- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
Сот бұйрығы – бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі.
Сот бұйрығы- атқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.
Сот бұйрығы (сот қаулысына қарағанда) азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, бірақ оңайлатылған нысанда, бұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушы және борышкер - өндіріп алушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мүлікті талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы – мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мүлікті өндіріп алу – бұл ережелерге сәйкес келмейді.
Сот бұйрығы АІЖК-нің 140-бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:
Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердің міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе судья арыз қабылдаудан бас тартады.
Жоғарыда аталған талаптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісім-шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса). Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп тұрса, судья сот бұйрығын беруден бас тартады.
Сот бұйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.
Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын беруге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мәлім етілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.
Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді (ҚР АІЖК 149-бап 1-бөлігі).
Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмұнында:
жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
өндіріп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
борышкердің тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттерi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгіленуі;
егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жоғарыда аталған 1)-5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп – бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі (ҚР АІЖК 146-б.).
Судья қол қойған сот бұйрығы екі данада жасалады, оның біреу сот жүргізетін істе қалады, екіншісі соттың мөрімен куәландырылады және өндіріп алушыға береді. Бұл сот ісін жүргізудің оңайлатылған ерекшелігі, сол сот бұйрығы:
сотта істі қараусыз;
өндіріп алушыны және борышкерді шақырмай-ақ;
және олардың түсіндірмелерін тыңдамай-ақ беріледі.
Оған қоса процессуалдық әрекеттер жасалғаны туралы хаттама жүргізілмейді. Сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа, оның сипаттау және дәлелдеу бөліктері жоқ, тек атқару парақтарында көрсетілетін мәліметтер бар.
Даусыз талаптардың түпкілікті тізімі ҚР АІЖК-нің 140-бабында көрсетілген.
Сот бұйрығы судьямен жеке-дара шығарылады:
егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса;
8) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.
