Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қосымша 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
512 Кб
Скачать
☆

Спорттық ойындардың элементтері

Кегли. Дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру.

Футбол . Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға домалату.

Хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға домалатып кіргізу.

Дербес қимыл белсенділігі

Балалардың доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру.

Шынықтыру және сауықтыру жұмысы

Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды , денені шаю, сауықтыруға арналған жүгіру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.

Мәдени- гигиеналық дағдылар

Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.

Жалпы дамытушы жаттығулар Қолға және иыққа арналған жаттығулар

Қолдарды басқа қою, оларды екі жаққа созу және түсіру. Орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымен сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру, таяқты (құрсау) жоғары көтеру, иықтан асырып түсіру, бастапқы қалыптан қолдарды буынынан жан-жағына айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар

Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Аяққа арналған жаттығулар

Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Аяқтың саусақтарымен жіпті жинау; құмы бар қаптарды іліп алып, бір орыннан басқа орынға ауыстыру. Қосалқы қадаммен жүру. Тұрған қалыпта аяқ саусақтарымен орамал және басқа ұсақ заттарды іліп алып оларды басқа орындарға қою. Аяқ өкшесін айналдыру.

Күтілетін нәтижелер:

- гигиеналық шаралардың орындалу реттілігін біледі және оларды дербес орындайды;

- негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына ие;

- дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына қызығушылық танытады;

- педагогтің көрсетуімен ертеңгілік жаттығудың кешендерін орындайды;

- өздігінен түрлі ойындар ойнайды, ойын ережелерін сақтай алады;

- спорттық ойындардың элементтерін орындай алады;

- шынықтыру түрлерін, өз-өзіне қызмет көрсетудің дағдыларын игерген.

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ;

- драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: қоғамдық ортада инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

- балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;

- балалар әдебиетіне, сөзге қызығушылықты дамыту.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстау мәдениеті

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.

Сөздік қор

Балалардың сөздік қорларын адамдардың мамандықтарының атауларын, заттардың бөліктерін, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.

Келесі дағдыларды қалыптастыру:

-тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;

- сөздік қорын жалпылауыш мағыналы сөздермен байыту;

- заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру;

- ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Дағдыларды жетілдіру:

- байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

- жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын дамыту;

- әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру;

- сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру;

- тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды кеңінен қолдану.

Байланыстырып сөйлеу

Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.

Сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру.

Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету.

Шығармашылық сөйлеу әрекеті

Театрландырылған әрекетке, драматизация ойындарына және қуыршақ спектакльдеріне, саусақ ойындарына балаларға түсінікті «қуыршақты жүргізу» техникасын қолдана отырып, қатысу ниеттерін дамыту.

Шығармаларды қабылдау

Ұйқас пен сөз ойындарына деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Кейіпкерлердің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру, ұсынылған тақырып бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету.