- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
Азаматтық істерді қарау мерзімдер.
Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5(бес) күн мерзімде ол бойынша сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқы бар. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7(жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған сәттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі мерзімде қаралып,
шешіледі.
61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері: талап қоюмен іс жүргізу, бұйрық арқылы іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізу, ерекше іс жүргізу болып табылады.
Талап қою бойынша іс жүргізу істері: азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері: мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге дау айту туралы және т.б. (ҚР АІЖК 25-29 тарау)
Ерекше іс жүргізу істері: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы; азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы; азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы; азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы; жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы; азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы; нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша; бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқытарын қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Бұйрық арқылы іс жүргізу- бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір түрі (ҚР АІЖК 2-бөлімнің 1-бөлімшесі).
Бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша қозғалады.
ҚР АІЖК-нің 21-бап 1-тармағына сәйкес сот азаматтық істер жөніндегі сот актілерін шешім, ұйғарым, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.
Сот бұйрығы азаматтық іс бойынша шығарылатын болғандықтан оны шығарардан бұрын судьяның ұйғарымымен іс қозғалады. Бұл ұйғарым шағымдануға жатпайды.
62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
Прокуратураның қызметкері – прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖК 5 тарау 44 бап).
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖК 55 бабы) іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті:
мұның өзі заңмен көзделгенде;
осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК 52 бабы 2 бөлігі).
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің 287, 299, 317-4, 350, 398 баптарында көзделген.
Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады.
Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты.
ҚР-ның прокуратура туралы заңы және ҚР-ның АІЖК-сы азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:
1-сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;
2-іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы.
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. ҚР-ның АІЖК-нің 55-бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты – заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау.
Прокурордың талаптары – заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.
Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
ҚР-сы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі № 60 “Әлеуметтік және экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру” атты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығына немесе жасы ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз беру арқылы сотта қорғай алады.
Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді. Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық қатынас мазмұнына байланысты болады.
Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК 150-баптың 2-бөлігі, 6-тармағы). Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді.
Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖК-нің 27, 28, 31, 32, 35-баптарын басшылыққа алу қажет.
ҚР АІЖК-нің 150-бабы 2-бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың аты-жөнін, мүддесі қорғалатын адамның аты-жөнін көрсетеді.
Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі, заңды және дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың дұрыс және жан-жақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай жағдалардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы, жазбаша және заттай айғақтар арқылы, маманның қорытындысы арқылы дәлелденетінін толық көрсетеді.
Бұлардан басқа, ҚР АІЖК-нің 150-бабы 4-бөлігіне сәйкес прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін арызды мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратының, қандай құқықтың бұзылғанын дәлелді түрде негіздеп, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауы тиіс. Ал азаматтардың мүдделерін қорғау үшін берілген талап арызда азаматтың өздігінен талап қою мүмкіндігі жоқтығын негізгі түрде дәлелдеп көрсетеді, арызға, әрекет қабілеті жоқ адамның мүдделерін қорғау үшін арыз берілетін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюға келісім бергенін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. ҚР АІЖК-нің 151-бабына сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді.
Талап арызға прокурор қол қойып, өзінің сыныптық шенін, арыздың сотқа жіберілген уақытын көрсетеді.
