Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Жаратылыстану

Балаларды үйрету:

- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;

- жануарлар әлемі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға;

- табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады,құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;

- суреттен жануарларды тауып, атауға;

- жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;

- көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.

Бақылау:

- ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);

- аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);

- үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);

- маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылауға машықтандыру.

Күтілетін нәтижелер:

- жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерге ие;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды;

- табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;

- суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;

- көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;

- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқайды;

- үй құстарының, аулаға ұшып келетін құстардың сипаттық ерекшеліктерін атайды,табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды;

- ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;

- ересектердің еңбегіне құрмет танытады.

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту.

Міндеттері:

- бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

- қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;

- желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;

- бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;

- балаларды суретшілердің суреттерімен таныстыру;

- материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;

- балалардың ән айту қабілеттерін, музыкамен қимылдар жасауға қызығушылықтарын қалыптастыру;

- балаларды шығармашылыққа деген қызығушылыққа,сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту.

Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту.

Сурет салу техникасын жетілдіру.

Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету(жаңбыр, қар, жол, түтін),парақ бетінде бейнені орналастыру.

Балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоциалы- эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

- дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;

- қағаздың қасиеттерін біледі;

- қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен);

- түрлі-түсті қарындаштардың, фломастерлердің түстерін ажыратады және дұрыс атайды;

- қарындаштармен, фломастерлермен айналмалы қозғалыстар орындайды;

- өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.

Мүсіндеу

Балаларда сазбалшық және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру. Сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру.

Техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.

Күтілетін нәтижелер:

- сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;

- сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;

- мүсіндеудің тәсілдерін меңгерген (үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);

- бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді;

Жапсыру

Фланелеграфтағы бейнелерді (сызықтарда, шаршыда) қағаз бетіне қоюды және құрастыруға үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

- фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;

- фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, т.б. орналастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;

- фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;

- орындалған жұмысқа қуана біледі.

Музыка

Музыка тыңдау

Музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру.

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.

Ән айту

Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру.

Әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларын қалыптастыру:

- музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

- пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты- баяу);

- музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;

- қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;

- әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;

- бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік- ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;

- жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;

  • мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.