Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

43. Еріксіз келтірутолықтыру керек

  1. Еріксіз келтіру – бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден қасақана жалтарған жағдайда сотқа мәжбүрлеп әкелу. Осы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымын шығарады, ал оны жүзеге асырумен (орындаумен) сот приставы немесе ішкі істер органдары айналысады.

44-сұрақ. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң түсiнiгi, түрлерi, оларды есептеу.

Іс жүргізу мерзімдері – бұл талап (талап арыз, арыз, шағым) бойынша азаматтық істерді қозғау, қарау мен шешу (шешім шығару), оларды (апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша) қайта қарау тәртібін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген мерзімдер.

Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдер ішінде жасалуға тиіс. Бұл әрекеттер соттың азаматтық істерді қарауынан, соттың және азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады.

Іс жүргізу мерзімдерін белгіленуі сотта азаматтық істердің тез және дұрыс қаралуына көмектеседі. Іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы мәліметтер ҚР АІЖК 123-128 баптармен қарастырылған. Іс жүргізу мерзімдерін жаратылысы бойынша екі нысанға бөлуге болады:

  1. заңмен белгіленген мерзімдер;

  2. сотпен белгіленген мерзімдер.

Жоғарыда аталған іс жүргізу мерзімдер түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы келесіде:

  • заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімі сотқа және басқа да азаматтық іске қатысушыларға міндетті;

  • заңмен белгіленген іс жүргізу мезімін сот және тараптар, іске қатысушылар өзара келсімдері бойынша өзгерте алмайды;

  • сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі аз аматтық іске қатысушыларға байланысты тек сотпен бекітіледі;

  • сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі соттың өзімен керек болған жағдайда өзгертілуі мүмкін және іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбесе, оны сот тағайындайды (ҚР АІЖК 123 бабы 2 бөлігі).

Азаматтық істерді қарау мерзімдер.

Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5(бес) күн мерзімде ол бойынша сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқы бар.Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7(жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған сәттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.

Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]