Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

90. Шешімді орындау.

236-бап. Шешімді орындау

  1.       1. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады.      2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi. қараңыз.U101039       Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарабы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.       3. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.       4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда:       атқару құжатын берген соттың атауы;       істің нөмірі және шешім шығарылған күн;       шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);       шешімнің күшіне енген уақыты;       атқару құжаты берілген күн;       өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен сәйкестендiру нөмiрi, немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi;       борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттерi туралы мәлiметтер (eгep iстiң материалдарында бар болса), оның банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi (eгep iстiң материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәлiметтер (егер iстiң материалдарында бар болса), банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлуге тиiс.       Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi. қараңыз.U101039       5. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшiрмелерi, егер оның iшiнде талапты қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктiң тұрған жерi және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың көшiрмелерi iс материалдарында бар болса, қоса тiркеледi. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады. Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.       6. Атқарушылық іс жүргізу органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл туралы хабардар етуге, не орындаудың белгіленген іс жүргізу мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]