Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.

Ерекше іс жүргізу - азаматтық сот ісін жүргізудің үшінші түрі, оның талап қоюмен іс жүргізу және ерекше талап қоюмен іс жүргізуден айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық сот ісін жүргізудің осы түрінің құқықтық тегіне және оның жалпы процессуалдық ерекшеліктерінің сипатына, сондай-ақ ерекше іс жүргізуге әр санаттағы істердің жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Ерекше іс жүргізу - бұл арнайы соттың азаматтық санаттағы істеріне жатқызылған, құқық туралы дауы жоқ және қорғаудың арнайы құралдар мен тәсілдерді қолданумен сипатталатын азаматтық іс жүргізудің дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (әрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

ҚР АІЖК-не сәйкес заң фактілерін анықтаудың екі тәртібі бар: әкімшілік тәртіп және соттық тәртіп.

Ақиқат фактілер, яғни тиісті органның лауазымды адамының алдында жасалып жатқан немесе ресми құжаттармен растауға болатын фактілер (баланың тууы, өлім, некені тіркеу, некені бұзу және т.б.) әкімшілік тәртіпте куәландырылады.

Ақиқат емес фактілер, яғни не ресми тіркелуге жатпайтын (біреудің асырауында болу, тіркелмеген неке, әкелікті тану, хабар-ошарсыз кету және т.б.), не олардың жоғалуына байланысты ресми құжаттармен расталуға келмейтін (некені тіркеу факті, құқық беретін құжаттардың тиістілігі) фактілер сот тәртібінде куәландырылады, өйткені олар тиісті бір фактіні растайтын дәлелдерді зерттеуді талап етеді. Ал егер талап қою бойынша іс жүргізу кезінде бұзылған немесе даулы құқықты қорғау үшін тиісті заң фактісін белгілеу керек болса, онда ерекше іс жүргізуде арыз берушінің мүддесі фактіні айқындаумен шектеледі. Фактіден туындайтын субъективті құқықтар туралы мәселе ерекше іс жүргізу тәртібінен тыс шешіледі. Мысалы, егер баланың әкесі айқын болмаса, ол ер азаматтан алименттер өндіріп алуға болмайды. Сондықтан осы ер азамат баланың әкісі болып табылатын факті анықтайды, содан кейін сот арқылы одан арыз беру арқылы алименттер өндіріп алуға болады.

Айқындалған заң фактісіне негізделген субъективтік құқықтарға басқа адамдардың дауласуы болмау ерекше іс жүргізуде құқық туралы даудың жоқ екендігін білдіреді.

Азаматтық іс жүргізудің жалпы принциптері - заңдылық, диспозитивтік, тең құқылық, тікелейлік және т.б. - ерекше іс жүргізуде қолданылады. Ерекше іс жүргізуде істер азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларынан (іс қозғау, істі әзірлеу, сотта істі қарау және т.б.) өтеді. Дәлелдеудің, хаттама жүргізудің, сот шешімдерін шығарудың және т.б.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға ҚР АІЖК-тің 150, 151-баптарында көзделген талаптарды сот белгіленген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.

Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖК-тің 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды.

Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:

  1. заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

  2. азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

  3. азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

  4. азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;

  5. заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;

  6. жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;

  7. азаматтың хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

  8. нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;

  9. бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;

  10. бала асырап алу туралы істер;

  11. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстер жатады.

ҚР АІЖК-де ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

Ерекше іс жүргізудің басқа сот ісін жүргізу түрлерінен айырмашылықтарын белгілеуге болады. Ол құқық туралы даудың жоқтығы. Бұл іс жүргізуде тараптар, яғни талап қоюшы мен жауапкер жоқ. Ерекше іс жүргізу ісін қозғаған адам арыз беруші болып аталады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге қатысушы үшін мүдделі адамдар (азаматтар, ұйымдар, қаржы мекемелері, әлеуметтік сақтандыру органдары және т.б.) шақырылады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге үшінші тұлғалар қатыспайды. Ерекше іс жүргізуде құқық туралы дау және талап арызы жоқ болғандықтан, онда талап арызын (толық немесе жартылай) тану немесе одан бас тарту, бітімгершілік келісім жасау, талап арызын қамтамасыз ету, қарсы талап, және т.б. ұғымдар қолданылмайды.

      290-бап. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі

      1. Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.       2. Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға осы Кодекстің 150, 151-баптарында көзделген талаптарды сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.       3. Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]