анықтау сұрақтары бойынша сот отырысында не соттан тыс сотпен құрылған жазбаша материалдар.
Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс.
Сондықтан оларға: сот тапсырмасы бойынша хаттамалар (ҚР АІЖК-нің 72-бабы); дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізілген (ҚР АІЖК-нің 74-бабының 2-бөлігі) жатады.
Сот тапсырмалары – істі қараушы сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға деген тапсырмалар. Соттың тапсырмасын орындау ҚР АІЖК-мен белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі.
Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету:
куәлардан жауап алу;
сараптама жүргізу;
оқиға болған жерді қарап шығу;
және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.
Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды (ҚР АІЖК-нің 257-бабының 1-бөлігі). Хаттама:
қолмен жазылуы;
машинкаға;
компьтерде басу әдісімен дайындалуы мүмкін.
Оны толық жасалуын қамтамасыз ету үшін:
дыбысжазба құралдары;
стенографиялау пайдаланылуы мүмкін.
Хаттамада осы құралдардың қолданғаны туралы жазба жасалады (ҚР АІЖК-нің 257-бабының 3-бөлігі).
Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды, сондай-ақ онда барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.
Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар істің материалдарына қоса тіркеледі (ҚР АІЖК-нің 259-бабының 4-бөлігі).
52-сұрақ. Дәлелдеу пәні және дәлелдеуге жатпайтын деректер
Соттық дәлелдеудің пәні – істі қарап, шешу үшін сот растығын анықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оның қарсылық білдіру негізіне кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды.
Дәлелдеу пәніне қатысты деректер құрамы әрбір іс бойынша әртүрлі. Осы жағдайда қолдануға тиіс материалдық құқық нормаларымен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот анықтайды.
Әуелі дәлелдеу пәніне талап негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсылық негіздемесінің деректері , яғни жауапкермен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.
Процеске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пәніне осындай талаптар негізінде деректер енгізіледі.
Егер тараптар заңды маңызы жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды зерттеуге тиіс емес. Ал егерде тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызуы тиіс, сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тараптарға дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.
Дәлелдеуге жатпайтын деректер. ҚР АІЖК іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт категория деректер белгілейді. Сондықтан олар дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Жеке атайтын болсақ оларға:
жалпыға белгілі деректер;
преюдициалды анықталған деректер;
ұйғарылған (болжамды) деректер;
даусыз деректер қатысты болады (ҚР АІЖК 71-бабы).
Әрқайсысын жеке қарастырайық.
Қандай деректерді жалпыға белгілі деп тану туралы соттын өзі шешеді. Сот жалпыға белгілі деп танылған мән-жайларды дәлелдеуді талап етпейді.
Преюдициалды анықталған деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл іс бойынша қабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен бекітілген деректер. Мұндай деректер жалпы іс қарау тәртібі бойынша теріске шығарылуы мүмкін, яғни істі қайта қарауда өзге тұжырыммен.
Тәжірибеде регрестік талаптарды қарастыруда преюдициалдық дерктер жиі кездеседі.
Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖК-нің 71-бабының 2-бөлігі).
Ұйғарылған (болжамды) деректерге, мысалы, көктем (наурыз) айларының басында қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады. Мұндай болжамдар жалпы сотта іс қарау тәртібі бойынша тараппен жоққа шығарылуы мүмкін.
Даусыз деректер – заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді.
Дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайларға:
осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
адамның заңды білуі;
адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі.
53-сұрақ. Дәлелдеудің жалпы тәртібі
Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің (тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы, сотта іс қараудың жариялығы және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталанады және процестің әр сатысында жекешеленеді. Дәлелдемелер жинау, зерттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр іс-әрекеттері процессуалдық тәртіптерге сәйкес болу тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері белгіленген күші болмайды.
Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады:
1-дәлелдемелердің қатыстылығы;
2-дәлелдемелерге жол беру;
3-дәлелдемелердің растығы;
4-дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткілігі.
1.Дәлелдемелердің қатыстылығы – бұл іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.
Дәлелдемелердің қатыстылығы тәртібінің мәні – іске қатысты болатын дәлелдемелерді сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс.
Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қатыстыру құқығы ҚР АІЖК-нің 69-бабының 2-бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процессуалдық құқықтар нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығын судья өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
2.Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектеулер. Бұл заң бойынша белгілі бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталатын істің мән-жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.
Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (ҚР АІЖК-нің 68-бабының 2-бөлігі).
Кейбір жағдайларда азаматтық процесте өзге де мән-жайлар заңның тікелей белгілеу бойынша әртүрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиіс емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу-сату шарты) ұсынуы бойынша; неке қатынасын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.
Нақты деректер (деректер және деректер туралы мәліметттер) заң талаптарын бұза отырып:
іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру;
оларды ығыстыру арқылы;
істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелерге жол беруге болмайды.
Оны жеке қарастыратын болсақ:
күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану;
оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану;
осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізу;
қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысу;
іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұзу;
белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растылығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермейді (ҚР АІЖК 69-бабының 1-бөлігі).
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін сот:
өз бастамашылығы бойынша;
іске қатысушы (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор) тұлғалардың өтініші бойынша белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды (ҚР АІЖК 69-бабының 3-бөлігі).
Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді (ҚР АІЖК 4-бабының 3-бөлігі).
3.Дәлелдемелердің растығы – соттың тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні.
Дәлелдемелердің қатыстылығы және оған жол беру тәртібіне сәйкес дәлелдемелердің растығы анықталады. Дәлелдемелердің растығы сотта іс жүргізу кезінде белгіленеді.
Біріншіден, рас дәлелдемелер сапалы ақпарат деректерінен алынуы қажет.
Екіншіден, дәлелдемелердің растығы бірнеше дәлелдемелерді бір бірімен салыстыру арқылы анықталады.
Үшіншіден, іс бойынша барлық дәлелдемелерді бағалау арқылы дәлелдемелердің растығын анықтауға болады.
Азаматтық процесте дәлелдемелердің растығын анықтауда іс бойынша тараптар және (немесе) өкілдер белсенді қатысуы керек.
4.Дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткілігі. Егер дәлелдемелердің қатыстылығы, оған жол беру, оның растығы азаматтық процестің кез-келген сатысында бағаланатын болса, онда дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткілігі негізі істі шешу кезінде анықталады. Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің жеткілігі жеке сотпен бағаланады. Әртүрлі жағдайларға лайықты болатын дәлелдемелердің жеткілігі жөнінде біржақты кеңес бере алмаймыз. Дәлелдемелердің жеткілігі болғанда сот істі шешуге дайын деп айтуға бола ма. Мұнда дәлелдемелердің жеткілігі – бұл санды емес сапа көрсеткіші. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-бабы).
Дәлелдемелердің жеткілігі – бұл істі шешуге қажетті барлық дәлелдемелер жиынтығының сапасы.
