Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.

36-бап. 1. Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.        2. Егер:        1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;        2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;        3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;        4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.        3. Істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.        4. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.

22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.

Талап - бұзылған немесе дауланатын құқық, я заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну. (В.Н.Щеглов, К.С.Юдельсон).

Талаптың элементтері: бір ғалымдардың ойынша талаптың элементтері болып пәні, негізі және мазмұны табылады. Ал басқаларының ойынша, пәні, негізі және тараптар. Үшіншілерінің ойынша тек қана пәні мен негізі бар.

Пәні болып субъективті құқық, заңи міндет немесе материалды құқықтық қатынастар табылады.

Талаптың негізін талап қоюшы талап-арызын шығаратын мәліметтер құрайды.

Талаптың мазмұны болып арызданушының талап етуі, яғни белігілі бір мағынадағы соттың қаулысы табылады.

Тараптары Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.

Түрлері. 1. Орындаушы

2. Тану туралы (анықтау)

3. құқықтық қатынастардың тоқтатылуы және өзгертілуі туралы.

23. Сотта өкілдік ету ұғымы

Сотта өкілдік ету – сот және өкіл арасындағы және өкілдік етуші және өкіл етуші арасындағы белгілі бір істі қарау барысында пайда болған азаматтық іс жүргізудің жеке-дара институты.

24. Сотта өкілдік ету түрлері

Екіге бөлінеді: тапсырма бойынша өкілдік ету және заңды өкілдік ету.

59-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету

     Мына адамдар: 

    1) адвокаттар;        2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;        3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;        4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;        5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;        6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;        7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

 63-бап. Заңды өкілдер

      1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары, патронат тәрбиелеушілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды.        2. Хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам қатысады.        3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.        4. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

25. Соттағы өкілдің өкілеттіктері және оларды ресімдеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]