- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қортынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.
Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қортынды береді.
Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.
63. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері, нысандары, құқықтары мен міндеттері.
ҚР АІЖК-сі бойынша мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар сотқа өздерінің емес басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Аталған органдар мен тұлғалардың процеске қатысу мақсаты келесіде:
басқа тұлғалардың (азаматтар мен ұйымдардың) субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін;
қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін.
Сотта аталған тұлғалар азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін соңғылардың рұқсатын алуы тиіс. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін (ҚР АІЖК 56-бабы, 1-бөлігі).
ҚР АІЖК басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың екі нысанын белгілейді:
сотқа талап қою арқылы жүгіну;
іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысу.
Аталған екі нысанға ортақ белгі – ол іс бойынша субъективтік (материалдық-құқықтық) мүдденің жоқтығы. Бұл екі нысан бойынша іс аяқталуына мүдделері сәйкесті органдарға заңмен жүктелінген міндеттерден туындайды (мысалы, ҚР АІЖК 96-бабы бойынша – сарапшы немесе ҚР “Неке және Отбасы туралы” заңы бойынша – қорғаншы мен қамқоршы қызметкері). Осы екі нысан бойынша іске тек мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатыса алады, ал қалған азаматтар және ұйымдар басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою арқылы қатысады.
Мұндай құқық мүддесі қорғауға жататын тұлғаның сотқа жүгінуге құқығы болғанда және талап қою тәртібін сақтағанда ғана жүзеге асырылады (ҚР АІЖК-нің 3, 8, 14 тараулары). Аталған тұлғалар мен органдар прокурормен салыстырғанда кез-келген азаматтық іс қозғауға құқығы жоқ, тек заңмен көзделінген істерді қозғауға құқылы. Соңдықтан ҚР АІЖК 154-бабы, 1-бөлігінің, 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органға және өзге де тұлғаларға сот талап арызды қайтарып жібереді, егер олардың арыз беруге өкілеттігі болмаса.
Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
ҚР АІЖК-мен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру (1) және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау (2) мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін мынандай шарттар белгіленеді:
бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін;
өз бастамашылығы бойынша;
іске қатысушы тұлғалардың (тараптардың, үшінші тұлғалардың, прокурордың) бастамашылығы бойынша;
сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.
Судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізгенде іс бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдар қатысу мәселесін шешеді (ҚР АІЖК-нің 170-бабы 7-тармақшысы).
Әдетте, іс материалдарымен алдын ала танысып және зерттеу жүргізген соң мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары сотқа жазбаша нысанда өз қорытындыларын ұсынады (ҚР АІЖК 209-бабы). Кейбір жағдайларда қорытынды органдардың өз бастамасы бойынша және сотта іс қозғалғанға дейін құрылып дайын болуы мүмкін (мысалы, балаларды тәрбиелеумен байланысты даулар бойынша қорғаншы мен қамқоршы органдардың қорытындысы).
Іс бойынша барлық дәлелдемелер зерттелген соң және іске қатысушылардың түсініктемелерін тыңдағаннан кейін сот отырысында мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қорытындысын олардың уәкілетті өкілдерімен жария етіледі. Сот іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.
Іс бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қорытындылары маңызды (ҚР АІЖК 64-бабы 2-бөлігі), бірақ ол сот үшін міндетті болып табылмайды (ҚР АІЖК 96-бабы 7-бөлігі).
Мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді (ҚР АІЖК 211-бабы 3-бөлігі).
Азаматтық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары:
білім департаменті;
денсаулық сақтау департаменті;
еңбек және әлеуметтік сақтандыру басқармасы;
тұрғын үй-коммуналдық орган (жеке меншік пәтер иелерінің кооперативі);
қаржы органы;
қорғаншылық және қамқоршылық орган және т.б.
64. Бұйрық арқылы іс жүргізудің түсінігі
Бұйрық арқылы іс жүргізу – бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір түрі (ҚР АІЖК 2-бөлімнің 1-бөлімшесі).
Бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша қозғалады.
ҚР АІЖК-нің 21-бап 1-тармағына сәйкес сот азаматтық істер жөніндегі сот актілерін шешім, ұйғарым, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.
Сот бұйрығы азаматтық іс бойынша шығарылатын болғандықтан оны шығарардан бұрын судьяның ұйғарымымен іс қозғалады. Бұл ұйғарым шағымдануға жатпайды.
Сот бұйрығы – бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығы- атқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.
Сот бұйрығы (сот қаулысына қарағанда) азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, бірақ оңайлатылған нысанда, бұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушы және борышкер - өндіріп алушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мүлікті талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы – мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мүлікті өндіріп алу – бұл ережелерге сәйкес келмейді.
Сот бұйрығы АІЖК-нің 140-бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:
Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердің міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе судья арыз қабылдаудан бас тартады.
Жоғарыда аталған талаптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісім-шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса). Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп тұрса, судья сот бұйрығын беруден бас тартады.
Сот бұйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.
Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын беруге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мәлім етілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.
Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді (ҚР АІЖК 149-бап 1-бөлігі).
65. Сот бұйрығының күшін жою
1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. 1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды. 2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.
