- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді. Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейін прокурор іс бойынша қорытынды жасайды.
Қадағалау тәртібі бойынша қадағалау шағымды немесе наразылықты қарайтын сот алқасы кеңесу бөлмесінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды (наразылықты) қанағаттандырмай тастайды;
ҚР АІЖК 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;
бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап арызды қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады (398-б. 3-б.).
Қадағалау тәртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Алдындағы апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына шағым, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін (ҚР АІЖК 403-бабы).
Қадағалау сатысындағы сот қаулы шығарады және ол шығарған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы ҚР АІЖК-тің 360-бабында апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды (ҚР АІЖК 399-б. 1-б.).
117.Атқаруқұжаттарыныңтүрлерi. Соттың немесе өзге де органның қаулысын және сот бұйрығын өз еркімен орындамау, сондай-ақ атқарушылық құжаттың болуы мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Атқару құжаты дегеніміз атқарушылық іс жүргізу заңмен белгіленген атқару парақтары, сот бұйрықтары, нақты органдардың қаулылары. Яғни:
сот қаулылары (шешімдері, ұйғарымдары) негізінде берілетін атқару парақтары және бұйрықтары;
азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) шығарған қаулылар;
халықаралық және шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары;
прокурордың өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулысы;
заңдарда көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары атқару құжаттары болып табылады.
Атқару құжаты жоғалған жағдайда қаулы шығарған орган заңда көзделген тәртіппен беретін оның көшірмесі өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
Атқару құжаттары мына мерзімдерде:
жалпы юрисдикция соттары шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн бұйрықтар мен атқару парақтары - 3 (үш) жыл iшiнде;
өзге соттар шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары – 6 (алты) ай iшiнде;
еңбек даулары бойынша сот беретiн куәлiктер – 3 (үш) ай iшiнде;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары – 3 (үш) ай iшiнде;
прокурордың қаулылары – 3 (үш) ай iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн.
Аталған мерзiмдер:
мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде соттардың шешiмдерi мен үкiмдер негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - үкiмнiң не шешiмнiң заңды күшiне енген немесе шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту кезiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннiң ертеңiнен бастап, ал шешiм дереу орындауға тиiс болған жағдайларда - оны шығарғаннан кейiнгi күннен бастап;
өзге соттар шешiмдерiнiң негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - осы соттар мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн келесi күннен бастап;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi қаулыларды орындау кезiнде - қаулы шығарылған күннен бастап;
қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.
Мерзiмдi төлемдер өндiрiп алу туралы шешiмдер (алимент өндiрiп алу туралы, мертiктiрумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен келтiрiлген зиянды өтеу туралы және басқа iстер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берiлген барлық уақытта күшiн сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзiм әрбiр төлем үшiн жеке есептеледi.
Сот шешімі заң күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, сот оны аумағы бойынша сот қаулыларын орындауға уәкілетті тиісті органға орындау үшін жіберуге тиіс.
Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.
Атқару парақтарын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда:
атқару құжатын берген соттың атауы;
істің нөмірі және шешім шығарылған күн;
шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);
шешімнің күшіне енген уақыты;
атқару құжаты берілген күн;
өндіріп алушы мен борышкердің атауы, олардың мекен-жайы мен реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады (ҚР АІЖК 236-бабы).
118.Ерекше талап қоюмен iс жүргiзудiң түсiнiгi, мәні, қаралатын істер.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер – азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша сот азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлердің екінші жағынан араларындағы туындаған құқық туралы дауды қарап, шешеді.
Билік өкілеттігі бар органдармен не тұлғамен шығарылған құқықтық актіні сотта шағымданған азамат мемлекеттік органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктермен) келіспейтіні туралы мәлімдейді және оларды заңсыз деп тануды талап етеді. Ал лауазымды адам (мемлекеттік немесе өзге де орган) сотта өз іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) заңды екенін және азаматтың талабы орынсыз екенін дәлелдеу тиіс.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ұқсастығы және бір-бірінен айырмашылығы бар.
Жалпы ұқсастығы:
құқық туралы дау.
АІЖК-де белгіленген талап арызды (арызды) қабылдаудан бас тарту туралы, талап арызды (арызды) қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз қалдыру туралы ережелер (ҚР АІЖК-нің 153, 154, 155-баптары).
Жалпы бір-бірінен айырмашылығы:
талап қою істер бойынша дау азаматтық, отбасылық, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субъектілер өз ара тең құқылы, ал мемлекеттік, әкімшілік және қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан – мемлекеттік қызметкер) үшін билік және бағыну қатынастары тән. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдық-құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең құқылы.
Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шағым немесе арызбен қозғалады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындайтын істер қараудың процессуалдық тәртіп негізін азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерін құрайды, яғни азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жалпы тәртібін.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер ҚР АІЖК-нің 3-бөлімшесінде көрсетілген.
Олардың қатарына келесі істер жатқызылады:
Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 25-тарау).
Жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту жөніндегi арыздар бойынша iс жүргiзу (ҚР АІЖК 25-1-тарау).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 26-тарау).
Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 27-тарау).
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 28-тарау).
Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖК 29-тарау).
119.Прокурордың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Қазақстан Республикасының прокуратура туралы” заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез-келген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез-келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган.
Прокуратураның қызметкері – прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖК 5 тарау 44 бап).
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖК 55 бабы) іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті:
мұның өзі заңмен көзделгенде;
осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК 52 бабы 2 бөлігі).
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің 287, 299, 317-4, 350, 398 баптарында көзделген.
Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады.
Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты.
ҚР-ның прокуратура туралы заңы және ҚР-ның АІЖК-сы азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:
1-сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;
2-іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы.
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. ҚР-ның АІЖК-нің 55-бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты – заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау.
Прокурордың талаптары – заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.
Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
ҚР-сы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі № 60 “Әлеуметтік және экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру” атты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығына немесе жасы ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз беру арқылы сотта қорғай алады.
Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді. Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық қатынас мазмұнына байланысты болады.
Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК 150-баптың 2-бөлігі, 6-тармағы). Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді.
Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖК-нің 27, 28, 31, 32, 35-баптарын басшылыққа алу қажет.
ҚР АІЖК-нің 150-бабы 2-бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың аты-жөнін, мүддесі қорғалатын адамның аты-жөнін көрсетеді.
Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі, заңды және дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың дұрыс және жан-жақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай жағдалардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы, жазбаша және заттай айғақтар арқылы, маманның қорытындысы арқылы дәлелденетінін толық көрсетеді.
Бұлардан басқа, ҚР АІЖК-нің 150-бабы 4-бөлігіне сәйкес прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін арызды мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратының, қандай құқықтың бұзылғанын дәлелді түрде негіздеп, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауы тиіс. Ал азаматтардың мүдделерін қорғау үшін берілген талап арызда азаматтың өздігінен талап қою мүмкіндігі жоқтығын негізгі түрде дәлелдеп көрсетеді, арызға, әрекет қабілеті жоқ адамның мүдделерін қорғау үшін арыз берілетін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюға келісім бергенін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. ҚР АІЖК-нің 151-бабына сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді.
Талап арызға прокурор қол қойып, өзінің сыныптық шенін, арыздың сотқа жіберілген уақытын көрсетеді.
